Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газ
S(ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық;олар суда жақсы ериді,нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі,олай болса бұлар қышқылдық оксидтер
Алынуы
Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2
Өндірісте: 2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO2
2SO2+O2 → 2SO3
Химиялық қасиеттері
Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O→Na2SO3
Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді
SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O
Қолданылуы
SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады.
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ
Н2SO4
Физикалық қасиеттері
Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық