Жаңа компьютерлердің педагогикалық мүмкіндіктері


Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары



бет4/4
Дата09.03.2023
өлшемі125 Kb.
#72623
1   2   3   4
Байланысты:
7 лекция Айымхан апай

Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары

  • Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;

  • Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;

  • Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;

  • Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;

  • Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасыу;

  • Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;

  • Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.

Сонымен, педагогикалық мақсаттар анықталды, сондағы танымдық белсенділігін қалыптастыруды қарастырайық. Ғалымдардың пікірі бойынша оқушылардың танымдық белсенділігі деп өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегін айтады. Компьютерлік технологияны қолдануда педагогикалық мақсаттардағы танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін ақпараттық-оқу өзара іс-әрекет үрдісінің дамуына жағдай жасайтын шарттардың жиынтығын құрайды, сондай-ақ сол орта бөліктерінің (бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу-көрнекілік құралдар) белгілі бір оқу курсының мазмұнын толықтыруы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі замандағы компьютерлік телекоммуникациялар әр деңгейдегі оқу ақпаратын алу және білім беруде дәстүрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде одан да тиімді түрде жүзеге асырады.
Жаңа әдістерді гипертехнология, мультимедия телематикалық жүйелер, сияқты жаңа технологиялар көмегімен оқыту тәсілдерін өрістету жаңа формалы интерактивтілік ұстанымдарын іске асырудың бірден-бір жолдары болып саналады. «Интерактивті өзара байланыс» термині отандық және шетелдік педагогикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Сөздің тар мағынасында «интерактивті өзара байланыс»-бұл қолданушының бағдарламамен диалогы, яғни тақырыптық сұраныстар және жауаптармен алмасуы. Диалог жүргізудің едәуір дамыған әдістерін қолдану кезінде жұмыс режимі мен оқу материалы мазмұнының варианттарын таңдадау мүмкін болады. Бағдарламаны басқару мүмкіндіктері көбірек болған сайын қолданушы диалогқа белседірек түрде қатысады. Сөздік кең мағынада интерактивті өзара байланыс дегеніміз-тиісті әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы субъектілердің бір-бірімен диалогқа түсуі. Бұл кезде екі жақ сұрақ-жауап алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау және т.б. міндеттерді атқаратын диалогқа белсенді түрде қатысулары қажет. Миллиондаған адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуіне арналған телекоммуникациялық орта интерактивті орта болып табылады. Интерактивтілік кей кезде коммуникациялық жүйелерге сүйеніп оқылатын бағдарламалардың тиімділігіне баға бере алатын көрсеткіш қатарына енеді.
Оқу үрдісінің тиімді болуы ең алдымен оқу материалдарын оқу үрдісіндегі нақтылы жағдайларға қарай бейімдей білуге байланысты. Осы ұстанымды өркендету үшін қазіргі заманға сай телематикалық жүйелердің тигізер пайдасы зор. Бұл жерде оқу үрдісіне сай бейімдеу туралы сөз болып отырған жоқ. Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін зерттеп өңдеушілер оқытушылар оқу курсын немесе оқу материалдарын тартымды да ұғынықты етіп, жеңілдетуі туралы әңгіме етуде.
Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Білімге мультимедиа құралдарын енгізу тың мүмкіншіліктер туғызады. Қашықтан оқыту, мультимедиа құрамдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power Point арқылы оқушылар мен студенттердің пәнге деген қызығуын туғызуға болады, яғни түрлі фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды.
Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика бойынш өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мультимедиа-оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану: басылған оқу құралдары, аудио және видео жазбалар, компьютерлік оқу бағдарламары және т.б. Мультимедиа-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді-мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Бірнеше ақпараттық технологияларды қолдануға арналған мультимедиа білім беру ісінде ең тиімді әдіс болып табылады. Мәселен, компьютер мен адамның арасындағы байланысты арттырады, дауыс шығару, бейне электрондық оқулықтар және оөу құралдары, энциклопедиялар, виртуальдық (компьютермен жасалған) әлем, бағдарламамен оқу және жаттығулар. Мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Мультимедиа технологиясы білім беру саласында ең керекті құралдардың біріне, әрі дербес компьютерді кеңінен қолдануға жол ашты. Қазіргі мультимедиа құралдары материалдары жағынан өте ақпараттық құрылымдар жасауға мүмкіндік береді. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады. Мұндай бағдарламамен жұмыс істей отырып, оқушы өзі игеріп жатқан пәннің құпияларына терең бойлай түседі. Сонымен, мультимедиа технологиясымен оқыту оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік бере отырып, пәнге деген қызығушылықты арттырады.
Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жобаға қатынасушылар эксперименттер өткізіп, зерттеу нәтижелерімен алмасады, электрондық почта бойынша бірлескен талдау жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бірнеше жыл бойына экология саласында жүзеге асырылуда, бірақ оларды физиканы, информатиканы оқытуда пайдаланудың да келешегі мол. Қазіргі кезде АҚШ-та “Comunity of Explorers” (зерттеушілер қауымдастығы) жобасы жүзеге асырылу үстінде. Оған Калифорния мен Жаңа Англияның 27 мектебі қатынасуда. Жобаға қатынасушылар Science Explorer (ғылыми зерттеуші) және Relleb (релятивистік лаборатория) бағдарламаларының жәрдемімен биология, физика салалары бойынша зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ олардың интернет жүйесі бойынша ақпарат жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар. Көптеген мектептердің мұғалімдері мен оқушылары ортақ мәселелерді бірлесе шешуге және зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алған. Олар ақпаратты мәтіндер, графиктер және сандық мәліметтер күйінде жөнелте алады. Сонымен, мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Әсіресе, CD-ROM қондырғысының көмегімен оқушы өзінің білім деңгейін қадағалауға мүмкіндік алды. Бұл қондырғы арқылы компакт дискіге жазылған ақпараттарды оқушы өткен тақырыптарға қайта келу алады. Мысалы, бір дискіге бірден бірнеше томдық мәтіндерді, жүздеген суреттерді көркем графикалық иллюстрацияларды, ондаған аудио-видео фрагменттерді еркін сыйғызып жаза алады.
Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарының бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушылырды оқу үрдісіне белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үрдісін басқаруды да жүзеге асырады. Дыбыс пен қиындық, образ бен тақырыптың интеграциясы мүмкіндіктері мол оқыту ортасын жасайды, бұл ортаның дамуымен қатар оқушылардың оқыту үрдісіне қатыстыру дәрежесі де өсе түседі. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі электрондық оқулықтар болып табылады. Электронндық оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстар мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлде-қайда жоғары болады. Электрондық оқулықтың мазмұнды-амалдық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдарымен толықтырылады. Электрондық оқулықтың мотивациялы-тұлғалық копоненті интерактивті жағдайдағы тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты. Электрондық оқулықтың бағалық-нәтижелік компоненті тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және де басқа да электрондық кітапханалар толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда электрондық оқулықтардың артықшылықтары туралы кқп айтылуда.
Электрондық оқулықтар арқылы:

  • педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялауға (оқыту жүйесін жоспарлауда, сабаққа дайындау барысында, оқу мақсатына сәйкес оқу материалын іріктеуде);

  • оқытудың ойын түрлерін іске асыру (іскерлік, бақылау-тестілік,т.б.);

  • оқушының ақыл-ойын, энергиясын шамалайтын экономикалық талаптарды қамтамасыз етуж

  • имитациялық модельдеудің динамикалық нәтижелерін көркем түрде беру мен нақты объектілерді машиналы түрде имитациялау;

  • хабардың мультимедиалық және гипертекстілік берілуін қолдану;

  • оқушыныі жеке қабілетін ескеру және достық интерфейсті қалыптастыру арқылы жұмыста жағдай жасау;

  • үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы;

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық почта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған. Электрондық почта-мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушымен оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы “диалог” шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Алайда оқушылар модельді және телефонды каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электрондық почта консультацияның интенсивті үрдісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір пәнді игеруде кітапханаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ON LINE режимі белгілі бір секундтар мөлшерінде қажет оқу материалдарын, компьютерлік бағдарламаларды жалпы саны әлемде 125 млн. астам интернет жүйесінің нүктелері мен ірі ғылыми-педагогикалық орталықтардан GORNER, WWW, VERONIKA сияқты компьютерлік жүйелердің көмегімен жүзеге асырады.

  • электрондық почтаның дидактикалық қасиетін Е.С,Полат ішінара қарастырған. Бұл тәсілдік мұқият талдау жасау бөліктерге тән дидактикалық қасиеттерді және де оған телекоммуникацияны қосатын компьютерлік жүйелердің болу фактісіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Электрондық почта көмегімен виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге де мүмкіндік бар. Дүниежүзілік өрмек (Web) арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Виртуальды стенд-бұл оқу-практикалық (лабораториялық) стенд немесе оқу-квалификациялы шеберхана, оқушылардың теориялық білімін жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалар мен технологиялардың көмегімен белгілі бір бағыт бойынша тәжірибе жинау. Виртуальды стенд оқушыға өз білімін бақылауға, лабораториялық жұмыстарды орындауға кететін уақытты компьютердің көмегімен үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту кезінде лабораториялық және практикалық сабақтар “қайсысын істеуге болады” деген ұстаныммен жүреді. Ал “істеуге болмайды” деген ұстанымдар оқушыға тек теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Бұл кезде лабораториялық жұмыстар қойылмайды, өйткені адамға, қоршаған ортаға зияны бар. Виртуальды стенд ешқандай қауіпті жағдайларды болдырмай “істеуге болмайды” деген ұстанымды түсіндіре алады.
Электрондық почта мұғалімнің оқуға дайындығы кезінде әріптестерінен кеңес алуға, ҒТР-сервер арқылы интернеттен материал іздеуге қолданылуы мүмкін. Қашықтықтан оқыту тыңдаушыларына қажетті оқу ақпаратын почтаның тәртібін қолдануға болады. Сонымен бірге, электрондық почта семинар өткізуде және классикалық “ауызша” схема бойынша ашық түрде мғалімнің сөзі, семинарға қатысушылардың сөзі және тақырып сұрақтарына, талқылау, мұғалімнің қорытынды сөзі қоданылуы мүмкін. Электрондық почтаны қолдану семинар-талқылау, семинар-өзара оқу схемасы бойынша өткізген семинар кезінде де нәтижелі болмақ. Электрондық лекцияны өткізу үшін оны қолдану орынды, қашықтықтан оқыту технологиясымен оқытылатын электрондық почта арқылы лекцияның мәтіндері, ұсынылған әдебиеттерден үзінділер және т.б. электронды түрде алып жіберіледі. Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарыныі бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесі дүниежүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады. Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді. Оқушылар мен студенттердің бір тақырыпты әбден игеріп алғанынша оқуына мүмкіндігі бар, шектелмейді. Интернет жүйесінде, мысалы, “жіберу тізімі” тәртібін қолдану көмегімен, серверде қойылған бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушылар тобын бірге араласуына мүмкіндік береді. Берілген сервер-парақ үшін жіберу тізімі санының лицензиясымен рұқсат етілген жіберу (талқылау тобының) тізімінің әр түрлі саны аппаратураның мүмкіндігімен ғана шектеледі және өте үлкен болуы мүмкін. Компьютерде интернетке қосылған тұтынушының автоматты түрде электрондық почталық адресі тағайындалады. Құрылған оқу тобында жұмыстың жазылу тәсілдері және ережелері түсіндіріледі. Топ жұмысты бастайды. Оның әр қатысушысынан талқылау жұмысына жіберілген әрбір хабар, сервер-парақ топтың барлық қатысушыларына автоматты түрде жіберіледі. Оның бір қатысушысы, әрине, мұғалім болады. Әр түрлі серверлерді белсенді түрде қолдану бір жағынан оқу-шығармашылық үрдісті саны, қолданысы және танымдылығы жағынан да ақпараттың көлемі, қолданылуы және іздеу жолдары жағынан да бұрын белгісіз болып келген жаңалықтармен толықтыра түседі.
Интернеттің электрондық конференциялары, яғни бұл қызметі электрондық почтаның өзіндік дамуы болып табылады. Электрондық конференциялар немесе оларды көбінесе компьютерлік немесе телеконференциялар дейді, кем дегенде пайдаланушының компьютерден мәтіндерін, “конференцияларды” бір-бірінен әр түрлі қашықтықтағы оқушылардың беруімен, алуына мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын ақпараттық-техникалық жарақтандыру электрондық почта тәртібіндегі сияқты болады. Бәләм тексеру кезінде, тест ұйымдастыруда компьютердің көмегі ерекше. Өте тиімді және көрнекі етіп Microsoft Excel ортасында тест жызуға болады. Қағаз жүзіндегі тесттер көпке шыдамайды, өзгертуге қолайсыз. Ал, компьютерлік тестті редакциялау оіай.
Интернет бойынша оқыту оңай ма?
Сарапшылардың ойынша, телекоммуникациялық интерактивті оқыту дәстүрлі оқытудан 20-25% арзанырақ. Microsoft бойынша жүйелік оқыту дәстүрлік оқытудан екі есе төмен, себебі, мұғалім әлем шарының кез келген нүктесінде тұрып-ақ сабақтар өткізе беруіне болады, бұл үшін ерекше компьютерлік жабдықтар да қажет емес. Осылайша электрондық тконференциялар, уақыт және кеңістік алшақ болатын, оқу тобындағы мүдделі пайдаланушылар қауыпшын біріктіреді. Электрондық конференция тәртібінің ерекшелігі, абоненттің берген хабарламасы, сол конференцияға қосылған барлық обанентке жетеді және әр пайдаланушы өзіне келетін барлық хабарламаны алатын болады. Мұндай араласу тәсілі пайдалы, әрі арзан, өйткені оны пайдалану үшін әрбір қатысушының тек почта жәшігі болса жеткілікті. Оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде бұл тәртіпті қолдану конференция оқытушысының моделін жасауды талап етеді. Жұмыс нақты уақыт тәртібі кезінде де мысалы, IRC жүйесін (Internet Relay Chat) пайдаланған ретте, уақыт жағынан еркін кезінде (қажеттігіне және мүмкіндігіне қарай) жұмыс істеуге болады. Интернетке ақпараттың ең маңызды қайнар көзі деп көңіл бөлу керек, жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың мектептегі және мектептен тыс әс-әрекеттеріне пайдалану керек. Қазіргі кезде оқушылар интернетке үйде, әр түрлі компьютерлік клубтарда, интернет-кафеде кіре алады. Біртіндеп интернетке жалпы білім беру мектептерде кіре алады. Олар интернетті қалай және қандай мақсатпен пайдалану керек. Біріншіден, оқушылар өзімен құрдас балалармен танысып, араласқылар келеді. Бұл қажеттіліктерін олар чаты немесе интернет мәтіндері арқылы сөйлесуден, әр түрлі кітаптардан, хабарландыру тақтасы және электрондық почтадан алады. Кейбіреулері басқа біреудің атынан сөйлеседі, кейбір достары жоқ балалар да байланысқа шығады. Сөйтіп, өзін-өзі тәрбиелейді. Екіншіден, оқушылар өздерінің қалауы бойынша ақпарат ала алады.
Интернет оқушыға ақпаратық кеңістікте еркін қозғалуына мүмкіндік береді, іздеу кезінде де әрекеттерді өзі таңдайды, материалды береді және талдау жасайды. 12 жылдық мектепте информатиканы оқытудың мазмұнындағы пікірде үздіксіз білім беру жеке оқытумен бірге жүру керек делінген. Үздіксіз білім беру өзін-өзі білім берудің кезеңдерінің уақытын ұзартады және оның маңызын арттырады, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияда оқыту құралдарының рөлі өседі. Жүйелі құрал ретінде пайдаланып оқушылар қашықтықтан оқыту және жобалау әрекеттерінде бұрын қойылмаған мақсатты алдына қойып, оны орындауға тырысады. Оқушы ақпаратпен жұмыс істеу үшін пайдаланушы шеберлігі болуы керек. Интернетте материалдар көлемі өте көп болғаннан кейін жаңадан бастаушыларда мақсат қою мәселесі ақпаратты іздеу пайда болады. Іздеу жүйесінің интерфейсі мен каталогы интерактивтілікті қамтамасыз етудің барлық жағдайына сәйкес келуі керек. Оқушы өзіне түсінікті ақпаратты таңдайды. Жаңадан үйренушілерді жүйеде дұрыс бағыт жасау үшін іздеу жүйесімен жұмыс істеуге үйретуге керек. Каталогпен жұмыс істеу кезінде кітапхана каталогтары мен басқа анықтамаларымен салыстыру керек.
Интернет жүйесінде оқушыға арналған бағыттар: жалпы даму, іздеу, сөйлесу, ақпаратты өз бетімен беру, керекті компьютерлік бағдарламаны іздеу, ары қарай білімді таңдау. Бұл кезеңде критикалық ойлау дамиды, оқушылар ақпаратты сауатты түсіне бастайды, өзіне қажеттілерін бөліп алып, білімін қызықты танымдық мазмұнмен толықтыруға тырысады. Тіл аралық барьер өшіріледі, коммуникативтік іскерліктер дамиды, тілді тереңірек оқудың мотиві пайда болады, жер шарының түкпір-түкпіріндегі адамдармен байланыс жасау мүмкіндігі пайда болады.
Интернет жүйесі осындай барлық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Олар қашықтықтан оқытудың кез келген білім мекемесінің оқу үрдісінде табысты қолданылады.
Бүгінгі қолданылатын жаңа технологияны үлкен 3 категорияға бөлуге болады (қашықтықтан білім беру):

  • интерактивті емес (басылымдық материалдар, аудио-видео құралдар);

  • компьютерлік оқытудың құралдары (электрондық оқулықтар, компьютерлік тестілеу және білім дәрежесін бақылау, мультимедианың жаңа құралдары);

  • видеоконференциялар-аудиоканал, видеоканал және компьютерлік жүйе бойынша телекоммуникацияның дамыған құралдары.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру негізінде компьютерлік технологияны қолдану стратегиясын нақтылайтын жалпы нұсқауларды келтірейік:

  1. Оқытудың компьютерлік технологиялары оқу іс-әрекеттері мен амалдарын ескере отырып танымдық белсенділігінің барлық түрлерін қамтитындай мақсатта құрылу керек. Бұл оқыту үрдісінде компьютерді қолдануда ешқандай кемшілікті болдыртпайды. Компьютерлік технология оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, басқару қызметін де атқаруы керек.

  2. Оқытудың компьютерлік технологиясы игерілетін объекті ретінде сәйкес білім мен дағды мазмұнына алдын-ала жасалған анализ негізінде құрылуы қажет.

  3. Әр бағдарлама белгілі бір іс-әрекеттер мен амалдар ретінде берілген мазмұнды игеру үшін қолданысқа түсе алатын жағдайда жасалуы керек, аталған іс-әрекеттің жиынтығы оқу пәндерінің интеграциясына негіз болды.

  4. Осы технологиямен жұмыс істей отырып, адам оларға үйреніп қана қоймай, бірталай пәндік материалдың қайта жасалуын жүзеге асыра отырып, бірге жұмыс істейді, сондай-ақ қойылған талаптар бойынша осы қайта құруларды бақылайды.

  5. Компьютерлік технология оқушылар арасындағы, оқушы мен оқытушы арасындағы ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру құралы болп табылады, осы іс-әрекеттің келесі түрлерін қамтамасыз етеді:

  1. Оқу тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың іс-әрекеті мен амалдарын бақылау және және бағалау;

  2. Оқу тапсырмасын орындау кезінде қатысушыларға іс-әрекеттер мен амалдарды бөліп беру;

  3. Оқытушы таратқан объектіні қайта жасау схемеларын бірігп модельдеу;

  4. Объектіні бейнелеу және бір оқушының орындаған тапсырмасының шешілу жолымен екінші оқушыны таныстыру.

  1. Оқу белсенділігін ұйымдастырудың осы түрлері оқытушыға компьютерлік технологияны оқу белсенділігін (коллективтік) ұжымдық полилог ретінде, яғни оқу жағдайын қатысушылардың ынтымақтастығы мен өзара байланысын қамтамасыз ететін динамикалық модельденген коммуникативті-ұйымдасқан орта ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  2. Компьютерлік жүйенің жекелеген түрлері оқу белсенділігінің жеке бөліктері құрылымы дәрежесін білу үшін қолданылуы қажет, сондай-ақ белгілі бір білім және дағды мазмұнын игеру нәтижесін бақылау және бағалау.

  3. Оқу компьютерлік технологияны адам дамуының өмір жасы аспектілерін ескеруі тиіс; әр түрлі өмір жасына сәйкес мазмұн берудің алуан түрлі әдісі болу керек (кіші жастағы ойын түрлерінен бастап орта және жоғарғы мектеп жасындағы іздену және зерттеу шығармашылық түрлеріне дейін).

  4. Оқытудың компьютерлік жүйесінің құрылуы оның әр түрлі оқу жағдайында қолданылу әдістерін кең түрде игеру тәсілі бойынша іске асуы қажет.

Сонымен, компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу әрекетінің мазмұнына жүргізілген талдау, сондай-ақ қазіргі теория мен практиканың жағдайын зерттеу төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

  1. Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру-оқу-таным іс-әрекетінің мотивациялық-тұлғалық, мазмұнды-амалдық, процессуалды-еріктік бөліктерін қамтитын бүтіндей жүйе болып табылады;

  2. Виртуальды стенд, интернет жүйесі, электрондық оқу құралдары, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсендігін қалыптастыратын, шығармашылық ізденіске баулитын оқыту ортасы ретінде қарастырылады;

  3. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі әдістемелік құралы компьютерлік технологияның көмегімен жүзеге асырылатын оқу тапсырмалары болып табылады.

Оқытуды компьютерлендіру мәселесіне арналған зерттеулерде танымдық белсенділікті қалыптастыруды жеке жақтары ғана қарастырылады. Әрине, жаңа технологияға байланысты ашылып отырған аталмыш мүмкіндіктердің қайсысы болмасын оқытуда бұрыннан бар, қалыптасқан оқыту әдістерін жоққа шығармаса керек. Қайта сол әдістеме ғылымындағы түрлі амал-тәсілдерді толықтырып, жандандырып, түрлендіре отырып, білім сапасын көтеруге қызмет етеді. Сондықтан, жаңа технология-электрондық оқу құралдары, түрлі компьютерлік бағдарлама-мағлұматтар, интернет-жұмыс істеудің ең тиімді жолы болумен қатар, өз бетінше үйренуге тілек білдірушілер үшін де мол мүмкіндіктер ашады. Біздің жүргізген зерттеуіміздің талдауы қазіргі уақытта білім берудің аясы кеңейіп, дидактикалық жаңа бағыттар пайда болып, оқыту мазмұны мен әдісі өзгеріп, байытылып жатқанда компьютерлік технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың объективті мүмкіндігі болып табылатынын көрсетіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет