Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті



бет8/9
Дата27.11.2023
өлшемі67,15 Kb.
#129230
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ажырату диагнозы. Келесі аурулардан ажырату керек: 1. Актиномикоз. 2. Жақ сүйектерінің ісіктері. 3. Жақ сүйектерінің туберкулезі.
Актиномикоздың ерекшелігі — инфильтрат ағаштай қатты немесе тығыз, жыланкөздер көп, одан үгітіңді зат (крошковидное) бөлінеді. Жағындыны микроскопиялық тексергенде друзалар табылады. Туберкулезде, ауруды тексергенде біріншілік ошақ, Пирке, Манту сынамалары оң болады. Жыланкөздерден иіссіз ірің ағады, секвестрлер өрнексіз.
Қатерлі ісіктер кезінде сүйек және сүйек қабы жағынан реактивті және репаративті процестер болмайды. Қозғалмалы тістерді жұлғаннан кейін күшті қан кетіп, оны тек сыртқы ұйқы артериясын байлап тоқтатуға болады.
ЕМІ. Оперативтік емнің сипаты мен көлемі, дәрілік заттарды таңдау; физиотерапевтік ем және басқа жалпы емделу комплексінің шаралары аурудағы жақ сүйек остеомиелитінің классикалық көрінісінің жинақталуына және осылардың ішінде одонтогенді қабыну процесінің өту барысына байланысты болады.
Созылмалы жақ сүйек остеомиелитімен ауырған ауруларды емдеудің негізгі міндеті — сүйектің секвестрленген бөлігін уақытында алып тастау, яғни секвестрэктомия болып табылады.
Бұл операция алдында дәрігер келесі мәселелерді шешіп алуы керек: 1. Операция уақытын анықтау. 2. Секвестрлік қуысқа жету жолы. Ауыз іші арқылы жету әдісі таңдалады. 3. Аурудың операциядан кейінгі кезеңін жүргізу.
Секвестрэктомия операциясына секвестр шекаралары рентген суретте жақсы көрінген кезде ғана кірісу керек. Барлық қозғалған тістерді жұлуға ұмтылу дөрекі қателік болып есептеледі. Тек себепті тіс жұлынады, егер ол бұрын (ертеректе) жұлынбаған болса. Қалған қозғалмалы тістерді біржақты байланыстырушы шендеуіш-қазықпен бекіту керек немесе қажетті протез дайындау керек.
Шектелген остеомиелитте секвестрэктомия бір кезеңде, ал жайылған түрінде бірнеше кезеңге бөлініп жүргізіледі. Сүйек түзілуін сақтау мақсатында грануляцияны қырып алмайды. Жыланкөз жолындағы грануляциялық тін толық қырылып алынады немесе кесіледі. Операция кезінде кесілген патологиялық өзгерген тістерді гистологиялық зерттеуге жіберу керек, әсіресе күмәнді жағдайда.
Операцияға дейін сүйекте пайда болған қуысты толтыру мәселесін шешіп алу керек. Егер қуыс кішкентай болса, оны гемостатикалық губкамен немесе көрсеткіпгі бойынша антибиотиктермен толтырып, 1—2 резиналық дренаж салып тігеді. Үлкен қуыстарды пластикалық процестерге жағымды әсер ететін материалдармен толтыру керек. Жақ сүйектің созылмалы одонтогенді остеомиелитінен кейнгі қалған қуыстар мен ақауларды толтыру үшін көптеген әртүрлі пластикалық материалдар ұсынылған. Нативті формалинделген немесе мофилденген сүйек ауто-және ал-лотрансплантаттарын қолданғанда жақсы нәтижелер беретіні анықталған (Безруков А. И. 1979, Плотников Н. А. 1979, Водо-лашкин М. П. 1981).
Біздің клиникада, хирургиялық стоматология кафедрасында, жақ сүйектердің созылмалы одонтогенді остеомиелитіндегі секвестрэкомиядан кейінгі сүйекте пайда болған қуыстар мен ақауларды толтыру үшін брефоостеопласт қолдану әдісін шығарған. Ұсынылған әдіс брефоостеопласт дайындау кезеңінде оның құрамына емдік эффектісін едәуір дәрежеде жоғарлатуға бағытталған дәрілік заттар қосуға мүмкіндік береді.
Брефоостеопласт ЦНИИС (1993) әдісі бойынша дамуы кенеттен бұзылған 20—25 жұмалық адам ұрығының аяқ-қолдарының қуысты сүйектерінен дайындалады.
Гомогенизация, лиофилизация, гамма-сәулесімен стерилдеу нәтижесінде алынған препараттар ұрық сүйегінің бактерицидтік, пластикалық гемостатикалық, қасиеттерін сақтайды (репаративті процестерді жоғарлату, айқын антигендік қасиетінің жоқтығы). Операциядан кейінгі кезеңде ауруларға төсектік тәртіп, көрсеткіші бойынша антибиотерапия ережесін ескере отырып, антибиотиктер, сульфаниамидтер, десенсибилизациялық терапия тағайындайды. Жалпы жағдайын жақсартатын ем жүргізіледі. Жергілікті байқаулар, УЖЖ, УКС, ауыз қуысын мұқият күту.
Қосымша аурулары бар болса, мамандардың кеңесі бойынша созылмалы остеомиелитпен бірге басқа ауруларын қатар емдеу керек.
Егер ауруға емханада операция жасалса, ол жұмыстан босатылады. Диффузды созылмалы остеомиелитте жұмысқа жарамсыздық мерзімі айларға созылуы мүмкін. Асқыну болған жағдайда (патологиялық сынық, контрактуралар, сүйек ақаулары т. б.) ауруларды мүгедектікке ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет