Жаңа Қазақста-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,4 Mb.
#16330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жалпы, қазақ тарихы – жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті – жан-жақты мәдениет. Даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері, тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсем де бола білген. Соған орай халық та осы сарбаздарын, ақындарын, сазгерлерін, шешендерін, көсемдерін шексіз құрметтеген, еркелеткен. Оларға еліктеген, таланттарына тағзым етіп, дарындарына қошемет көрсеткен. Сондықтан да болар, көшпелілердің далалық мәдениеті, өлең-жыр өнері, ұшқыр ой, суырып салма «сөз барымтасы», «түн қатып жүріп түс қашырған» ерліктері, соғыс алаңын тітіркенткен «жорық жырлары», елім деп «еңіреп өткен ерлерінен» айрылғанда ағылатын «жоқтаулары» – түбі бір түркілердің атадан балаға мирас болып қала берген мәңгі мұрасы іспеттес. Олардың баршасы, айналып келгенде, – қазақтың, оның ұлттық мемлекеттілігінің бірегей рухымен, асқақтығымен, қиян-кескі тартыстарымен, біреу ұғып - біреу ұғынбас, бірі сезіп - бірі сезінбес ішкі ізденіс сауалдарымен, рәміздік һәм идеологиялық ерекше құбылыс кейпіндегі бүтін бір елдік пен ерлік симфониясы - Дала Дастаны түрінде көрініс береді.

  • Жалпы, қазақ тарихы – жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті – жан-жақты мәдениет. Даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері, тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсем де бола білген. Соған орай халық та осы сарбаздарын, ақындарын, сазгерлерін, шешендерін, көсемдерін шексіз құрметтеген, еркелеткен. Оларға еліктеген, таланттарына тағзым етіп, дарындарына қошемет көрсеткен. Сондықтан да болар, көшпелілердің далалық мәдениеті, өлең-жыр өнері, ұшқыр ой, суырып салма «сөз барымтасы», «түн қатып жүріп түс қашырған» ерліктері, соғыс алаңын тітіркенткен «жорық жырлары», елім деп «еңіреп өткен ерлерінен» айрылғанда ағылатын «жоқтаулары» – түбі бір түркілердің атадан балаға мирас болып қала берген мәңгі мұрасы іспеттес. Олардың баршасы, айналып келгенде, – қазақтың, оның ұлттық мемлекеттілігінің бірегей рухымен, асқақтығымен, қиян-кескі тартыстарымен, біреу ұғып - біреу ұғынбас, бірі сезіп - бірі сезінбес ішкі ізденіс сауалдарымен, рәміздік һәм идеологиялық ерекше құбылыс кейпіндегі бүтін бір елдік пен ерлік симфониясы - Дала Дастаны түрінде көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет