Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы, бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра дамыта оқыту
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Назарбаев
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . . Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушылардың жеке білімдерін анықтау және бағалау тұрғысында олармен деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу тиімді. Басты мақсат – оқушыларды өздігінен ізденуге ұмтылдыру. Ерекшелігі – жаңа технология бойынша өздерінің білімдерін бағалай білу.
Сонымен қатар, оқушылар компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық — коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Оқытудың жаңа инновациялық технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқытушы оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасау.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын» деп, қазіргі таңдағы білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологиялар мен ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет ететінін атап көрсеткен.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды пайдалану оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Информатика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
·оқушының өз бетімен жұмысы;
·аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
·білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
·қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
·оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Қазіргі таңда, әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және ақпараттық технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Жалпы, қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың оқыту тиімділігін 20-50%-ға ғана емес, бірнеше есе көтеруге қабілетті екені анық аңғарылады. Мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, компьютерлік оқыту кәдімгі лекция тыңдау кезіндегіге қарағанда білімді 10 есе көп игеруге септігін тигізеді екен.
Ақпараттық технологиялардың негізгі бірлігі компьютер болып табылады. Ол ақпараттық технологияларды қолдануда оқушының тікелей байланысатын өткізгіш рөлін атқарады. Алайда оқыту технологиясының негізгі бірлігі компьютер емес, компьютерлік оқыту бағдарламасы екенін де естен шығармаған дұрыс. Яғни, нақ осы бағдарлама технологияның «кірпіші» десек артық болмас. Сол себепті, біз үшін компьютердің рөлін емес, оқу үдерісіндегі компьютерлік бағдарламаның рөлін қарастырған маңыздырақ.
Компьютер білім беру жүйесінде тек қана оқыту құралы ретінде қалып қоюда. Оқу үдерісін қалыпты күйде жекелеген фрагменттер (үй тапсырмасын орындау, сыныпта сабақ оқу) бойынша қарастыратын болсақ, онда компьютер құрал ретінде негізге алынады. Ол оқушыға қандай бағдарламаны ұсынса да және оқушы қандай оқу бағдарламасын қолданса да – бәрібір оқушы оны проектор, кесте, сызба, карта, т.б. кез келген көрнекі құрал секілді пайдаланады.
Оқытушы сабағында ақпараттық – инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — инновациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы.
Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиясы – бұл оқытудың негізгі қызметтерін орындайтын оқыту құралы. Ол дидактикалық мүмкіндіктерді кеңейте отырып, оқытуға жаңа сапалы сипат береді және оқушының жеке қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыруға, жеке қабілеттерін дамытуға елеулі септігін тигізеді.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Информатика негіздері» журналдары.
3. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»
5. Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж
6. Интернет материалдары «Google»
Достарыңызбен бөлісу: |