Ж. Ш. Саметова Абай атындағы ҚазҰПУ, магистр, аға оқытушы латын әліпбиін үйретуде жазылым дағдысын



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#138759
1   2   3
Байланысты:
578-1284-1-SM

Keywords
: Latin alphabet, orthography, phonetics, writing, speech.


66
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019 №3
Сауаттылық – адам тілі мәдениетінің негізгі талаптарының бірі. Ал жазудағы 
сауаттылық әдетте емле, тыныс белгілері ережелерін білумен тығыз байланысты. 
Дұрыс жазу талабы – орфографиялық ережелерді жетік меңгеруді талап етеді. Ал 
орфографиялық ережелердің жетіктігі алфавиттің, тілдің фонетикалық жүйесімен 
толық сәйкес келуімен байланысты. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан да қазақ 
тілінде оқытпайтын мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің 
басты талабына айналып отыр. Латынәліпбилі мемлекеттік тілмізді оқытудың тиімді 
де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен 
шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі 
пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас 
біліктілігін қалыптастыру, латынәліпбилі тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл 
орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы. 
Елімізде заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білім 
алушының, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту 
міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың 
әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Әсіресе, оқу орыс тілінде 
жүретін мектептердегі латынәліпбилі қазақ тілін үйретудің мақсаты – оқушылардың 
сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, латынәліп-
билі қазақ жазуын меңгеріп, сауатты жазып, сөйлеуіне жағдай тудыру. 
«Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, бағалау» 
стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» – тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік 
төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қа-
лыптастырады. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі 
дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше 
білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, 
жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-
қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім 
қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді 
қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір 
мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы 
оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тың-
далым, оқылым ) меңгерте білу. 
Қазақ тілі пәнін (Т2)
тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері бойын-
ша оқыту тиімділігі көптен бері дәлелденіп келеді. Латынәліпбилі қазақ жазуын 
меңгертуде жазылым іс-әрекеті
дағдысын
дамыту жолдары өте ыңғайлы. Көптеген 
дереккөздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы
асықпай ойлап, баяу қимылдайтын 
оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, 
ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік 
танытады. Табиғаты шапшаң балалардың жазылым дағдысы кешеуілдейтіні байқа-
лады. Ал өзге тілді балаларда осы жазылым
дағдысы
төмен екендігін өз тәжіри-
бемізде байқап жүрміз. 
Қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс жасай отыра тілдік дағдыларды дамы-
туға болады. Мәтін – негізгі қарым-қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу – 
қарым-қатынас жасауға үйренудің құралы. Сондықтан, латын әліпбиін үйретуде 
әртүрлі әдіс-тәсілдер
арқылы жазылым дағдысын қалыптастыру міндеттері алға 
қойылады:


67 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019. №3
• Оқу үрдісінде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды сөйлесім әре-
кетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте 
қалыптастыру;
• оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары-
ның түрлерін айқындау;
• жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
Жаңа технологияларды
қазақ тілі сабағында қолданғанда жазылым дағдысы 
бойынша күтілетін нәтижелер:
• оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен 
(тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қалыптасады;
• шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алады;
• оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын жаза алады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа 
біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. 
Жазу – біздің ойымызды тілге аударушы. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең 
алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қорды молайту 
оқылым дағдысының жемісі.
Жазылым дағдысын пайдаланудың тиімді тұстары:
• Оқушының латынәліпбилі қазақ жазуын сауатты меңгеруін үйретеді;
• Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
• Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
• Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
• Мұғалімнің уақытын үнемдейді;
• Қосымша мәліметтер береді;
• Барлық
баланы бірден бағалауға көмек береді;
• Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
• Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;
Жазылым дағдысы бойынша: сауатты жазу, латын қаріпті қазақ әліпбиін дұрыс 
жазу,негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу 
бағаланады; 
Сөйлеу дағдыларының ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі 
алғышарты – жазылым әрекеті болып табылады.Өйткені күнделікті өмірде оқушы 
көптеген ақпаратты көзбен көріп, қолмен жазады. Көшеде, ғимаратта, оқулықта 
латын әліпбиінде жазылып жатқан ақпаратты бірден оқып қабылдауы тиіс. Кез-
келген ақпаратты жазу арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы 
өзіне керек мәліметті жазып алу арқылы
үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, 
тыңдалым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре 
алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатыс-ты деректі 
түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Жазылым 
дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. 
Солардың бірнешеуін атап өтейік. Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін 
жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен 


68
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019 №3
жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы арқылы 
газетте кирилше берілген мақаланы қайта өңдеп, латын қаріпінде жазуға тапсырма 
беру, жазылым дағдысына көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды 
игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып 
ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамыз. Мақаланың 
ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп 
жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін 
пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады. Бірақ, ол мақаланы латын 
қаріпінде таңбалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет