Ж. Т. Сарбалаев 2009ж


-тақырып. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары



бет4/8
Дата05.12.2023
өлшемі291,5 Kb.
#134632
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
26740 6

2-тақырып. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары.
Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері.
Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары. Тілдің стилистикалық құрылымы. Функционалды стиль турлы ұғым. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері.
Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері. Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспрессивтік бояулар. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары, тілдің стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы олардың рөлі.
Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар.
Стилистикалық синонимдер.
Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі.
Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшеліктері. Тілдік-стилистикалық мәдениетті тәрбиелеу.
Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент жасау және жалпы тілдік әдістерді пайдалану.
3-тақырып. Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
Фонетикалық стилистика. Дыбыстау стильдері.дыбыстаудың түрлері. Акцентологиялық варианттар, олардың стилистикалық сапалары. Интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері.
Лексика-фразеологиялық стилистика. Басқа тілдік қабаттарға қарағанда лексика-фразеологиялық деңгейдің стилистикалық мүмкіндігі бай екені. Диалектизмдерді, жаргон сөздер мен арготизмдерді стилистикалық мақсатта қолдану. Тарихи, көнерген, жаңа сөздердің стилистикалық мүмкіндіктері.
Синоним, омоним, антоним, паронимдер. Олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стильдік қолданыс аясы.
Қазақ фразеологиясының стилистикалық байлығы.
Сөзжасамның стилистикалық құралдары. Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы. Сөзтудырушы жұрнақтардың стилистикалық сипаттамасы.
Сөз таптарының стилистикасы. Зат есім, сын есім, етістік, есімдік т.б. сөз таптары категориялары мен формаларының стилистикасы.
Синтаксистік стилистика. Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары. Жай сөйлем стилистикасы. Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы. Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы.
Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы.
Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың стилистикалық мүмкіндіктері. Күрделі синтаксистік тұтастық, сөйлемаралық байланыстардың стилистикалық мүмкіндіктері.
Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет