Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағыттық жұмыс жүргізу.
Міндеттері:
1. Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.;
2. Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау;
3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру . /пән мұғалімдері/;
4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /мектеп психологі/;
5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі;
6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
Үлгерімі төмен оқушыларды үш топқа бөліп қарастырған жөн:
1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен. (танымдық процестердің төмендігі, ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау);
2 – топ: Ақыл – ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен;
3 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен, оқуды игеру деңгейі орта.
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер
1. Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару
Тәсілдің жақсы жақтары
Тәсіл кемшіліктері
Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге
Болады
Ұйымдастырушылық: жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.
Психологиялық: толымсыздық комплексі қалыптасады.