Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз



Дата19.04.2023
өлшемі14,19 Kb.
#84582
Байланысты:
эссе


Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

Қазіргі заман білім мен ғылымның ұштасқан заманы. Білім беру саласында озық ұстаз болу, ғылымды меңгеру басты міндет. Заман талабына сай ұстазға жүктелетін міндетте ауыр. Ұстаз шәкірттеріне жақсы тәрбие мен терең білімді бере білу керек. Ол үшін жаңа технологияны жат сынбай меңгеріп, жаңа әдістермен оқушыларды қызықтыра отырып, қажет білімді сіңірте білген жөн. Заман ағымына ілесе, күнде бір жаңалық, жаңа тәсілдер ойлап табылуда. Соларда пайдалана отырып оқу мақсатына жете білген абзал.
Мен Қалқаманова Сырлыгүл, қазіргі таңда білім саласына қызмет етіп жүргеніме 3 жылдай уақыт болып қалды. Осы аз уақытта ұстаздық қызметке деген көзқарасым өзгерді. Балалық арманым болмаса да, қазір өз мамандығымды жақсы көріп, әр сабағымды бар құлшынысыммен беремін. Әр кез ізденісте жүремін.Білімімді жетілдіру жолында көп оқып еңбек етемін.
«Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.»-деп Д.Менделеев айтқандай өмірлік ұстанымым - шәкіртке білім беру үшін, ең бірінші ұстаз мықты білімді меңгерген, өз мамандығын сүйетін лайықты тұлға бола білу керек. Сол жолда менде өзіме қойған үлкен мақсат бар.
Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай Д.Менделеев
Қандай іс болмасың, қандай жағдайда да жоспарсыз бастауға болмайды. Шәкірттерімеде соны үйретемін. Сабақты бастар алдында жоспарды ойланып жазып, жоспар бойынша әрекет етемін. Және әркез өзімнің кәсіби бағытымды толықтыру үшін басқа ұстаздардың сабақтарына қатысып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге тырысамын. Оқушыларымды жан-жақты ойлауға, ашық ойын айта алуына мүмкіндік жасауға тырысамын.
«Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.»
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, алдағы жоспарым да, мақсатым да шәкірттеріме бар білгенімді сіңірту. Заманның ағысынан қалыс қалмай, әр шәкіртімді ғылыммен шұғылдануына ықпал ете отырып, мектеп қабырғасынан тың жобалардың бастамасын қолға алуына күш жігерімді жұмсаймын. Мен үшін жаңашыл ұстаз деген алдағы уақытта мықты білімді шәкірт тәрбиелеп шығаратын абыройлы тұлға.
Қалқаманова Сырлыгүл Салауатқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет