« Жаңа мектеп –жаңашыл ұстаз».
Эссе
Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Талантты ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»,-деген. Білім мазмұнын жаңартудың жаңа талабы да осы. Оқушыға білім нәрін себуші ұстаздың қызметі сапалы болса, оқушы да білімді болмақ.Жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін,белсенділігін арттыру,білімге деген құмарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Физиканың қыр- сырына қызығушылық бала кезімдегі армандарымның бірі еді.Арман қуып 2017 жылы Қазақ педагогикалық университетінің физика факультетінің түлегі атандым .Бұл арман менің өмірімнің сара жолына айналғандай .Ал физиканың адам өміріндегі маңыздылығы зор .
Ұстаз болып істеп келе жатқаныма 2 жыл толды. Ұлағатты ұстаздардың ақыл –кеңестерін тыңдай отырып, таңдаған мамандығының және жүрер жолының төте емес екенін де түсінген болатынмын. Қазіргі таңда жаңашыл ұстаз болу үшін өз ісіне бейімділігі, білімі мен біліктілігі, сүйіспеншілік сезімі, ұйымдастырушылық қабілеті болу керек деп есеспеймін және бұл менің ұстаздық жолымдағы ұстанымыма айналып келе жатыр .
Менің мақсатым – өз пәнімнен сабақ беріп қана қоймай әр баланың «менін» , ашу сол менді шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Біз ұстаздар қауымы баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Ең жақсы мұғалім – шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзетіндей сүйе алатын , бойындағы бәрін беретін, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары әдепті мінез қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалыптасатын әдет деп есептеймін.
Мен өзімнің әр бір шәкіртімнің пікірін тыңдап, оның шешімін табуға көмектесемін. Әр бір сабағымда қызу еңбекке құрамын.
Қорыта айтқанда жақсы мектептің жаңашыл ұстазы бұл- өзінің ізденгіші арқасында шығармашылыққа бой ұрып оқушыны да , өзінде сынй ойлауға, ой тұжырым жасауға, өзгерістер енгізуге алып келеді.Оқушы бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, тынымсыз еңбектену керекпіз.