Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»


-тақырып. Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңдері



бет13/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Силабус Жас балаларды дамыту және білім беру (1)

7-тақырып. Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңдері. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.

Бейімделудің үш түрі болады:

1. Жеңіл бейімделу – баланың мінез құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

2. Орташа бейімделу – 1айдың ішінде;

3. Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін созылады.

Жеңіл бейімделу кезінде бала 10-15 күнде өз қалпына келеді. Бірінші аптаның аяғында тамаққа деген тәбеті орнына келеді. Екінші аптаның аяғында ұйқысы қалпына келеді. Мектепке дейінгі балалардың сезімі әр түрлі болады. Біреуі көңілді, біреуі тұйық, біреуі салмақты. Көңілді балалар мен салмақты балалар ересектермен яғни тәрбиешілерімен, құрбыларымен қоршаған ортаға тез бейімделеді. Тұйық балалардың сөйлеу қабілеттерінде, қылықтарында ұяңшылдық байқалса да, тәрбиешінің айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Жеңіл бейімделуде бала 1 немесе 2 рет ауырып қалуы мүмкін.

Орташа бейімделу кезінде ұйқысы мен асқа деген тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың сезімі тұрақсыз болады. Ата-анасымен, туыстарымен қоштасарда және кездесерде долданып, айғайлап жылайды. Құрбыларына деген қарым-қатынасы немқұрайлы болады. Сөйлеу белсенділігі төмен болады. Ересектер мен балалар арасынан қарым- қатынасқа түсу үшін таңдай бастайды және белгілі жағдайда ғана қатынасқа түседі. 2 апта бойы балада екі бетінің қызаруы, терлеуі, тері аурулары т.б. өзгерістер болады.

Күрделі бейімделуде баланың дұрыс ұйықтамауынан байқауға болады. Ол түсінде айқайлап, тұрған кезде жылап тұрады. Тәбеті болмай тамақ ішпейді, сонымен бірге іші өту, құсу, кекештену, қорқыныш, үрей пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай, жұлынып, долданып айғайлай бастайды. Бала белсенділік танытпайды. Құрбылырымен қарым-қатынас болмайды. Күрделі бейімделу кезінде аурулары асқынады. Сөйлеу қабілеттері нашар болады.

Баланың балабақшаға бейімделгені туралы келесі жағдайлардан байқауға болады:

Бала тәбетінің жақсы болуы;

• Тез ұйықтауы;

Дәл уақытында тұруы;

• Айналадағы балалармен жағымды қарым-қатынаста болуы;

Салмақ қосуы;



• Ойыншықтармен ойнауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет