барлық
облыстары
мен
аудандарында, ауылдарда өз тәжірибесін жаңаша ұйымдастырып,
жаңа форматты мұғалім санатында табысты жұмыстар атқаруда.
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі –курстан кейін де мұғалімдермен
үнемі белсенді кері байланыс және педагогикалық рефлексия. Тренер
тәжірибесіндегі
рефлексия
оның
педагогикалық
әрекетінің
табыстылығы мен тиімділігін зерделеуде үлкен маңызға ие.
Психологияда қарым-қатынас деп адамдар арасында бір-бірімен
психологиялық тұрғыда қандай да бір мақсатты, тура немесе жанама
байланысты орнату немесе қолдауды айтады. Бұл анықтамада
маңыздысы
қарым-қатынастың
әлеуметтік
табиғаты
нығаяды.
Адамдар арасындағы байланысты орнату және қолдауды оның
барлық қатысушылары жүзеге асырады. Олардың қарым-қатынастың
табыстылығына деген белсенділігі мен қызығушылығы әртүрлі болуы
мүмкін,
дегенмен
қарым-қатынастың
әрбір
қатысушысы
оның
субъектісі болып табылады.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен қызметтің
қажеттіліктерінен туындайтын байланыс орнату мен дамытудың
күрделі үдерісі, ол ақпарат алмасудан, өзара әрекеттің бірегей
стратегиясын жасаудан, басқа адамды қабылдау және түсінуден
тұрады [1].
Коммуникация – өзара түсіністікке алып баратын ақпарат
алмасудың екі жақты үдерісі. Коммуникация латын тілінен аударғанда
«өзгелермен бөлісетін жалпы» дегенді білдіреді.
Табысты сабақ беру мен оқытудың мәні – оқыту үдерісінде жеке
тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан
тұрады.
Аталған
ұстанымды
басшылыққа
ала
отырып,
өз
сабақтарымды
аудиторияда
ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру тренингтерінен бастаймын. Бұл сабақ берудің дәстүрлі
түріне дағдыланған мұғалімдер үшін жаңа әдістердің бірі ретінде
қабылданады. Сабақтарымда менің көздегенім – сындарлы оқыту
теориясына негізделген белсенді сабақ беруге көшетін жаңашыл
ұстаздарды барлық жаңа әдіс-тәсілдерді өз бойынан өткізуі үшін
оқушының орнына қою арқылы сезіндіру және өз сабағыма жеті
модуль идеяларын тиімді ықпалдастыру.
Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімдерді және
оларды оқу үдерісінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру
қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуына,
олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек. Тренер –
199
оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін,
ақпараттардың қайнарларын, білім беру бағдарламаларын меңгерген
маман. Осы қағидаларды мен де өзімнің тренерлік тәжірибемде негізге
алдым.
Бүгінгі күннің мұғалімге қоятын талаптарына сәйкес әр мұғалім
бала жүрегіне жол таба білетін білімді де білікті маман болуы керек.
Осыған байланысты сындарлы оқыту теориясына негізделген
Бағдарламаның мақсаты – мұғалімдерді қарқынды өзгеріп жатқан өмір
жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайындау. Сонымен қатар,
мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі
реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог
жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық
технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ
маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру
үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету
[Бағдарлама, 5-б.].
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз тәжірибемде курсқа
келген мұғалімдердің біліктілік деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере
отырып, бағалау тақырыбын ашуға арналған сабақтарымды мазмұнды
жоспарлап, табысты оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет деп білемін.
Табысты оқу үшін қажетті шарттарға: білім алушының оқуға
дайындығы; оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану білігі;
білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану; шынайы өмірлік
жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі; дұрыс пікірдің, оқытушы-
тренерлердің білім алушылардың әрекеттерін шынайы бағалаудың
дер кезінде болуы.
Тренер ретінде менің табыстылығымның белгісі – аудиториядағы
мұғалімдердің сапалы білім алғандығы болып табылады, демек мен
үшін өткізген сабақтарымның табысты да сапалы болуы өте маңызды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліне байланысты
өткізген сабақтарымның тақырыптары: «Бағалау үдерісінің мақсаты.
