«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»


Есекенова Ләззат Ермекқалиқызы



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Есекенова Ләззат Ермекқалиқызы
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы. Қараоба ауылы
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының
 қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Есімдік. Жіктеу есімдігі.
Сабақтың мақсаты : 
Білімділігі : Есімдік туралы жалпы түсінік қалыптастыра ,жіктеу есімдігінің анықтамасы, 
тұлғалық ерекшелігі жағынан білім беру.
Дамытушылығы : оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау,сөйлеу 
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың сөздерді қолдану ерекшеліктерін байқау  арқылы сөз құдіретін түсіне 
білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:  Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, ізденушілік, топпен жұмыс.
Көрнекілігі : тірек -сызба, слайдтар,дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақ барысы :   Ұйымдастыру кезеңі
158

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
А)Оқушылармен сәлемдесу  Ә) Сабаққа керекті құрал жабдықтарын түгендеу.
Б) Сабаққа қатысуын қадағалау.
Жаңа сабаққа кіріспе:  « Кім жылдам ?» ойыны. Тақтада берілген суреттердің өздеріне 
ұнайтындарын таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. Суреттерді жылжытқанда  ЕСІМДІК 
деген сөз шығады.
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
Тақтадағы мысалдарға оқушы назарын аудару.
Алтыншы сынып оқушылары  мектеп мақтаныштары. Олар қоғамдық жұмыстарда ылғи алда 
жүреді. Мен осы сыныпта оқығанымды мақтан етемін.
Айнагүл қызыл түсті ұнатады.  Анасы            оған     осы түстен көйлек тігіп берді.
Тақтада қарамен берілген сөздер есімдіктер.
Енді ойланып көрейікші есімдік қандай сөз табы екен?  Оқушылар жауабы тыңдалады.  
Оқулықтарын аштырып, ережелерді оқыту арқылы, өздері берген жауап нұсқаларымен салыстыру. 
Тақтадағы сызба-  кесте арқылы есімдіктің мағыналық  түрлері туралы, жіктеу есімдігінің 
тұлғалық ерекшелігі жөнінде түсінік беру.
Сергіту сәті. Кім зерек?  І.Жасүгіровтің  «Ана тілім» өлеңін жатқа бір оқушы оқиды,қалғандары 
кездескен есімдіктерді теріп алып отырады.
Топпен жұмыс. 1-топ   «Білімпаздар»   165-жаттығуды орындату.Көп нүктенің орнына тиісті 
есімдіктерді қойып,көшіріп жазыңдар.
2-топ  «Жазушылар»  Есімдіктерді қатыстыра отырып, «Біздің сынып 
қызықтары»тақырыбында шағын әңгіме жазу.
3-топ «Тілшілер»  Есімдіктерді тауып, сатылай кешенді талдау жасаңыздар.
Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта  алмай келе жатқан халықпыз.
Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ, кім не деп таниды? Н.Ә.Назарбаев.
Бекіту. Мәтінмен жұмыс жүргізу. Берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, мағыналық түрлерін, 
түрлену жолын түсіндіріп беріңдер.
Талғат Айтбайұлының Қайратқа жазған хаты слайдтан көрсетіледі. «Еменнің иір 
бұтағы»кітабынан 31-бет.
Қорытынды:Міне оқушылар,  сабағымызды қорытындылай келе бүгінгі жаңа сабағымыз арқылы 
өмірлеріңізге азық болар мәліметтерді ала білдіңіздер. Сабағымызды желтоқсан  боздақтарының 
хатымен аяқтауымыз да тегін емес.Көп кешікпей Тәуелсіздік  мейрамын тойлаймыз. Аға  
апаларымыз сыйлап кеткен құндылығымыз - Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып , сіздер секілді 
білімді ұрпақтарымыз көбейе берсін. Сіздердің бүгінгі алған бағаларыңыз  Тәуелсіздік мейрамына 
тартуларыңыз деп білемін.
Оқушыларды  бағалау. 
Үйге тапсырма : 167, 173-жаттығулар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы 
К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің І санатты  
бастауыш сынып мұғалімі  Нұрмұханова Мақпал Дәрментайқызы
Дарынды, талапты жастар-бүгінгі  егемен еліміздің жарқын  болашағы
“ Бізге  керегі - шын дарындылар. Ел болашағы  тәжірибелі де жан-жақты дамыған жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында” -деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бізге ел
сенімін   жеткізіп   отыр.   Демек,   әрбір   баланың   бүгінгі   мектеп   табалдырығында   алған   білімі   оның
ертеңгі өмірінің азығы, рухани және материалдық байлығының көзі екенідіген сендіре білу - басты
міндетіміз. 
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет
“Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту” сияқты
өзекті мәселелер еңгізіліп отырғаны белгілі.
“Дарындылық -бұл табиғаттан берілген ерекше қабілет”  Дарынды оқушыларды іздеу, оларды
оқыту және тәрбиелеу қоғам үшін қажет.
  Адам-тұлға болып тумайды қалыптасады. Оқытуда ең бірінші негізгі түйін – оқушы, ал ұстаз-
159

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
тану әрекетінің дамытушысы. Сонда біз тұлғаны дамыту арқылы оқушы бойындағы дарындылықты
дамытамыз.
Енді   дарынды     балалар   қандай   болады   деген   сұраққа   жауап   іздеп   көрелік.   Белгілі   зерттеуші
Н.Лейтес балалардың қабілеттелігін үш топқа бөліп қарау керек  дейді. Бірінші топ- интеллектуалдық
қабілеті   ерте   байқалатын   балалар,   олардың   мектепте   үлгірімі   өте   жақсы   болуымен   бірге   өз
қатарларынан   дамуы   озық   болады.   Екінші   топқа   белгілі   бір   пәннен   қабілеті   жоғары   деңгейдегі
балаларды   жатқызса,   үшінші   топқа   дарындылық   белгілері   ерекше   көріне   бермейтін   балаларды
жатқызады, бұлар өз қатарынан озық болмағанымен, қабілеті жоғары болады. 
Бірінші топтағы дарынды балаларға бағыт беріп отырсаң жеткілікті. Екінші топқа жататын, яғни
мектеп   қабырғасында   оқытылатын   пәндер   бойынша   дарындылық   танытқан   оқушылардың
шығармашылық қабілеті даму үшін мұғалімнен педагогикалық-психологиялық ізденіс талап етіледі.
Дарынды   баланы   анықтап   алу   өз   алдына   бір   жұмыс.   Кез-келген   баланың   бойында   жеке   қасиеті
болары   анық,   бірақ   сол   баланың   басқа   баладан   ерекшелігін   ұзақ   бақылаулар   нәтижесінде   ғана
байқауға   болады,   соңғы,   үшінші   топқа   жатқызылған   дарынды   оқушылардың   ашылуы   үшін   және
оқушының өзін-өзі таныта білуі үшін не істеу керек?
Әсіресе, әдебиет сабағында қабілетті балаға ой түрткі болатын жұмыс жасату арқылы тасада қалып
қоятын балалардың қызығушылығын оятуға болады. Әдебиеттің мақсаты-адамның ішкі дүниесін ашу.
Дарындылық дегеніміз – бұл қабілеттің интегралды көрінуі, психика қасиеттерінің адам өмірінде
жүйелі дамуы, іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде көрінетін адам жетістігінің мүмкіндігі.
Дарындылықтың сапалығы мен даму сипаты –  тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік ортаның
күрделі байланысының жемісі.
Дарынды   балаларды   анықтау   –   баланың   дамуын   талдаумен   байланысты   ұзақ   үрдіс.
Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды
баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
Дарындылық белгісі – бала іс - әрекетінде көрінетін және бақылау арқылы анықталатын ерекшелік.
14 жасқа дейін балаларға  дарындылық статусын беруге болмайды.
Дарындылық түрін анықтау критерийлері:

Іс - әрекет түрі және оны психикалық сфераның қамтамасыз етуі;

Дарындылықтың қалыптасу деңгейі;

Оның көріну формасы;

Алуан түрлі іс - әрекетте көріну кеңдігі;

Дарындылықтың жасерекшелікке байланысты көрінуі;
1– ші критерий бойынша дарындылық типін 
     5 түрлі іс - әрекет түрі және 3 түрлі психикалық сфераның қатысуымен 
анықтайды. Іс әрекет түрлеріне: 
1. Практикалық (қолөнер, спорт, ұйымдастыру істері т.б.);
2. Теориялық (танымдық іс - әрекеті);
3. Көркем – эстетикалық (ақын, әнші, биші, суретші, актер т.б.);
4. Қарым – қатынас немесе  коммуникативтілік (көшбасшылық, шешендік);
5. Рухани – құндылықтар (адамдардарға қызмет ету т.б.).
Дарындылықтың көріну формасын   2 – ге бөледі: ашық және жасырын. 
Ашық дарындылықта баланың қабілеті анық көрінеді, анықталған балаға дамыту бағдарламалары 
таңдалынып жұмыс жүргізіледі.
Дарындылықтың жасырын түрі табиғатынан күрделі және оның көрінуін болжау мүмкін емес 
психологиялық феномен.
Дарындылық белгісі:

Дамудың айқын көрінісі

Шешім жасауға, себебін анықтауға  икемділігі

Абстрактылы ойлауы

Жоғары зейінділік

Ақыл-ой жұмысына икемділігі

Танымдық қажеттілігі

Еске сақтауы
160

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы

Мәліметті жүйелей білуі
Дарынды балаларды анықтау әдістері:

Психо-диагностикалық тренинг

Әртүрлі жағдайларды байқау

Арнайы бағдарлама бойынша «Байқау» сабақтарын өткізу

Баланың отбасы жағдайы туралы мәлімет жинау

Шығармашылық іс-әрекеттің өнімділігін эксперттік бағалау

Педагогикалық консилиум өткізу 

Жарыстар, олимпиадалар т.б. ұйымдастыру
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық 
ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, 
жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалуы мүмкін» дейді американдық ғалым Г. 
Айзенк.
------------------------------------------------------------------------------------------------
Хисменова Тұрсын, БҚО,Казталов ауданы, 
Жаңатаң ауылы, Мирон негізгі мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу, азайту.
Сабақтың мақсаты: 1) 9 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту тәсілдері жайлы оқушылардың 
білімдерін бекіту.
2) Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3) Тиянақтылыққа, әдемі жазуға үйрету әдіс-тәсілі: 
түсіндіру, өрнек құрастыру, сұрақ-жауап, топпен-жұмыс.
 Сабақтың көрнекілігі: кестелер, карточкалар, тест, гүлдер.
Сабақтың барысы:
J)
Ұйымдастыру. Балалардың зейінін сабаққа аудару. 
K)
Кіріспе бөлім. 
Қызығушылықты ояту. Бүгінгі күн туралы кім толық айтып береді? Аптаның екінші күні сейсенбі 
наурыздың бесі.
Психологиялық жаттығу: -мен өз қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге 
сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды кім?      -Адам
-Сендер де адамсыңдар, сендер ең күшті ақылды, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, 
бүгінгі «9 санын қосу, азайту» тақырыбына арналған жарыс сабағымызды бастаймыз. 
Өткен сабақта 8 санын қосу, азайту және кері есептерді шығарып үйрендік. Балалар, қазір жылдың 
қай мезгілі? Оған қандай айлар жатады?
-Көктем мезгілі. Наурыз, сәуір, мамыр.
-Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
-Ұйқысынан оянады, балалайды. 
-Наурыз айында қандай мейрамдар бар? 8 наурыз, 22 наурыз.
-Қандай жыл құстарын білесіңдер?
-Олай болса, алғашқы көктем бәрімізге қуаныш әкелсін дей отырып осы гүлдердің аттарын ала 
отырып, сынып екі топқа бөлініп жарысады. 
І топ Бәйшешек
ІІ топ Қызғалдақ.
Тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, терген гүлдерімізді құмыраларға салып жинаймыз. 
І-топ «Бәйшешек» 
-Санды немен белгілейміз?
-Кесіндіні немен өлшейміз?
-Азайтудың компаненттерін ата.
-Сызық түрлерін атап бер.
ІІ-топ «Қызғалдақ»
-Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білеміз?
161

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
-Қосудың компаненттерін ата.
-Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
-Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданылады?
Жаңа сабақ. 
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
3.
Қыс айларының бірі
4.
Үш ондық
5.
 Азайту компаненттерінің бірі
6.
Сөз неге бөлінеді?
7.
Оқушы құралы
қ
а
ң
т
а
р
о
т
ы
з
а
з
а
й
ғ
ы
ш
б
у
ы
н
с
ы
з
ғ
ы
ш
Демек, бүгінгі тақырыбымыз: «9 санын қосу және азайту»
Ал, қанеки балалар,                                Сандарды оқушыларға санатып тақта 
Бері таман қараңдар.                               алдына қою. 
Жаңа сабақ бастайық                              Неше құлпынай-9
Есептерді қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
Енді дәптерімізді ашып бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық. 
№1                                                                     №2
10 1
                                                        Аққу-7
10
                                                 Қарақу-?    2-артық
9
                                                Шешуі: 7
                                                            Бақта тоғыз қарақу бар.
Математикалық тест. 
4
       9,10,7          10
         7,8,9             9
          5,8,9         10
      6,3,9
6
       8,6,4             9
          5,6,7             5
          6,8,10        6
       6,9,10
Сергіту сәті.
Күн жарығын алақанға аламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда деру жан-жағым.
2. Құрастыру. Оқушылардың ойлауын дамыту, қабілетін арттыру 9 таяқшадан бірдей неше 
үшбұрыш құрастыруға болады?
3. Рефлексия кезеңі. «Мәтелдер-көңіл айнасы» сайысы бойынша әр топ санға қатысты мақал-мәтел 
айтуы керек. Көп мақал айтқан топ жеңеді. 
1. Жүз теңгең болғанша                                      4. Екі адамның жинағаны 
Жүз досың болсын.                                            Үш адамға жетеді
2. Отыз тістен шыққан сөз                                  5. Батыр бір өледі
Отыз рулы елге тарайды.                                   Қорқақ мың өледі. 
3. Білекті бірді жығады    Білімді мыңды жығады. 
Логикалық ойлау жұмыстары. Әр суретте неше үшбұрыш бар?
3
 үшбұрыш бар.
«Кім мерген» ойыны. Шарты. Шарды жебемен жарып, ішіндегі кеспе қағаздағы 9санына 
162

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
байланысты математикалық амалдарды олрындау. 
Балалар, біз сендермен «Гүл теру» ойынын ойнап, құмыраға біраз гүлдерді жинадық. Енді осы 
гүлдерімізді аналарымызға сыйлау үшін тағы тапсырмалар орындаймыз. Бұл жұмысты жүргізу 
арқылы дүниедегі ең жақын адамды білеміз және гүл құрастырамыз. Ол кім екен балалар?   - Ана 
Топтастыру. Поэзия минуты
Балалар аналарымызға қандай өлең жолдарын сыйлаймыз. 
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың. 
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың. 
(Аналарға гүл сыйлаймыз)
Бекіту сұрақтары
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Неліктен?
Қандай әрекет жасадыңдар?
Бүгінгі сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар.
Бағалау. Қорытынды. Үйге тапсырма №5
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мукамбеткалиева Самал Сабитовна,
 БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы
 білім беретін мектебінің бастуыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Алғыс»
Мақсаты:  «Алғыс» ұғымының   адамгершілік   құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Алғыс
айту туралы   түсініктерін   кеңейту.   М.Төрежановтың   «Алғыс» әңгімесін кейіптендіру.   Әңгіменің
мазмұнын аша отырып, диалог сөздерді мәніне   келтіре айта білуге дағдыландыру. Әдепті болуға,
үлкен-кішіге  ізет, қамқор болуға тәрбиелеу.
Міндеті: 1.«Алғыс» сөзінің мән-мағынасын айыра білуге үйрету.
               2. Жыл мезгілдерінің ішінде күз айларының өмірде орны ерекше екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп айта алады.
                                     2. Күз байлық, күз молшылық, күз жомарт екенін біле алады.
Не арқылы бағаланады: 1. Мәнерлеп оқу және жатқа айту
                                          2. РАФТ кестесі,өзара оқыту, сұраққа нақты дұрыс жауап беру 
Әдіс-тәсілі:  Сұрақ-жауап, РАФТ кестесі, көрнекілік немесе тірек символдары, өзара оқыту, өзін-өзі
бағалау.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, техникалық құрал
Сабақтың барысы:  І. Қызығушылығын ояту
а) Психологиялық дайындық.  Балалар ортаға шығып, бірін-бірі құшақтайды  
 Арайлап таң атты
        Алтын сәуле таратты
        Жарқырасын даламыз,
        Жақсы оқитын баламыз
        Қайырлы таң достарым!
ә) Үйге берілген тапсырма
Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу, «Мұғалім» өлеңін жатқа айту. Әр 
топтан сұрау.
б) Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: 
1. Күзде жапырақтар неге түседі?
2. Шәкірт ұстазына қандай уәде берді?
3. Тақырып дегеніміз не, шығарманың идеясы дегеніміз не?
ІІ Мағынаны тану. в)Көрнекілік  немесе  тірек символы
Суреттер арқылы 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.
г) Өзара оқыту стратегиясы    Бала мәтінді өзі оқиды. Мұғалім толықтыру үшін қосымша сұрақ
береді.
163

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ғ)Сергіту сәті «Сөйлем құра» ойыны. Мақсаты: Заттарды өзара тез байланыстыру.

Теледидар, тышқан, тау.

Боран, кітап, трактор.

Керік, арқан, күшік.

Сарай, қоңыз, таңертең.
д) Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты? Не үшін?

Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?

Анасы балаларға қандай ақыл айтты?

Күз мезгілі несімен ұнайды?

Күзде болатын тұрмыстық, кәсіптік мерекелерді ата.
ІІІ Ой толғаныс.  РАФТ.  10минуттық эссе жаздыру.
Дәйек сөз: «Егер еңбегіңе жұрт алғыс айтып, сүйсінер болса, еңбегіңнің бағаланғаны»
ІV Өзін-өзі бағалау.   V Үйге тапсырма
1.Мәтінді рөлге бөліп оқу.   2.Еңбек туралы мақал-мәтел жазып келу
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
                                «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ
                     Мукушева Гульмира Серикпековна 
Химия, биология пәні мұғалімі.
«БІЛГІР ХИМИК – ХХІ»
Мектепте   бағдарламадан   тыс   сабақтар,кештер   ұйымдастыру   арқылы   оқушылардың
шығармашылық қабілетін одан әрі дамытуға болады. Осындай сабақтардың тәрбиелік мәні де зор.
«Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақ қолында» - дегендей алдымызда тұрған дені сау, рухы биік,
ой-өрісі кең болашағы айқын жеке тұлғаны ХХІ ғасырдың білгір химигі етіп шығару  өз қолымызда.
І бөлім: «Бәйге». ( Оқушылар жылдамдығына қарай, қайсысы тез, әрі дұрыс жауап берсе, сол 10 
ұпай алады).
Сұрақтар:
1.Қандай қышқылды барлық қышқылдардың анасы дейді?(күкірт қышқылы)
2.Денесінде қышқыл бар жәндік?(құмырсқа)
3.Қандай химиялық элементтің атауы оның табиғаттағы рөліне сәйкес келмейді? ( Азот - грек 
тілінен аударғанда «өмірді құптамаймын» )         
4.  Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы (кариес) пайда болады? (фтор)      
     5.  Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (мырыш) 
     6.Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)
     7.Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы? (ас тұзы)
     8.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (тұз қышқылы)
ІІ бөлім: «Полиглот». «Жеті жұрттың тілін біл».
( Сұраққа жауап беріп , кездесетін элементтерді қазақ, орыс,латын тілінде айту. Дұрыс жауапқа 20 
ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай қойылады.)
1. Консерві қалбыры жасалатын металл.
2. Сұйық металл.
3.Теңіз орамжапырағы  ламинарияның  құрамына кіретін элемент.
4.Электр шамының сымы жасалатын элемент. 
5.Иілгіштігі ең жоғары элемент.
6.Киімді ағартуға қандай элемент қолданылады.
7.Ең жеңіл газ.
8.Наполеонның өліміне себепші болған қандай химиялық элемент.
ІІІ бөлім: «Көкпар».
Көп ұпай жинаған 3 оқушы – А тобына , ал аз ұпай жинаған 3 оқушы –Б тобына жиналып, топ 
болып жауап береді.
164

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Берілген тапсырма:

Алкогольдің зияны.

Судың пайдасы мен зияны.
Бұл бөлімнен кейін ұпай саны басым 4 оқушы қалады.
IV бөлім: “Қызықты 5 сұрақ». (10 ұпаймен бағаланады)
1.Сөндірілмеген әктің формуласы? 
2.Антибиотик дегеніміз не?
3.Алманың кесілген жері неліктен сарғаяды? 
4.Қандай суда қоспалар аз?
5.Тұз түзбейтін оксид?
V бөлім: «Тікелей сұрақтар». (Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қосылады).
1. Өздеріңізге белгілі табиғи газ түссіз , иіссіз . Ал, тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар. 
Неліктен?
2. А және Б газ күйінде жай заттар әрекеттескенде түзілген В заты –иіссіз,түссіз,дәмсіз сұйықтық. 
Қыздырғанда , салқындатқанда агрегаттық күйі өзгергенімен, бастапқы молекуласын сақтайды. 
Тұрмыста, халық шаруашылығында, өндірісте кеңінен қолданылады. А,Б,В затын атап, формуласын 
құрастырыңыз.
3. Екі  ыдыста да көзге көрінбейтін түссіз, иіссіз газ толтырылған.
Бірінші ыдысқа тышқанды жібергенде сергек сезінеді.
Екінші ыдысқа шала жанған шырпыны апарғанда лап етіп жанып кетеді. Ыдыстарға толтырылған 
қандай газдар?
4. Бірінші буыны «қабылда» деген сөздің мағынасын білдіреді, екінші буыны «шараппен улану» 
деген мағынаны білдіреді, ал өзім тұзбын. Ойлаңызшы сонда мен кіммін?
Бұл турда 2 оқушы қалады.
VI бөлім: «Жорға» (20 ұпаймен бағаланады)   
1-оқушыға.
1.Ең қатты металл.
2.Қандай элемент қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады? 
3. Ең жеңіл металл.
4. Иіс газы.
5. Бөлінбейтін кішкентай бөлшек.
6.Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады?
7. Қандай су  ем үшін пайдаланылады?
8.Крахмалды қандай затпен бояуға болады?
9. Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз?
10.Сутектен кейінгі ең жеңіл газ?.
11.Барлық жер қыртысында ең көп таралған элемент?
12.Ең ауыр металл?.
2-оқушыға.
1. Қанның құрамына кіретін металл.
2. Ас содасының формуласы.
3. Адам тыныс алатын газ.
4. Бейметалдардың жалпы саны.
5. Жұмыртқаны отсыз , электр қуатынсыз пісіруге болады ма?
6.Тоқты ең жақсы өткізетін металл.
7.Ең иілгіштігі жоғары металл.
8.Фермент деген не?
9. Бірінші бөлігім «алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те 
есептеледі. Мен кіммін?
10. Көмірдің жануы қай құбылысқа жатады?
11. Фтордың салыстармалы атомдық массасы.
12. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сан.
VIІ бөлім: « Шешендік өнер».
( Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. 50 ұпаймен бағаланады.)
165

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы

Химия ғылымының пайдасы.

Химия ғылымының  зияны.
Жоғары ұпай жинаған оқушы тиісінше марапатталып,  келесі   интеллектуалдық ойынға дейін  өз 
дәрежесін сақтауға тырысады.  Бұл басқа да оқушылардың  ынта – жігерін оятып, пәннің қызықты 
өтуіне себебін тигізеді.
------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет