Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»



бет15/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
10-тақырып. Ата-аналарға кеңес.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.
Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстары жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп,баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар көмек беруі керек,ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

1.Баламен тез қоштасып үйреніңіз,қоштасуды созбаңыз.

2.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп,тыныштануы ұзаққа созылады.

3.Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

4.Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып,балаңызды алдарқатпаңыз.

Ата-аналарға кеңес:

• Үйде балабақшада сияқты күн тәртібін орнату;

• Баланың тамақтану режимін, рационын балабақшадағыдай ұйымдастыру;

• Баланың қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасау;

• Балабақшаға бармас бұрын сол балабақша маңына қыдырып барып, тәрбиешілер мен балалар әрекеттерін баламен бірге бақылап тұру;

• Баламен ойыншықтарды қатыстырып «балабақша» ойынын ойнау;

• Баланың сүйікті ойыншығын балабақшаға бірге алып бару;

• Баланы оған таныс балалар бар топқа беруге тырысу;

• Балаға өзін жайлы сезінетін киім кигізу;

• Балабақшадан кетерде баламен ұзақ қоштасу жасамау;

• Кешке алып кетерде жақсы, жағымды көңіл күйде болу.

Балабақшаға баратын бала не білу керек?

Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуы тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады. Үш жастағы бала дербестілік дағдыларын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.

Баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» - деп айтпаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» - демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» - деп, үйретіңіз






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет