Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті


Созылмалы жайылмалы остеомиелиттіқ клиникасы



бет7/9
Дата27.11.2023
өлшемі67,15 Kb.
#129230
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Созылмалы жайылмалы остеомиелиттіқ клиникасы. Бұл кемтарлыққа алып келетін ауру, әдетте ол жайылмалы жедел іріңді остеомиелиттен кейін дамиды.
Сырттай қарағанда, жақ сүйектерінің деформациясы және тыртықтар, жыланкөз жолдары қосылуынан пайда болған бет әлпетіндегі күшті деформацияны көруге болады. Жыланкөз тесігінің айналасынан саңырауқұлақ тәрізді грануляция шығып, олардан көп мөлшерде ірің ағып түрады. Жыланкөз айналасындағы тері қабаты сырылып кеткен (17-с у р е т).

17-сурет. Созылмалы остеомие- 18- сурет. Созылмалы остеомиелит
лит (жыланкөз). (секвесторлар).
Ауыз қуысында көп тістері жоқ, қалған тістері қозғалмалы, олар бір жаққа қарай қисайып орналасқан. Жақ доғасы патологиялық сынық нәтижесінде қисайған. Шырышты қабық көкшіл, жыланкөздерден көп ірің ағып тұрады, жыланкөзді тексергенде жалаңаш сүйекті анықтауға болады, шайнау қызметі бұзылған. Дене қызуы әдетте қалыпты, аздап лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, анемия. Зәрде белок іздері бар.
Секвестрлер үлкен көлемді болады, кейде бүкіл төменгі жақ секвестрленеді. Секвестрлер біреу не көп болуы мүмкін және бүтін, орталық, шеттік болып бөлінеді (18-сурет). Секвестрация процесі орташа есеппен жоғарғы жақта 3—4 жұмаға, төменгі жақта 5—6 жұмаға созылады. Жақ сүйегінің жайылып жа-рақаттануы кезінде бұл процесс 3—6 айға созылуы мүмкін. Созылмалы остеомиелиттердің диагностикасы үшін томографияның мәні зор.
Егер жыланкөз сүйектегі жарақат ошағынан алыс орналасып, екеуінің арасында көрінерліктей байланыс болмаса, фистулограмма істеген жөн.
Остеомиелиттің созылмалы түрі жиі өршіп түрады. Бұл кезде аурудың жалпы жағдайы қиындап, көңіл-күйі нашарлайды, дене қызуы 38,5° дейін көтеріледі. Кей кезде іріңнің жиналуы нәтижесінде жыланкөз жолдары ашылып одан экссудат сыртқа шығады, ал кейде инфекция жақ маңындағы тіндерге және мойын аймағына таралып, абсцесс, флегмоналар дамиды.
Кейінгі 20 жыл ішінде жақ сүйектері созылмалы остеомиелитінің атипиялық түрінің саны едәуір көбейді, бұл түрінде некротикалық реакциялардан продуктивті реакциялар басым. Көбіне төменгі жақ сүйегі, оның денесі, бұрышы және бұтағы жарақаттанады. Жиі жақ сүйектері созылмалы остеомиелитінің ұялық түрі кездеседі, бұл кезде сүйек затының ыдырауы жайылмалы түрде жүріп жеке ұсақ ошақтар құрады, бұларға некрозға ұшыраған сүйек бөліктері қосылған, олар көбіне сырылып кетеді. Остеомиелиттің бұл клиникалық ағымы ұзақ және жиі өршіп тұрады.
Клиникалық көрінісінде төменгі жақ сүйегінің бір бөлігінің қалыңдағанын айтуға болады. Бұрынғы жыланкөз жолдарының орнында қалған тыртықты өзгерістер және осы тіндердің жанындағы сүйекке жабысуы, төменгі жақ сүйегіне бекіген бұүлшықеттің қалыңдағаны анықталады. Сипап тексергенде ауыз қуысында альвеолды өсіндінің периостальды қалыңдағаны байқалады. Тістер интактылы, кейбір ауруларда жақ сүйектерінің ұзаққа созылған остеомиелитінде жыланкөздер болмайды. Сүйектегі эндостальды және периостльды түзілім айқын бөлініп тұрады. Көптеген авторлардың айтуы бойынша, бұл төменгі жақтың созылмалы остеомиелитінің продуктивті, гиперпластикалық немесе гиперостозды түрлерінің көрінісі болып табылады. Ауызда біріншілік созылмалы ағымда болуы мүмкін, бұл кезде анамнезінде тіс аймағында қабыну құбылысы болғаны. Ауру көбіне жас адамдарда кездеседі. Жақ сүйектерінің одонтогенді остеомиелитінің созылмалы сатысында өлген сүйектердің бөлінуі кезінде қан құрамы біраз қалыпқа келеді, Нв деңгейі көтеріледі, эритроциттер көбейеді, лейкоциттер саны төмендеп, кейінірек ЭТЖ қалыпқа келеді.
Рентгенологиялық суреті. Аурудың ұзақтығына және сүйектегі остеомиелиттік ошақтың орналасуына байланысты жақ сүйегінің секвестрленуі әртүрлі болады. Одонтогенді ошаққа жақын орналасқан бөліктердегі сүйек деструкциясы анық көрініп тұрады, кейде секвестрлер айқын көрінетін куысты көруге болады. Сүйек тінінің сиректенуіне байланысты секвестр өзінің тығыздығымен көрініп тұрады және үлкен мөлшердегі қою бос жатқан көлеңке тәріздес болады. Өте ұзақ және жылтыр (мөлдір) секвестрлер рентгенограммада анықталуы мүмкін, сондықтан бұл зерттеуді аса жоғары бағалауға болмайды. Төменгі жақтағы созылмалы остеомиелиттің ұялық түріндегі рентгенограммада деструкция ошақтары төменгі жақтың денесінде бұтағында көрінеді, олардың ішінде көптеген ұсақ секвестрлер орналасады. Кейіннен бұл секвестрлердің көбі сорылады, кейде қапталады (инкапсуляция). Бірнеше жылдар бойы төменгі жақ сүйегінде грануляцияға толған аз мөлшерде секвестрлері бар немесе секвестрсіз ұзақ ошақтар қалады. Жылдар өткен сайын склероздану процесі айқын жүреді де сүйектің деструкция ошақтары остеосклероз ошақтарымен алмасады.
Төменгі жақтағы созылмалы остеомиелит кезіндегі продуктивті өзгерістің күштілігі рентгенограммада сүйектің эндостальды және периостальды қайта құрылуымен сипатталады. Сүйектің кемік затының құрылысының көмескілігі, оның едәуір қаттылығы, сүйек склерозы анықталады.
Сүйек тінінің аздаған сорылу ошақтарын әрең байқауға болады. Түзілген секвестр қабы уақыт өткен сайын қатайып, кәдімгідей күшке шыдайды. Бірақ организмі әлсіреген ауруларда және қарттарда регенерациялық процесс төмендегендіктен, әсіресе төменгі жақтың көп бөлігі өлеттенсе секвестрлік тығыз қабық құралмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет