Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет4/101
Дата23.07.2022
өлшемі338,91 Kb.
#37877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
психология

Әлеуметтік психология - адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Әлеуметтік стереотип - әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б.) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік стереотип индивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпараттың тапшылығы жағдайында қалыптасады.
Әңгімелесу, әңгіме - мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде, адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.
Әрекет - іс-қимыл бірлігі (единица); саналы түрдегі мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын еркін, ниеттік белсенділік.
Әрекет, амал - адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі. Әрекет қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Адамның әрекетке ұмтылуына негізгі түрткі болатын ниет. Ниетті мақсаттан бөліп алып қарауға болмайды. Ойға алған ниетті іске асыру үшін адам алға мақсат кояды да, мақсатты іске асыру үшін іс-әрекетке кіріседі. Іс-әрекет арқылы мақсат, ниет орындалада.
Әрекеттену - іске адамның өздігінен кірісуі. Ол өзіндік ниеттен туындайды және адамның өзіндік белсенділігін қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.
Әсемдік - зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның моральдық және сымбаттық көркінде, көркемөнер шығармаларында көрініп, көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.
Әсемпаздық - адамның өзінің жеке басына қатысты түрде алғандағы әсемдікке көзқарасы мен талғамындағы қиғашық; ол оның киінуі, сыланыпсипанып, күтіну машығынан көрінеді.
Әуесқойлық - психологиялық күй, ол субъектінің сараланбаған, аңғарылмаған немесе жеткілікті түрде аңғарылмаған қажеттілігін білдіреді. Әуесқойлық өтпелі құбылыс болып табылады. Өйткенді онда көрініс тапқан қажеттілік не бәсеңсіп өшеді немесе аңғарылып, нақты тілекке, ниетке, арманға т.б. айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет