28.10.2014ж.
Туды жықпаған тұлға
Шалғынбай Б.
Қазақтың ел мен жерді тең қорғаған батырлары жайлы тарихта түрлі деректер көп-ақ. Олардың
әрқайсысының аңызға бергісіз ерлігі қазақ халқы үшін тағдыршешті болған әр оқиғаның тұсында ерекше
қырларынан көрініп отырады. Ел тарихында ерекше ерлік жасаған сондай тұлғаның бірі – Қазымбет батыр.
Дара туған Қазымбет
Кезекті бір ұрыста Қазымбеттің әкесі Құттымбет батыр жараланып, қол бастауға жарамай қалады. Дәл сол
кезде қазақтарға қалмақтар тұтқиылдан шабуыл жасайды. Сәмеке хан шабарман, хабаршыларын жан-жаққа
тез жіберіп қарсы әскер жинайды. Сол кезде бұрын қанша шайқасқа қатысқанын кім білсін, 17 жасар
Қазымбет ту ұстап, өз аталастарын әкесі Құттымбеттің орнына жауға қарсы әзірлеген екен.
Бес мыңдай қолға қарсы екі мыңдай жауынгер дайындап үлгерген Сәмеке ханға жас Қазымбет келіп
қосылады. Ертеңінде жау жағы
жекпе-жек сұрайды. Сонда 17
жасар Қазымбет хан алдына
барып, жеке шығу үшін бата
сұрайды. Хан: «Әй, балам, сен
тым
жас
екенсің.
Анау
қалмақтың бас батыры Жолан
талайды көрген жырынды, алапат
күш иесі. Жасы да анағұрлым
үлкен.
Өзіңе-өзің
сенбесең
шықпай-ақ қой. Жеңіліп, опат
боларсың», – депті.
– Жоқ, хан ием! Мен өзіме-өзім
сенемін. Жіберіңіз, бата беріңіз, –
депті жұлқынып.
– Тұла бойың тұнған күш,
жүректі жассың мәрт мінез.
Жеңіп жауыңның басын кес.
Опасыз
дұшпан
табаныңда
болсын, б
ар балам, – депті
Сәмеке хан.
Жекеге шыққан қалмақтың бас батыры Жолан жас арыстандай күжірейген жалынды жас батыр Қазымбеттің
көзіне көзі түсіп, ажалы келгенін сезгендей бірінші болып, кезек сұрайды. Қарсыласының мысы басып, құты
қашып жоңғар жебесі адасып далаға кетеді.
Кезегін алған Қазымбет батыр қозы жауырын жебесін шірей тартқанда, оқ қақ жүректің тұсынан өтіп,
Жолан жерге өкіріп құлайды. Жас батыр қолма-қол қалмақ батырына жетіп барып басын кесіп алыпты.
Мұны көріп тұрған қарсы жақтың ханы Зерен Қазымбетті қоршап, қолға түсіруге бұйырыпты. Арыстанша
алысқан жас батырды өзгелер келіп құтқарған екен. Жоланның басын Сәмеке ханның алдына тастаған
батырға барлық сардарлар мен сарбаздар риза болыпты. Саны аз болса да жас батырдың ерлігімен
жігерленген қазақ қолы жауды жеңген екен.
Осыдан кейін де сансыз ұрыстар болады. Соның көбі тарихшылардың айтуына қарағанда, Аягөз-Алакөл
маңында болған. 1723-1727 жылдардағы ірі шайқас Аягөз өзенінен он шақырым жердегі Қарауыл маңында
өткен. Онда қазақ хандарының алауыздығынан қазақ әскері жеңіліс табады. Оның алдында Балқаш пен
Алакөл аралығында Аягөз өзенінің Балқашқа құяр сағасында қанды қырғын болған. қазақ хандарыден
солтүстікке қарай Қарақол тұсында, одан соң үш Ақшәулі төңірегінде, Еңірекейде, Ащысуда,
Тарбағатайдың Өкпетісінде, Қабанбай асуында болған жерді қайта азат ету жолындағы ондаған жылдарға
созылған ұрыстарға түменбасы, ту ұстаушы болып қатысқан Қазымбет батыр 52 жыл бойы ат үстінде жүріп
ел қорғапты. Ата-баба жерін жаудан азат ету жолындағы соңғы ұрыста 69 жасында қазақ жасағының туын
жықпай, ту түбінде мерт болған.
Батыр мен сұлу
Мұның өзі ұзақ сонар дастанға бергісіз аңыз-әңгіме. Шежіреші қариялар ғасырлар бойы ауыздан ауызға
айтып, сан құбылтып жіберген тұстары да көп. Солардың ішіндегі ең дұрысы, шындыққа жуық келетіні
С.Өзбековтің «Мұра» кітабындағы нұсқасы болғандықтан сол нұсқадан үзінді келтіруді жөн көрдім.
…Қазақ қолы бел алып, Қазымбеттің әйгілі батырлар қатарына қосылған кезі. Бір шайқаста жүз қаралы
қалмақ сарбаздарын Қазымбет жігіттері қолға түсіреді. Қолға түскен жаудың билігі сарбаздардың қолында
емес пе? Ат-әбзелі, қару-жарақ, сауыт-саймандары алынады. Солардың ішінде сауыт-сайманы шешілгеннен
кейін жалғыз бұрым болып өрілген шашы тірсегіне түскен, аса келбетті, сұлу әйелдің намысқа тырысып
ерлер қатарында жүргені әшкере болады.
Мұндай ерлік қай кезде, қандай ұлттың болмасын әйелдерінен кезігіп тұрған ғой. Қазымбет бабамыз әйелдің
жайын сұрастырып біледі. Сөйтсе, шайқастың алғашқы кезеңдерінде қалың қол алдында Қаранай деген
қалмақ батыры әйгілі қанжығалы Бөгенбаймен жекпе-жекке шығып, сол сайыста қазақ батырының қолынан
өлген. Қаранайдың кегі үшін ерлер қатарында жауға шауып жүрген әйелі Таңшебер екен. Ер қадірін асқақ
тұтқан әрі әйелдің жүрек жұтқаны болған соң да: «Бұдан туған ұрпағым кем, қор болмас», деген оймен
бабамыз Таңшебермен неке қидырады.
Сонымен Таңшебер анамыз отыздан асқаннан соң Келдібек, Жаулыбай, Майлыбай атты үш ұл табады. Ол
кезде он үште садақ тартуға жараған ұл жорық атын баптай бастайтын болған. Келдібектің он алты жасқа
толған кезінде қалмақтың мыңнан астам қолы бір тыныстап жатқан кезді пайдаланып, Қазымбет ауылын
қоршайды. Бүкіл қазақ ауылынан Қазымбет ауылын таңдап алуының айрықша себебі болған.
Бөгенбай қолынан өлген Қаранайдан Қабек деген ұл бала қалады. Бала ат жалын тартып мінуге жарағанда,
қалмақтың үлкендері: «Сенің шешең жау қолына түсті. Бірақ өлген жоқ. Қазымбет деген батырында,
бәйбіше болып бала өсіріп отыр», дегенді айта берсе керек. Қаранайдай батыр, Таңшебердей жүрек жұтқан
әйелден Қабек те осал туа ма? Жиырмаға жетер-жетпес жасында түмен басқаратын қолбасшылардың бірі
болған. Міне, сол Қабек әке кегін қайтарып, шешесін қазақ қолынан құтқарып әкетуге орайлы кезеңді
тапқан.
Қабек қолы Қазымбет ауылына таяп қалады. Хабарын кеш білген бабамыз тұс-тұстағы қазақ
қолбасшыларына хабаршы жіберген. Бірақ олар көмекке келгенше жау шабындысының астында қаларына
да көзі жеткен. Осыны байқаған қалмақ қолы еркін әрі тұралатып жеңуді көздеп, өктемдікпен жекпе-жекке
шақырған.
Жекпе-жекке қалмақ қолының басшысы Қабектің өзі шығады. Кімнің шыққанын қазақ жағы қайдан білсін.
Жаудан сасып көрмеген баба мыздың өзінен бастап, ұлдарының қай-қайсысы шығуға әзір тұрады.
Осыны аңғарған Таңшебер анамыз Қазымбет тің алдына жүгініп: «Сонау жекпе-жекте тұрған менің
бауырларымның бірі болса керек. Кім өлерін тәңірім білер. Бірақ қазасы жетпей тұрғанда жүздесіп,
мауқымды басып қайтайын», – деп зар тілегін айтып, рұқсатын алған екен.
Арғымағына қонғанда әйелше киінбей, бес қаруы бойындағы айбынды батырша киініп, ақырып жекпе-
жекке қарсыласына жетеді. Қанды айқастың басталуын күтіп, екі жақ та тына қалған. Ұзамай екі жағы да
жұмбақты көрініске куә болып, не деп шешерін білмей тосын күйге түскен. Ат басын кәдімгі жекпе-
жекшілерше түйістірген екі батыр, енді қару сілтеседі деп күтіскен кезде, қару сілтенбейді. Мұны екі жақ та
көріп тұрады. Сәлден соң қалмақ батырын Таңшебердің құшағына алып, өксіп жылағаны майдан даласын
тұндырып жіберсе керек. Жекпе-жекке шығушылардың көріспен мауқы басылғаннан кейін, әлдеқандай
байламға келіп, екеуі екі жаққа тарасады.
Бабамыздың алдына келген анамыздан:
– Бәйбіше, не болды? Әлгі бауырың ба екен? Балаң ба екен? – дейді.
– Құзырыңызға, құлдық. Қаранай кіндігінен туған жалғызым Қабек деген ұлым екен. Мен кек қуып жорыққа
аттанғанда, Қаранайдың әпкесінің тәрбиесінде қалып еді. Осы қолдың басшысы көрінеді. Іздеп шыққаны
менің қара басым екен, – деп бір тоқтайды.
– Балаң маңайындағыларына бас шұлғытып жатыр. Сен қандай ақыл бердің? Өзің қандай тоқтамдасың? –
дейді батыр.
Таңшебер анамыз да иілген басын тіктеп алады.
– Батыр! Ер кегін қуып келіп, отыз жасымда өзіңе пенде болдым. Жаудан түскен олжа деп қарамадың. Өсер
өркенімнің ұлы анасы болар деп әлпештегеніңді өмірі ұмытармын ба? Тағдыр қосқан қосағың ретінде мен
де алдыңнан кесіп өтпедім. Жорыққа аттансаң қара тұяғың мұжылмасын деп тілеу тіледім. Үш бала
сүйгіздім. Жасым болса елуге келді. Сырлы аяқтан сыр кетіп, сыны қалды. Қызық дәуренім өзіңмен бірге
өтті. Енді елу жасымда менен не қызық көресің, тұңғышымның қолына қайтар. Мен үшін екі жақ та қазір
қызыл қырғын болмасын. Ақылға салыңыз. Балам осыған келісті. Бір жолға болса да қан төгіспей тараңдар.
Кек қайтарысар кездерің әлі алда ғой, – дейді.
Таңшебер анамыздың сөз салмағын саралап, оның өзіне қосақ болғалы көрсеткен ізгілігін де әділ бағалап:
«Өзімнен туған ұлдарым өзімде қалса, тұла бойы тұңғышынан ажыратып алып қалғанда маған деген ыстық
ықыласы болар ма», – деген түйінге келген Қазымбет бабамыз Таңшебердің ақылды ісіне ерік беріпті.
– Таңшеберді жөнімен он қыздың ұзаты луындай салтанатпен шығарып салыңдар, – деген бабамыздың бір
ауыз сөзі өз балаларына ғана емес, бастас болған батырларға, қостас болған нөкерлерге хан бұйрығындай
болыпты. Қыруар малмен басы тоғыздан елу шақты түйеге жасау артылып, су төгілмес боз жорғаны күміс
ер-тоқымдап, Таңшебер анамызды ауылдан разы-қоштарын айтып шығарып салып жатады. Міне, осының
өзі Қазымбет батырдың батырлығымен қоса ақылдылығын, мәрттігін көрсетіп тұр.
Соңғы соғыс
Қазымбет бабамыздың қазақ әскерінің туын құлатпай қаза болған ұрысы туралы да әртүрлі аңыз-әңгімелер
баршылық. Соның көбі тағы да қазақ-қалмақ арасындағы соңғы ірі соғыстарға әкеліп тіреледі.
Ауызша айтылған аңыз-әңгімелердің көбінде Ақшәулінің етегінде болған ұрыстарда жау әскерлері қатты
жеңілген. Арғы жағын алып қытай империясы опырып, бір кезде қазаққа істеген қырғынды өз бастарына
әкеледі. Билік үшін таласқан Әмірсана қытай билеушілерінен көмек сұраймын деп өз еліне абайсызда апат
әкелді. Сыныққа сылтау іздеп, екі көшпенді ірі елдің әбден қансырап әлсіреуін күтіп отырған Қытай
империясының қаталдығы Әмірсананы да шошытып, ол билікті ұмытып, қытай әскеріне қарсы бас көтерді.
Бірақ, қонтайшыға қырғыннан аман қалған қандастары сенбеді. Тарихшылар жазып қалдырған деректер
бойынша осы жолы миллионнан астам адам жойылып, қалғаны жан-жаққа бытырады.
Енді Ақшәулі түбіндегі ұрысқа тоқталайық. 1756-1757 жылдары жаудың көбін бағындырып, біразын
өздеріне қосып алған қытай әскерлері қазақ жеріне лап қойған екен. Бұл туралы Ә.Садуақасовтың
«Қабанбай батыр» кітабында. «Қапысыз ажал келсе кім өлмеген,
Шыңқожа, Шөңкейді де шідерлеген.
Қос жебе өндіршектен қадалса да,
Қазымбет тудың сабын жібермеген», – деген жолдар бар.
Мұндай мысалдарды өзге де көптеген шежі решілер, ақындар, зерттеушілер келтіреді. Дегенмен, соның
ішінде бүгінгі заманда қазақ батырларының азаттық жолында арпалысқан сәттерін шынайы суреттеп жүрген
даңқты ақы нымыз Несіпбек Айтовтан артық жазған ешкім жоқ. Несіпбектің «Ту» деп аталатын шағын
дастанында көк туымыздың қасиеті керемет дәріптеліп, кешегі ер Қазымбеттің туды жықпай, ұстап қалуы
тамаша суреттеледі. Сол дастанда Қазымбеттің соңғы ерлігі былайша жырланған:
Қазақтың шыдай алмай соққысына,
Қалмақтар қалжырады қатты сірә.
Бөлінді бас сауғалап бет-бетіне,
Келгенде Маңырақтың дәп тұсына.
Жау қашты, қазақ қолы тыныстады,
Боялған қанға найза-қылыштары.
Өлігі құрбандардың жайрап жатты,
Біткендей пәнидегі жұмыстары.
Жалғыз тұр ту ұстаушы дөң басында,
Көргендер аң-таң қалды алғашында.
Байрағы қолындағы желбірейді,
Өзінің көрінбейді жан қасында.
Болмастан ойларында ешбір қауіп,
Батырлар сатырлатып келді шауып.
Күйінде ту ұстаған қатып қапты,
Өлсе де құламаған аттан ауып.
Қос жебе қатар тиіп өндіршектен,
Аққан қан омырауын кеткен жауып.
Аты да астындағы қозғалмайды,
Тізгінін тұқыртыпты ерге тақап.
Қаруы жерде жатыр саудыраған,
Екі көз жұмылмапты жаудыраған.
Төбеде туын жықпай қасқайып тұр,
Дегендей: «Не қыласың енді маған?!».
Егіліп жан қалмады жыламаған,
Көргенде Қазымбетті құламаған.
Жықпаққа қазақ туын көздеп атқан,
Қалмақтың сұр мергені сығалаған.
Күңіреніп аттан түсті ер Қабекең,
Сіресіп Қазымбет тұр ерде бекем.
Түбінен тудың сабын қатты қысып,
Қарысып саусақтары қалған екен.
Қолынан туын алып ел әзірге,
Тапсырды қайран ерді қара жерге.
Байрақты жас жігітке беріп тұрып,
Дарабоз былай деді қарап елге.
Күн туар деген рас ұл туғанға,
Түсесің от пен суға жұртың барда.
Ешқашан өлмек емес ер Қазымбет,
Артында желбіреген ту тұрғанда!
Жалауын қатты соққан жел ұшырған,
Тарихта талайлардың сағы сынған.
Жығылмай тумен бірге тұрып қалған,
Қазағым, айналсаңшы арысыңнан!..
Міне, Қазымбет батырдың өшпес бейнесін ақын өлең тілімен осылай сомдаған.
Бүгін көк байрақты тәуелсіз елміз, Аллаға шүкір. Бәрі бар. Бірақ, кешегі батыр бабалар рухы бойымызда бар
ма? Мәселе осында. «Рухы әлсіреген елдің болашағы жоқ», деген екен Қы тайдың ұлы ойшылы Конфуций.
Бүгінде «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының рухын оятып, күшейту аса қажет. Ол үшін батыр
бабалардың ерлік үлгі-өнегесін жаппай насихаттап, ұрпақ санасына сіңдіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |