Жаңа компьютерлердің педагогикалық мүмкіндіктері


Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері



бет2/4
Дата09.03.2023
өлшемі125 Kb.
#72623
1   2   3   4
Байланысты:
7 лекция Айымхан апай

Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері



  1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және оны аналитикалық өңдеуге мүмкіндік береді, себебі бұл ақпарат статикада емес, динамикада неғұрлым жалпыланған, жүйеленген түрде беріледі. Хабар алудың жедел әдісі адамзатты қоғамның барлық саласындағы жаңалықтардан хабардар етіп отырады. Компьютердің жедел жадысының көлемі, жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да арта түседі, Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығ өте жоғары болады, ол секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

  2. Компьютерлік технология адамзат қызметінің әр түрлі әдіс-тәсілдерінің бірі бола тұрып, олардан құрылымдық-мазмұндық диалог құру арқылы көрінетін, коммуникативті байланысқа түсе алатын айрықша белгісімен ерекшеленеді (білім беру жүйесін ақпараттандыру).

  3. Виртуальды кеңістіктегі жүйе және компьютерлік ойындар.

  4. Web-сайт арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Оқушы дүниежүзілік әдістемелік жүйелермен танысады. Сайтты аша отырып жұмыс істеу өте қызықты, толып жатқан тақырыптарды қамтиды және мұнда тақырыптарға байланысты орындалатын тапсырмалар-жаттығулар жүйесі енгізілген.

  5. Интерактивті жүйедегі жұмыс (қажетіне қарай кері байланыс жасау мүмкіндігін жүзеге асырады).

  6. Компьютерлік технологияның көмегімен атқарылатын қызметтің мазмұны жөніндегі хабарлар мен жедел алмасуды жүзеге асыруға болады (интернет, электрондық почта, видеоконференциялар). Видеоконференция-лар орта сапалы арзан видеобайланысты іске асыруға мүмкіндік береді.

  7. Оқу үрдісіне компьютердің енгізілуі оңтайландыру есептері деп аталатын есептің жаңа түрлерін шешуге жақсы мүмкіндік береді. Әдетте мектептерде мұндай есептер шығарылмайтын, себебі бұл көп уақытты талап етеді.

  8. Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.

  9. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады. Мультимедиа технологиясы оқулық материалының көрнекілігін және нақтылығын арттырады, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

  10. Микроәлемде болып жатқан процесстердің параметрлері мен сипаттамаларын өзгерте отырып, олармен жұмыс істеу мүмкін болады.

  11. Интернет жүйесі дүниежүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның энцеклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады. Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді. Оқушылар мен студенттердің бір тақырыпты әбден меңгеріп алғанынша оқуына мүмкіндігі бар, уақыт шектелмейді.

  12. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық оқулықтың гипемәтінін барынша толықтыра түсуге мүмкіндік береді. Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

  13. Компьютер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен компьютер оқушыларға өз іс-әрекеттерінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін-өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.

  14. CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және WWW интерфейстің көмегіменоқушылардың оқу үрдісіне белсенді түрде таратуға, оқу үрдісін басқаруды да жүзеге асырады.

  15. Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power Point арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын туғызады, яғни фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды.

  16. Компьютерлік технология адамның танымдық зерттеу қызметінің жан-жақты тәсілі, көп функционалды мүмкіндігі (есептеу, тексеру, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу,т.б.).

  17. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы «диалог» шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Электрондық почта көмегімен виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге д болады.

  18. Электрондық конференциялар кем дегенде пайдаланушының компьютерден мәтіндерін, «конференцияларды» бір-бірінен әр түрлі қашықтықтағы оқушылардың беруімен, алуына мүмкіндік береді.

  19. Үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы (CD-дискідегі анықтамалық хабар энциклопедиялардың бірнеше томдарынан гөрі аз орын алады).

  20. Excel бағдарламасымен диаграммалар, графиктер, тестер жазуға мүмкіндік береді.

Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың дұрыс бағытының бірі-компьютерлік модельдеу, имитация және виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыға нақты құбылыстар мен объектілерді зерттеудің құралын айқындауға септігін тигізеді. Мысалы, виртуальды стендпен жұмыс істеген кезінде оқушылар компьютердің өз командасына берген бағасын көре алады. Бұл тұрғыдан алғанда шешімнің дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз жақтарын, жіберілген қателіктерді де оқушыларға көрсетіп отыратын интеллектуалды танымдық жүйелерде қолданылады. Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін де компьютерлік ойындарының алар орны ерекше. Өйткені жоғарыда айтылып өткендей сабаққа компьютерлік технологияны пайдалану танымдық ойындар әдістері оқу мотивациясын қалыптастырудың өз алдына жеке әдістері ретінде көрсетілсе, компьютерлік имитациялық модельдеуде бұл екі әдістері бірігіп, қойылған мақсатты шешуге зор ықпал етеді.
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдану қоршаған ортадағы құбылыстарды өздігінен танып-білуге, олардың дамуын негіздейтін ғылыми тұжырымдамалардың қалыптасуына, игерілетін заңдылықтардың оқушылар жасаған компьютерлік моделінің негізінде осы тұжырымалардың дұрыстығын тексеріп отыруға мүмкіндік береді.
Экспертті оқыту жүйелері үш түрлі шағын жүйелерден тұрады: қарым-қатынас жүйесі, түсіндіру жүйесі, білім жинақтау жүйесі. Бұндай жүйелер есеп шешімінің тактикасы мен стратегиясын түсіндіру, диалог арқылы есеп шешімін табу, оқушының қатесін көрсету арқылы біліктілік, дағды мен білімнің деңгейін бақылау, бақылаудың дұрыстығын бағалау мүмкіндіктеріне ие. Және де оқушы өздік жұмысқа бағыттай отырып, танымдық белсенділікті күшейту, өзін-өзі бақылау мен өздік жұмысты орындату арқылы оқытудың сапасын жақсартып, оқуға деген қызығушылықты арттыруға да септігін тигізеді.
Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет