Ж у р н а л и с т і к қабілет-қарым талап



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі411,99 Kb.
#5024

Ж у р н а л и с т і к 

қабілет-қарым  талап 

пен 

талпыныста 



ғана 

дамиды. 


С т у д е н т т е р д і ң 

қаламын  ұштайтын 

танымдық  басылым 

«Студент 

әлемі» 

газеті  мен  қалалық 



жастар  басылымы 

«Шығыс  шұғыласы» 

газетттері    арқылы  шығармашылық  жұмыстарын  жасауға 

мүмкіндік мол. 

Поэзияға,  прозаға  қабілетті,  шығармашылық  дарыны  бар 

студенттер  «Жалын»  орталығынан  озық  ойлы  өз  ортасын  таба 

алады.  Поэзиялық  кештерде,  шығармашылық  жиындарда 

қаламдары  ұшталып,  дүниетанымдары  жетіледі.  Студенттердің 

үздік туындылары университет баспасынан жинақ ретінде жарық 

көреді.  

Университет  қабырғасындағы  төрт  жыл  ішінде  студент  тек 

сапалы  білім  алумен  шектелмей,  өзінің  болмысындағы  барлық 

қабілет-дарынын дамытып, ұштай алады. 

Осындай  игі  істердің  нәтижесі  де  жоқ  емес.  Он  бес  жылдық 

тарихы  жазылған  журналистика  бөлімін  бітіріп,  байтақ 

Қазақстанымыздың әр тарапына аттанып, ұлтқа пайдалы еңбекпен 

айналысып  жүрген  түлектеріміз  де  баршылық.  Олардың  ішінде 

«Егемен  Қазақстан»  газетінің  тілшісі  Ләйла  Еділқызы,  «Хабар» 

телеарнасының  жүргізушісі  Меруерт  Сафаева,  «Қазақстан» 

телеарнасындағы  Қалымова    Айкерім,    «7  арна»  журналистері  

Хасен Молдабаев, Жазира Оқубаева, Әлия Нұрланқызы,  «Евразия 

- 1» телеарнасының журналисі  Берік Хасенов және журналистер 

Әсем  Омарова,  Мамыр  Қалиева,  «Ертіс  өңірі»    газетінің 

тілшісі  Айгерім  Мамилова,  Айжан  Тоқтасынова,  Ақмарал 

Омаш  «Өскемен-Семей»  телеарнасының  жүргізушісі  Айжан 

Бужинова,  «Евразия-1»  телеарнасынындағы  Олжас  Нүрекенов  

т.б. шәкірттеріміз біздің әрқашан мақтанышымыз болмақ. Қалай 

болғанда да біз олардың өмірлік және кәсіби таңдауына әсер еттік.

Әлбетте, ұлттық журналистика – шын мәнінде, бүтін бір ұлттың 

болмыс  –  бітімін  танытатын  барометрі.  Журналистика    ақпарат 

көзі,  идеологиялық  құрал,  тәрбие  тетігі,  саяси  алаң,    әлеуметтік 

институт, көңілашар құбылыс ретінде қоғамға тигізетін  оң  әсері 

мол.  Бұл  мамандықтың  майталманы  болу  әрбір  жас  түлектің 

көкейінде жүрген арман.

Сондықтан  болашақта  журналист  мамандығын  таңдаған 

талапкерлерді  қабылдау  шығармашылық  емтихан  түрінде  өтеді.  

Шығармашылық  емтихан екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша, 

яғни жазуға деген бейімділігін, проблеманы талдауда ойын айқын 

жеткізу  есептеледі,  екінші  турда  талапкердің    сөйлеуге  деген 

шеберлігін байқау. Онда арнайы берілген мәтіндік тапсырмаларды 

ауызша талдауы есептеледі. Бұл болашақта өзінің шығармашылық 

жұмысын  жүргізетін  журналист  мамандығын  таңдаған  талапкер 

үшін бұл үлкен кәсіби сынақ  десек болады.

Шығармашылық  мамандықтарға  түсетін  талапкерлерден 

құжаттар 30-шы маусымға дейін қабылданатындығын ескертеміз.

ұБТ-ға дайындық

Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: 

үстелден  керексіз  заттарды  алып  таста,  кітаптарыңды, 

дәптер, қағаз, қарындаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп 

орналастыр.

Бөлме  интерьеріне  сары  мен  күлгін  түстерді  көптеп 

енгізуге  болады,  себебі  бұл  түстер  инттеллектуалды 

белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да 

бір суретті іліп қою жеткілікті.

Дайындық  жоспарын  жаса.  Ең  алдымен  өзіңнің  кім 

екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» 

ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс 

істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар 

құрғанда  дәл  сол  күні  нені  оқып  білетініңді  айқында. 

Жалпы  «шамалы  дайындаламын»  емес,  тақырыптар  мен 

бөлімдерді айқын белгіле.

Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал 

егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез 

еніп кетерсің.

Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында 

ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің 

барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап 

қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің 

әр түрлі конструкциясымен таныстырады.

Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.

Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір 

күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.



ұБТ қарсаңында

Көбісі  ҰБТ-ға  толық  дайындалу  үшін  ҰБТ  алдындағы  соңғы  бір  күннің  жетпей  қалатындығын  айтады. 

Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. 

«Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі, 

тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа 

жарты  сағатқа  ертерек  келуге  тырыс.  Өзіңмен  бірге  төлқұжатыңды,  рұқсатнамаңды,  бірнеше  қара  сиялы 

қаламыңды алуды ұмытпа.

Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. Өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, 

тыныштан.

Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын 

ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана 

қызықтыруы тиіс.

Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа 

жауап берер алдында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

Оңайынан  баста!  Көп  ойлануды  талап  ететін  сұрақтарға  тоқтамай,  өзің  жақсы  білетін,  оңайларынан 

бастағаның  жөн.  Сен  қобалжудан  арылғанда,  басыңның  ауырғаны  да  қойып,  жұмыс  ритміне  енесің.  Жүйке 

жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.

Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті 

түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.

Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша 

аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.

Алдыңдағы  тапсырма  туралы  ғана  ойлан!  Жаңа  тапсырмаға  келгенде  алдындағысын  ұмыт.  Тестідегі 

тапсырмалар  бір-бірімен  байланысты  емес,  сондықтан  алдындағы  тапсырмада  қолданған  білімің  келесісін 

орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңестің екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты 

білмесең,  келесі  сұраққа  жауапты  міндетті  түрде  білем  деген  сенімділік  береді.  Әр  жаңа  тапсырма  –  балл 

жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.

Кейбір  тапсырмалар  өз  нұсқаларының  ішіндегі  бұрыс  жауаптарын  тапсаң  да  дұрыс  жауапты  табуға 

болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде 

ойлануға мүмкіндік береді.

Екі  айналым  жоспарла!  Берілген  уақыт  шамаланып  қалғанда  жауаптарыңды  бір  қарап  шығуға  («бірінші 

айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) 

уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.

Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.

Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы 

тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.

Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін 

естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп 

бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!



2015 жыл  №8 (81) қазан

24

ҰБТ тапсыруға қалай 

дайындалу қажет?

ҰБТ тапсыруға қалай 

дайындалу қажет?

Қазіргі таңда сөз ұғатын көпшілікті бей-жай қалдырмай, үйіріп 

жүрген журналист мамандарды даярлау мәселесі өзекті тақырыпқа 

айналып отыр. 

Осы  мәселенің  шешімін  табуға    Семей  қаласының  Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университеті  де  өз  үлесін  қосып  жан-

жақты кешенді білім мен тұлғалық қабілетті ақпараттың  ағындап, 

жаңалықтың  жүйткіген  заманында  зор  ықыласқа  ие  журналист 

мамандығын  дайындап  келеді.  Мамандықты  даярлауға  барлық 

қажетті  жағдай  жасалған.  Телестудия,  компьютерлік  дәрісхана, 

лингафон  кабинеті,  интерактивті  тақта  т.б.  жаңа  технологиялық 

құралдармен жабдықталған. 

АБИТУРИЕНТ НАзАРыНА

Газет Семей қаласының Шәкәрім атындағы 

мемлекеттік университетінің 

Редакциялық-баспа орталығында теріліп

«Газета «Спектр»»  ЖШС баспаханасында 

офсеттік әдіспен басылып шығарылды. 

Тел: 56-15-87  

Семей қаласы, Шугаев көшесі, 30 

Таралымы 3000 дана

Редакцияның 

мекен-жайы: 

Семей қаласы, 

Глинка көшесі, 20 а,

Телефон: 35-95-87

Факс: 35-94-65

Редактор

Дәулет  ТІЛЕУБЕРДИЕВ

Қазақстан Республикасының  Мәдениет және 

ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитеті берген тіркеу  куәлігі 13988-Г, 

19 желтоқсан 2013 жыл.

Құрылтайшысы: 

Семей қаласының Шәкәрім 

атындағы мемлекеттік 

университеті.

Студент - жастарға арналған 

ақпараттық-танымдық басылым

айына бір рет шығады.

Журналист  

 болғың   келсе...



Толық ақпарат алу үшін төмендегі 

телефондармен хабарласуға болады.

8 (7222) 36-02-25-1 

8 775 7528 120, 8 778 454 63 00

Журналистика және практикалық 

қазақ тілі кафедрасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет