Биологиялық өлім – бұл қайтарылмайтын организмнің тіршілік қызметінің тоқтауы.
Бас миының қыртысынын жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);
қан айналымы тоқталады (асистолия);
ес-түсі жоқ (кома);
көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;
«мысық көз» белгісі;
дене қызуы төмендейді;
өлік дағы пайда болады;
өлік сіресіп қатып қалады.
ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз:сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін, контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды жуып, жеке сүлгімен кептіріңіз. Қолғапты киіңіз.
Өлікті шешіндіріп, жастықсыз арқасымен аяқтарын жазылған күйінде жатқызыңыз.
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.