Бұл қызығушылықты ояту
кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы, Топтастыру,
Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді. Өйткені орыс тілді аудиторияның
сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.
Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында
тест жұмыстарын
өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында
«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.
Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды
дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.
Мағынаны тану
кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын
Түртіп алу, ДЖИК СО, Талдау картасы
тәсілдерін қолдану тиімді деп ойламыз.
Себебі, бұл әдістерді қолданған оқушы, кирилшені латын қаріпіне аударып қана
қоймай, өз бетінше ойланып, мәтін құрайды. Ал бұл латынәліпбилі жазуды тез
үйренуге дағдыландырады.
Ой толғаныс
кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы,
Sinkuein немесе бес жолды өлең,
Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды
таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолдану пайдалы. Бұл әдістердің бар-
лығын қолданарда, латын қаріпін пайдалану тапсырылады. Көбінесе орыс тобында
тәлім алатын оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы
қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра
келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен
әжесінің әңгімелерін жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй
жұмысына жазуға кеңес береміз. Жазба жұмысын тексермес бұрын ұйымдастыру
жұмыстарына баса назар аударамыз. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты
пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі
түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады.
Суммативті түрде
де бағаланады.
Осы жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге үлкен шеберлік қажет. Оқушы
үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруі тиіс. Олар шебер-
ліктерін, сөздік қорының молдығын көрсетеміз деп, негізгі мәселеден, немесе тыныс
белгілеріне назар аудармай қалуы мүмкін. Сол себепті Жазылым кезінде оқушыларға
үнемі қолдау көрсетіліп отырғаны дұрыс.
• өз бетінше жазудың алдында – идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді,
жоспарлаудың әртүрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу
үдерісін ұйымдастырады;
• жазу барысында – оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді
қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін (мысалы,
69
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019. №3
етістіктің шақтарын дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін (байланыстырушы
сөздердің қолданылуы) қадағалайды;
• жазып болғаннан кейін – жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге
сәйкестігін тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға сай келе ме, жоқ па,
мақсатына сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды. Оқушыға жазғанын қайта қарап
шығуға мүмкіндік беруі керек.
Жазылым барысында оқу үдемелілігін қолдану оң нәтиже береді деп есептейміз.
Бұл кезде оқушы өзіне қажетті ақпаратты толық жинаған соң жазуға отырады. Жазы-
лым үдерісі басталғанға дейін идеяны жанжақты зерттеу қажет. Сондай-ақ оқу
үдемелілігінде мұғалімдер жазылымды дамыту үшін айтылым мен тыңдалымды
тиімді қолданудың жолдарын қарастырғаны жөн. Мұғалімнің жетекшілігімен
жүретін жазылым барысында оқушыларға жаңа сөздерді назардан тыс қалдырмай
тіркестерді таңдауға, құрмалас сөйлемдерді қолдануға, сөздер мен сөйлемдерді
дұрыс байланыстыруға қолдау көрсетіліп, өз бетінше жазылымға алып келеді.
Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп, дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн.
Әдетте, ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт
аз қалып жатады, ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар:
жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл
байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс
жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.
Жаңа әліпбидегі орфографиялық дағдыны қалыптастыруда жазбаша жаттығу,
диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәти-
же береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма, эссе жұмыстары оқушылар-
дың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді
Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолдан-ғанда
«Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып,
ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім
жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда
болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне
жарата алатын әмбебап тәсілдерді
үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын
талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім
бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов-
тың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізде-
німпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Жазылым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері:
«Өздік диктант жазу»: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ оқушы-
ларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап,
диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалып-тастырады
әрі жазуға бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды
(ол сюжетті мәтін, өлең, публицистикалық ақпарат болуы мүмкін). Тыңдалымнан
өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады, сөздік арқылы аудара-ды. Мәтін оқушы
топты екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен
ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну және
сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
«
Суреттеу»: оқушылар әртүрлі суреттерді (сөздік диктант) көре отырып, мағына-
70
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019 №3
сына қарай суреттерді сөзбен суреттеп жазады. Осы арқылы оқушылардың зат пен
атауды байланыстыра алу қабілеті қалыптасады.
«Синонимдерді тап»: оқушыларға сөздер ұсынылады. Олар таңдалған мәтіннен
осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына жазуы керек. Осы арқылы
оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды.
«Жызылымға арналған аудиожазба мәтіндері». Бұған әр сыныптың, әр оқушы-
ның жас ерекшелігіне байланысты мәтіндер алуға болады. Мәтінді тыңдап, түсін-
генін жазбаша мазмұндайды. Аталған дағдыларды қалыптастыруда келесі әдіс-
тәсілдерді пайдалануға болады: оқытудағы басты принцип – оқушының жеке,
өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын
қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, өз ойын жеткізуге,
өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және
шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын
өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпын-
дыру, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану, мақсат қою, мәселені зерттеу,
жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау, өз ойын ашық айта білуге тәрбие-
леу, сабақ процесінде оқушының белсенді іс-әрекеті белсенді ойлауға, белсенді оқы-
туға бағытталады. Оқушы өз көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін
ескереді.
Сабақты өткізуде мұғалім келесілерді ескеруі қажет: сабақтың мақсаты мен
күтілетін нәтиже анық болуы тиіс, тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазы-
лым, айтылым) дамыту, белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арт-
тыру, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс, оқу жетістігін критериалды
жүйе арқылы бағалау.
Қорыта айтқанда оқушының жазылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-
тәсілдер жетерлік. Біз соның бірнешеуіне ғана тоқталдық. Негізінен жазылым дағ-
дысының нәтижесінде оқушы латынәліпбилі қазақ жазуын жылдам игеру, сауатты
жазу, жазу арқылы тіл үйрену, өзбетінше іздену, латын қаріпіндегі қазақ жазуын дұ-
рыс оқу машықтарын қалыптастырады. Қазіргі кездегі білім берудің бар-лық жаңа
әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып,
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
[1] Оразбаева, Ф. Ш. Тілдік қатынас негіздері : оқулық / Оразбаева, Ф. Ш., - Алматы
: Print-S, 2005 . – 145 б.
[2] Қадашева Қ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002 ж.
[3] Мухамадиева Н.Қ., Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002ж.
[4] Мухтаров А.Қазақ тілін оқытуда жазылым дағдыларын дамытудың тиімді
әдістері // Білім айнасы. 27.03.2018 ж.
[5] Шарипова Ж. Жазылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын инновация-
лық технологияның тиімді жолдары // http://oqu-zaman.kz сайты, 2.01.2017ж.
Достарыңызбен бөлісу: |