Оқыту үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?» және «Оқытуды жоспарлауда
ОүБ әдістемесін пайдалану. Сабақта ОүБ әдістемесін пайдалану».
Жалпы мақсаты: Бағалау мақсатын зерделеу және оны оқу үдерісін
жетілдіру
үшін
қолдану.
Оқыту
үшін
бағалауды
оқушыларға
көмектесетін басты әдіс ретінде қарастыру болды.
Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен
мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың
ортақ түсінігі болуға тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін
деңгейді бағалай алады Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің,
жартылай жетістік немесе жетістіке жетудегі кемшіліктің неден
құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өз күші неде екенін
және оны жетілдірудің саласы қандай екенін бағалай алады (Ресурс
TrHW3_D2_ Exemplars_ Оқыту үшін бағалау.doc).
200
Сабақтың тақырыбы бағалаумен байланысты болғандықтан,
басты назарда «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі
болды. Осыған байланысты сабақтарымда ұстанған қағидаларым:
-
Бағалау – оқу үрдісінің маңызды бөлігі және тәжірибедегі тиімді
әдіс;
-
Бағалауды әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жүзеге асыру
қажет;
-
Бағалау оқу сапасын сипаттайтын дамытушы үдеріс болуы тиіс;
-
Бағалау оқушының өзін-өзі бағалау қабілетін дамытатын және
әрдайым өзінің білімін жақсартуға бағыттайтын ынталандыру
құралы болуы керек.
Бағалау мақсатын ашу үшін сабақтың әрбір кезеңіндегі
тапсырмаларды, тренингтерді бағалаумен байланыстырдым. Мысалы,
«Менің бойымдағы 3 жақсы қасиет» тренингі арқылы мұғалімдер өзін-
өзі бағалады. Оның ішінде: Асемнің (информатика пәнінің мұғалімі)
жақсы қасиеттері: шыншылдық, жаңалыққа жаны жақын, жоғары
жауапкершілік болса, Лаура (бастауыш сынып мұғалімі) өзінің жақсы
қасиеттеріне: өзін-өзі реттеу, достыққа берік, мақсатшылдықты
жатқызған.
«Біз білікті ұстаздар» тренингі де мұғалімдердің «Менін»
күшейтіп, «Білікті мамандар», «Үлгілі ұстаздар», «Білімді мұғалімдер»,
«Жаңашыл педагогтар», «Мықты көшбасшылар» тобына бірігуін
қамтыды. Жаңашыл педагогтар құрамындағы Ерлан (ағылшын тілі
мұғалімі) осы курста оқу мен оқытудың жаңа әдістерін үйреніп, өз
практикасын өзгертіп, жаңашыл ұстаз болатынын айтып өтті.
Көшбасшылар тобындағы Лаура (қазақ тілі мұғалімі) осы Бағдарлама
бойынша жаңа білімдерді игеріп, мектептегі әріптестерінің арасында
көшбасшы болуды жоспарлайтынын айтып, Ерланды қостады.
Алдын-ала
жүргізілген
диагностика
негізінде
курстағы
мұғалімдердің
ұсынысына
байланысты
сабақтарымда
әртүрлі
тәсілдерді қолдануды жоспарладым. Мысалы, «Автор орындығы»,
«INSERT», «Еркін жазу» тәсілі, «Кезбе тілші», «Джигсо» стратегиясы,
«Болжау» әдісі, «Сұрақтар сандығы», «Эссе», «Соңғы бес минут»,
«Бағдаршам», «Бағалау сэндвичі», т.б. Әрбір стратегияның мазмұнын
жеке тапсырмаларды орындау арқылы түсіндірдім. Сабақта қолданған
әдіс-тәсілдер, тренингтер мен тапсырмалардың мазмұны топтың
сапалық және жас ерекшеліктеріне байланысты болуына мән бердім.
«Менің бағалау туралы ойларым» тақырыбына эссе түрінде
жазылған үй тапсырмасын тексеруде «Автор орындығы» сәтті тәсіл
болды. Себебі мұғалімдердің үй тапсырмасын тексеруге көп уақыт
жоғалтатыны және бұл үрдісті тек баға қою үшін ғана қолданантыны
белгілі. Біздің жағдайда әрбір топ дайындап келген жұмыстарын
талқылап, ең үздігін таңдады, ең үздік эссе авторы өз жұмысын барлық
әріптестеріне таныстырды. «Сыныпта үздік жұмысты анықтау енді
мұғалімнің ғана жұмысы емес, оқушылардың өзі араласатын үрдіс
201
және таңдау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау оқушының да қолынан
келеді екен» - бұл мұғалімдердің түйген ойы болды. Мұндай жұмыс
түрі оқушылардың диалог арқылы сыни ойларын дамытады. Осындай
топтық жұмыста оқушылар қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі
реттейді. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі – оқушының үй тапсырмасын
орындауға жауапкершілігінің артуы. Осы тәсіл арқылы мұғалімдер үй
жұмысын оқушылар өздері қалай тексереді деген сұрақтарына жауап
алды.
«Үздік эссе» авторлары – Лаура, Перизат, Дана, Ердәулет,
Сандуғаш өздерінің бағалау жүйесіне сыни талдау жасаған. Олар осы
курста оқушы орнында болу арқылы өздерінің тәжірибесінде мән
бермейтін сәттері бар екендігін мойындайды.
Ердәулеттің жазбаларынан үзінді: «Бағалау бұл күнделікті сабақ
процесінде қолданылып отырады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде 5
балдық бағалау жүйесімен бағалаймыз және күнделікті 3-4 оқушыға
баға қойып, журналға енгіземіз. Бағалау сабақтың қорытынды бөлімі
болатын,
оқушылардың
бағасын
барлығы
еститіндей
етіп
жариялайтынбыз. Енді міне, жаңаша оқыту бағдарламасына келіп,
бағалаудың бірнеше түрі бар екендігін түсіндім. Бағалау туралы
қалыптасқан көзқарасым өзгерді...
«Үздік эссені» анықтауға бағытталған топтық жұмыс кезінде
топтарға
«Белсенділіктеріңіз
жоғары!»,
«Ұйымшылдықтарыңыз
тамаша!», «Жұмысты жандандыра түсу керек!» деген сияқты құптау
мен ұсыныстар жазылған стикерлер тараттым. Мұғалімдер бұл
формативті бағалаудың бір тәсілі екенін түсінді.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым қатынас оқуда
маңызды рөл атқаратынын: «Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс
істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға
қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-
қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеу және
қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие
болады» деп көрсеткен (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Осының
негізінде портал ұсынған материалдармен таныстыру үшін түрлі
стратегиялар қолдандым. Негізгі бағыт – бірлескен оқу әдісі бойынша
топтық жұмыс түрінде болды. Мұнда Мерсердің (2005) құрдастар
тобындағы өзара қарым-қатынас пен құрдастардың бірін-бірі оқытуы,
«мұғалім-оқушы» емес, «оқушы-оқушы» түріндегі симметриялы іс-
әрекеттің тиімді екендігіне көз жеткіздік.
«Курсқа дейінгі бағалау туралы пікір» ресурсы мұғалімдердің
баға және бағалау туралы ойларын тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Ресурс бойынша жеке жұмыс барысында әрбір мұғалім сауалдағы 20
сұрақ бойынша «Толығымен келісемін», «Келісемін», «Жауап бере
алмай тұрмын», «Келіспеймін», «Үзілді-кесілді келіспеймін» түріндегі
жауапты көрсету арқылы өзін-өзі бағалады.
202
Сабақтарымда бағалау үрдісі (формативті бағалау) сабақтың
табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында сабақтың өн бойында
көрініс тапқан оқыту әдісі ретінде жүрді. Формативті бағалауды сабақта
әдіс ретінде ұстану тиімді, сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» тәсілі бойынша
бағалау жүйесін талқыланған топтық жұмысты бағалауда топтағы
мұғалімдердің бірін-бірі және топтың жұмысын критерий бойынша
бағалау жүзеге асырылды.
Топтық жұмыс барысында оның нәтижесі ғана емес, оның қалай
дайын болғаны да маңызды болып табылады. Оқушының топта жұмыс
істей білу шеберлігі де есепке алынады. Топ жұмысы өзара кері
байланысты жүзеге асыратын жұмыс түрі, сондықтан мұнда
формативті бағалау үлкен маңызға ие. Бұл тек баға қоюға қатысты
емес болуы керек.
Тақырыпты қорыту кезеңіндегі «Кезбе тілші» тәсілі арқылы
ұйымдастырылған тапсырмада мұғалімдер сыни ойлау қабілеттерін
көрсетіп, белсенділік танытты. Дана телестудияға телефон соғып,
мұғалімдердің білімін арттырудың деңгейлік курстарында дәстүрлі
оқыту әдісінен бас тартып, сындарлы оқыту теориясы негізінде
жаңаша оқыту қажеттілігін білгенін айтып, бүгінгі сабақ тақырыбы
бойынша бағалаудың өзі дәстүрлі бағалаудан өзгеше екендігі туралы
хабарлады. Телестудиядағы диктор Ердәулет бұл туралы деректерді
толықтырып, жиынтық ақпарат береді. Тілші Сандуғаш оқиға орны –
аудиториядан жедел ақпарат ұсынды. Куәгерлер – аудиториядағы
мұғалімдер Лаура, Ерлан, Мәдина тілші сұрақтарына мазмұнды жауап
берді.
Бүгінгі сабақты талдау және келесі сабақта көніл аударатын
мәселелерді анықтау үшін сабақ соңында мұғалімдерден келесі
сұрақтарға жазбаша жауап алу арқылы кері байланыс болды: Бүгінгі
сабақтан алған әсеріңіз қандай? Сіз үшін не сәтті болды? Сіз үшін не
қиын болды, себебі? Сіз өзіңіз үшін жаңадан нені білдіңіз? Сабақ
барысында кімнің/қай топтың жауабы сіз үшін ерекше болды? Тренер
ретінде өз тәжірибемді қалай дамытамын? Әрине, жаңа ізденістер,
теориялық дайындық, сабақтарымның құрылымын мұғалімдердің
талаптарына сәйкес жоспарлау. Алға қойған мақсатым - өз
сабақтарыма Бағдарлама ұсынған модульдердің идеяларын тиімді
ықпалдастыру және сабақтарымның мазмұнын жаңа педагогикалық
әдіс-тәсілдермен толықтыру арқылы жетілдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Краткий психологический словарь. М., 1985.
2. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік
мектебі» ДББҰ. Астана, 2012.
203
3. Тренерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. ІІІ басылым.
Астана, 2012.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. ІІІ басылым.
Астана, 2012.
5. «Білім
беру
платформасы»
материалдар
жинағы.
www.cpm.nis.edu.kz
5.19. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
БАРЫСЫНДА КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Б.М. Тажигулова
Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
(Астана қ., Қазақстан)
Резюме:
Метод кейсов (англ. Case method, кейс-метод, кейс-стади, case-study, метод
конкретных ситуаций, метод ситуационного анализа) — техника обучения,
использующая описание реальных экономических, социальных и бизнес-ситуаций.
Обучающиеся должны проанализировать ситуацию, разобраться в сути проблем,
предложить возможные решения и выбрать лучшее из них. Кейсы базируются на
реальном фактическом материале или же приближены к реальной ситуации. В
статье
предлагаются
эффективность
использования
кейс-метода
в
педагогической науке для будущих педагогов, особенно при решении
педагогических ситуаций, проблем.
Summary:
Case method (born Case method, case method, case studies, case-study, the
method of specific situations, the method of situational analysis) - machinery training
using the description of the real economic, social and business situations. Students
should analyze the situation, understand the essence of the problems, possible
solutions and choose the best of them. Case study based on real factual material or
close to the real situation. The article offers efficient use of case method in teaching
science for future teachers, especially in dealing with pedagogical situations, problems.
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін,
Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр
қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі.
Кейс – әдісі арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра
отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптастыруға
болады. Кейс–стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар
әдісі («метод конкретных учебных стиуаций») XX ғасырдың басында
Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес
мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет
американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд
1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади
амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. [1, 108-110 б.]
204
Содан бері бұл әдіс осы күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған
жоқ. Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды
суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы.
Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты
шынайы
жағдайдың
жазбаша
берілуін
айтамыз.
Мысалы,
кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен
қиыншылықтары,
т.б.
қарастырылған
болса,
қазіргі
таңда
педагогиканың барлық бағыттарнда пайдалануға болады. Білім
алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп,
шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап
алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған
білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал оқытушының міндеті, осы
кейс әдісін қолдану барысында, білім алушылар белсенділігін
бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Берілген мәселені
шешу барысында оқытушы «Дұрыс шешім қандай?», «Сіз не істер
едіңіз?», «Мәселеден шығудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?»
сияқты сұрақтар арқылы білім алушыларды бағыттап отыруы қажет.
Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің
түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі,
оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе екені рас.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар
құрауға арналған шығармашылық жұмыс немесе оқытушы дайындаған
тапсырмалармен,нұсқаулықтармен жұмыс (білім алушылардың алдын
ала
үйде
дайындалып
келуі).
Екінші
кезең
–
оқытушының
аудиториядағы іс – әрекеті (дайындарған пікірталас немесе «дөңгелек
үстел» сұрақтарымен бағыттап отыру). Аудиториядағы кейс әдісін
қолдану келесі кезеңдерден тұрады: кейске кіріспе; жағдайдың
талдануы
(шағын
топтарда);
пікірталас;
қортынды
шығару.
Педагогикалық пәндерді оқыту барысында сабақтың мазмұнына,
психологиялық ерекшеліктеріне қараудың маңызы өте зор.
Бұл әдіс өткен ғасырдың 70-80 жылдары Кеңес өкіметі кезінде де
қолданылып
келген.
Негізінде
экономикалық
мамандықтарды
дайындауда пайдаланылды. Әдісті жетілдіріп, білім беру саласына
енгізуде Г.А. Брянский, Ю.Ю. Екатеринославский, О.В. Козлова, Ю.Д.
Красовский, В.Я. Платов, Д.А. Поспелов, О.А. Овсянников, В.С.
Рапоппорт және т.б. өз үлестерін қосты. Кейс амал-тәсілі алғашқы
кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс
арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану,
медицина, педагогика және т. б. салаларда жемісті қолданылуда. Қазір
кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-
тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э. Хансен, М.В.
Коротков, М.В. Кларин, А.И. Наумова, А.М. Зобина, М.С. Керимбаева,
В.А. Канн-калик, Н.Д. Никандров, Б.Н. Киселева, И.В. Липсина, Г.А.
Полонский, Д. Экинсон, И. Уилсондар қарастыруда. Демек, тестпен
205
жұмыс жасап дағдыланған кешегі оқушылардың ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі
білім беру талабына қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың
жаңа инновациялық жүйесі деп те есептеуге болады [2].
Кейс амал-тәсілдері қолданылған практикалық сабақтарда топты
бірнеше кіші топтарға бөлуге болады.
Олар:
1. Сарапшы – әрбір кіші топтың өзінің сарапшысы болады.
Сарапшының міндеті кіші топтарға қатысып отырған жауаптарын
қорытындылау.
2. Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын,
әдетте жақсы оқитын студент.
3. Қарсы сұрақ қоюшы – айтқан пікірлерлерге келіспей әдейі
сұрақ қоюшы. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге
үйретеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді.
Мәселені шешудің бір немесе бірнеше жолдарын ұсынады [3].
Кейс
әдісі
нақты
жағдайлар
тұрғысынан
академиялық
теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға,
білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі
жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.Кейстерді құрудың келесі
негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі
жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін
белгілеу, кейстегі тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама
жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу
процесіндегі
кейстермен
жұмыс
жасау
технологиясы
келесі
сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы
(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған
әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын
топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың
тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері (өдерінің шешімдерін
презентация, сурет,кесте арқылы қорғау) [4].
Қорытындылай келе, кейс – әдісін практикалық сабақтарда
қолдану аналитикалық, тәжірибелік,шығармашылық дағдыларды және
Достарыңызбен бөлісу: |