Жаңа Қазақста-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері



бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,4 Mb.
#16330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Түп-тамыры түркіден тарайтын ортақ Дала өркениетінің ұланғайыр кеңістігінде ежелден бастап-ақ гүлдене қанат жайған бұл мәдени үрдіс Қазақстанның қазіргі шекарасымен ғана шектелмесе керек. Өмір мен өлімнің өзегін жалғап, қуаласаң сағымдай созыла жеткізбей діңкеңді құртатын Уақыт, Кеңістік атты шексіз ұғымдардың парқы мен нарқын айыра білген ата-бабаларымыз қандай дана десеңізші. Ол даналықтың ізім-қайым жоғалуы мүмкін бе?! Жоқ! Тіпті, өткен уақытты еске түсіруге мұрша болмай, күнделікті күйбең тірлікпен күн өткізсек те, олар үнемі бізбен бірге. Аңдаған кісіге аяқ астынан шыға келетіні бар. Еуразияның Ұлы даласында қым-қиғаш із тастап, оны арлы да берлі тынымсыз шарлаған, үш мың жыл бойы көші-қон күн кешкен көшпелілер сол өмір, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, жойқын қақтығыстар барысында қалыптасса, енді бірде түйенің қомында, мамыражай тірлік жағдайында өмірге келген. Оның қай-қайсысы болса да, сол көшпелілердің соңғы тұяғы, ұштығы көз алдында тұрған ХХI-ғасырдың басына дейін жеткен қазақ халқының тарихына өшпес белгі қалдырған. Көшпелі өмірдің сән-салтанаты күні бүгінге дейін кей-кейде қылаң ұрып, сыр беріп қоятыны да сондықтан болар...

  • Түп-тамыры түркіден тарайтын ортақ Дала өркениетінің ұланғайыр кеңістігінде ежелден бастап-ақ гүлдене қанат жайған бұл мәдени үрдіс Қазақстанның қазіргі шекарасымен ғана шектелмесе керек. Өмір мен өлімнің өзегін жалғап, қуаласаң сағымдай созыла жеткізбей діңкеңді құртатын Уақыт, Кеңістік атты шексіз ұғымдардың парқы мен нарқын айыра білген ата-бабаларымыз қандай дана десеңізші. Ол даналықтың ізім-қайым жоғалуы мүмкін бе?! Жоқ! Тіпті, өткен уақытты еске түсіруге мұрша болмай, күнделікті күйбең тірлікпен күн өткізсек те, олар үнемі бізбен бірге. Аңдаған кісіге аяқ астынан шыға келетіні бар. Еуразияның Ұлы даласында қым-қиғаш із тастап, оны арлы да берлі тынымсыз шарлаған, үш мың жыл бойы көші-қон күн кешкен көшпелілер сол өмір, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, жойқын қақтығыстар барысында қалыптасса, енді бірде түйенің қомында, мамыражай тірлік жағдайында өмірге келген. Оның қай-қайсысы болса да, сол көшпелілердің соңғы тұяғы, ұштығы көз алдында тұрған ХХI-ғасырдың басына дейін жеткен қазақ халқының тарихына өшпес белгі қалдырған. Көшпелі өмірдің сән-салтанаты күні бүгінге дейін кей-кейде қылаң ұрып, сыр беріп қоятыны да сондықтан болар...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет