Жаңа педагогикалық технологиялар



жүктеу 214.6 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі214.6 Kb.

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жаңа педагогикалық технологиялар. 

Ақпарттық – коммуникациялық технологиялар. 



 

 

 

 

 

 

Құрастырған: 

Тулкина Б.М. 

______________ 

Курмангазина А.Ж. 

______________ 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қ. 



 

 

Мазмұны

 

 

Компьютерлік технология  



 

 

Мультимедиа технологиясы  



 

 

Қашықтықтан оқыту технологиясы 



 

 

Желілік технология  



 

 

Интернет технология  



 

 

Интерактивтік технология.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Компьютерлік технология  

 

Оқытудың  жаңа  компьютерлік  технологияларының  жоғары  және  арнаулы  оқу 



орындарында  оқу  процесіне  кеңінен  енуі  студенттердің  өзіндік  және  шығармашылық 

белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. 

Жаңа  компьютерлік  технологияларды  пайлаланып  оқытудың  ең  тиімді  түлеріне 

мыналарды жатқызуға болады.  



Презентациялар  технологиясы.  Бұл  технология,  бір  жағынан,  оқушыларға  жаңа 

материалды  (иллюстрация,  фотографиялар,  бейнелік,  дидактикалық  материалдар,  т.с.с) 

көрнекті  түрде  көрсету  құралы  болса,  екінші  жағынан,  мұғалімдерге  осы  материалдарды 

дайындауды  және  оны қолдану  процесін  де  жеңілдетеді.  Алдын  ала  жүргізілген  тәжірибелер 

презентациялар  технологиясын  пайдалану  балалардың  оқуға  деген  ынталылығын  арттырып, 

сабақтың  қызықты  өтуін  қамтамасыз  етіп,  оған  дайындалу  мерзімін  (презентациялық 

сүйемелдеу  жұмысын  алдын  ала  мұғалім  немесе  басқа  біреу  дайындағанда)  қысқартады,  ең 

бастысы  –  мұғалімдерді  жаңа  компьютерлік  технологияларды  пайдалануға  дағдыландырады. 

Компьютерлік  технологияларды  үлгерімді  тексеру  және  оқушылардың  білімін  жетілдіру 

мақсатында  пайдалану,  біріншіден,  оқытушының  жұмыс  өнімділігін  арттырып,  оқу 

нәтижелерін  тексеруге  көбірек  уақыт  бөлуге  көмектеседі;  екіншіден,  объективті  түрде 

қадағалай отырып,  балалардың алған  білімін  бағалауды  жүзеге  асырады; үшіншіден,  бақылау 

технологиясына  ғылыми  элементтер  енгізіп,  оны кеңінен  де  пайдалануға  болатындай  жағдай 

туғызады[7].   



Мультимедиялық  технологиялар  -  әртүрлі  типті  мәліметтерді  дайындау,  өңдеу, 

біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы 

жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.  

Мультимедиялық 

технологиялардың 

дамуы 


бейнетехниканың 

және 


дербес 

компьютердің  өркендеуі  нәтижесінде  жүзеге  асуда.  Мультимедия  статикалық,  динамикалық 

және  дыбыстық  ақпараттарды  талапқа  сай  дәрежеде  ұсынуды  іске  асырады.  «Мультимедия» 

термині  латын  тілінің  «multi»  (көп)  және   «media»  (орта)  сөздерінің бірігуінен  құралған,  яғни 

«ақпараттық орта» деген мағына береді. 

Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім 

беру  мазмұнын  интерактивті  формада  ұсынатын,  дидактикалық  ақпаратты-бағдарламалық 

құрал.  


Мультимедия 

– 

пайдаланушыға 



әртүрлі 

типті 


ақпаратты 

біріктіріп  ұсыну 

технологиясы.  Зерттеушілердің  пікірі  бойынша  дәстүрлі  оқу  әдісімен  берілген  материалдың 

25%-ы,  көру  арқылы  33%-ы,  көру-есту  арқылы  50%-ы,  ал  мультимедиялық  интерактивті 

оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң  75%-ы есте сақталады екен[3].  

Мультимедияның  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  лазерлік  дискілерде  жазылған 

электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. 

Мысалы,  электрондық  сөздіктерде  әрбір  сөздің  аудармасы  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның 

айтылу үлгісі де қамтылады.  

Оқыту  процесінде  мультимедияны  пайдаланып  білім  берудің  әртүрлі  аспектілерін 

дамытуға  болады.  Олар:  ақпаратты  өңдеудің  когнитивті  аспектілері,  оқытудың  танымдық 

аспектілері.  Атап  көрсетілген  аспектілер  мультимедиялық  технологияларының  оқыту 

процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 1-суретте бейнеленген.  

Сурет 


Мультимедиялық 

  технологиялардың  оқыту  үрдісіндегі  ақпаратты-

коммуникативті қызметі. 

 

 

 



 

Ақпараттық кеңістік 

Педагогикалық 

іс-әрекет 

Коммуника- 

циялық кеңістік 

Оқытушы 

мультимедия 

Студент, 

Ақпараттық 

ресурстар 

Қарым-қатынас 

құралдары 


 

 

 



Мультимедиа технологиясы  

Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, 

қозғалыс,  мәтін,  дыбыс)  қолдану  «мультимедиа»  идеясын  туғызды.  Оның  көмегі  арқылы 

оқытушы  бағдарламаларды  пайдалануды  жүзеге  асыруға  болады.  Мысалы,  географияны, 

ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады. 

Жоғарыда  келтірілген  құралдардың  әрқайсысының  өзінің  оқу  үрдісінде  қолданылатын 

ерекшеліктері  мен  орындары,  функциялары  бар.  Енді  оларды  біріктіріп,  кешен  (комплекс) 

жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ. 

Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды 

сапалы  меңгеруде  компьютерсіз  не  оған  дейін  қолданылуы  мүмкін.  Арнайы  дайындалған 

нұсқаулар,  оқушының  ЭЕМ-мен  өздігінше  жұмыс  істеуіне  бағыт  беріп,  мұғалім  жұмысын 

едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат 

(формула,  бұйрық  және  т.б.)  еріксіз  есте  сақтауға  арналған. Транспаранттар  мұғалімнің сабақ 

өту  кезінде  тікелей  тақырыпқа  қатысты  қолданылады.  Оқу  киносы  ЭЕМ-де  динамикалық 

қозғалыс  жасауда  қолданылады.  Үлкен  экранды  теледидар  ЭЕМ  экранына  қарағанда  жаппай 

түсіндіру  барысында  көрнекі  құрал  орнын  толтырады.  Ал  «мультимедиа»  құралы  бұл 

құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі. 

Технологияның мультимедиасы - қолданушыға мәлiметтiң ұсынысының мүмкiндiгi 

(мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi формалардың өзара әрекеттесуi 

өздiгiнен тәртiп. 

Мультимедиа  технологияны  арнайы  аппаратты  және  программалық  құралдарды 

құрайды. 

Мультимедиа - өнiмдер байланысты бiрнеше дәрежелерге бөлуге болады 

олар тұтынушылардың топтарына бағытталған 

Мультимедианың құралдың 90-шi жылдарымен дамып мiнсiздiкке жеттi, 

болып, сондай электрондық 

кiтап және газеттер, құрал, видеоконференция, жаңа үйренудiң жаңа технологиялары 

график  түрiнде  дизайн,  дауыс  және  пошталар.  Мультимедианың  құралдарының 

қолдануы 

компьютер қосымшаларында болуы мүмкiн өңдеуде өрлеудiң арқасында болды және 

жаңа микропроцессорлар және мәлiметтi сақтаудың жүйелерiнiң өндiрiсi. 

 

Қ

ашықтықтан оқыту технологиясы 

 

Қашықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, 



істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген 

мағананы білдіреді. Бұл сөздің мәнін тереңірек ашар болсақ  қашықтан білім беру ісі оны 

жүзеге асыру бағытындағы әдістер мен тәсілдерді жете меңгеруге талпынғаннан көрі осындай 

мүмкіндіктер болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын байқауға 

болады.  

          1995 жылы Ресейдің жоғары оқу орындары жөніндегі мемлекеттік комитетінде зерттеліп 

бекітілген оқытудың бірегей жүйесін құру туралы негізгі концепция бойынша қашықтан білім 

беру дегеніміз - белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, 

компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену 

мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру 

орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны деп атауға болады. Қашықтан 

оқыту үздіксіз білім беру тәсілінің бірі болып саналады. Ол білім жетілдіруге арналған 

ақпараттармен қамтамасыз ету тұрғысынан алынғанда әрбір адамның білім алып, керекті 


мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін 

атқарады. Білім беруді оқу жүйесіне берілген анықтаманың ішінде А.А. Андреевтің еңбегінде 

атап өтілген халықаралық экономика және құқық инстуты ұсынған нұсқасы көңіл аударуға 

тұрарлық деп айтуға болады. Онда қашықтан білім беру оқытудың қоғамдағы интегралдық 

түрлерінің қатарына жатқызылған. Білім берудің бұл тәсілі ақпараттық технологияларды және 

оқу материалдарын шәкірттер санасынан ұғынықты етіп жеткізіп, оларға оқу бағдарламасын 

өз беттерімен оқып үйренуге, оқушылармен оқытушыларды өзара сұхбаттасу арқылы пікір 

алмасуына және оларды техникалық құралдарды кеңінен қолдана білуге машықтандыруға 

бағытталған.  

               Оған қоса оқу процесі уақыттан тәуелсіз «кез келген шақта», нақты білім беру 

мекемесіне орналасуына қарамастан жүргізіле береді. Осындай ерекшеліктеріне қарай 

қашықтан білім берудің бірегей жүйесін құру мен оны дамыту бағытындағы басты мақсаты  

мектеп оқушыларына, студенттерге азаматтық және әскери мамандық иелеріне өз еліміздегі 

және шетелдердегі шәкірттерге олардың қалаулары бойынша кез келген оқу орнынан білім 

алуларына жағдай туғызу болмақ. Ол білім берудің дәстүрлі түрлеріне, қарағанда, оқуға 

жұмсалатын шығын мөлшерін 2 - 3 есеге қысқарту есебінен халықтың осы жаңа тәсілімен 

оқуына кеңінен жол аша отырып, оқыту сапасын анағұрлым жақсарта түсуді де қамтамаыз ете 

алады. 


 Дүниежүзіндегі қашықтан білім берудің өркен жаюы. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт 

ішінде шетелдердегі білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. 

Яғни оқытушы әрбір студентпен жеке – жеке сөйлесіп, сабақтың қоспаларында жазылған 

материалдарды түсіндіреді. Осыған орай, ДТО тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы 

оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, 

олармен іс жүзінде жұмыс істей білуі шарт. ҚО тәсілімен оқытатын оқытушылар және осы 

істе басқа да мүдделі адамдарға мына төмендегідей міндеттер жүктеледі: - оқытушының 

компьютерлік сауатты жоғары болуын қамтамасыз ету; 

- қашықтан оқытудағы алда тұрған мақсаттар мен міндеттер, оның алдағы уақытта ақпараттық 

технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы түсіндіруі: 

- қашықтан оқыту технологиясымен таныстыруы; 

  - оқытушының ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы; 

- оқытушының осы курс бойынша ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге дағдылануы, 

оның консультациялық кеңес берудегі, оқушыларымен сұхбат өткізудегі ақпарат берудегі, 

яғни оқу процесін тіркеудегі мүмкіндіктері; 

- оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, 

атап айтқанда тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі 

ресурстарды пайдалануға (жүйедегі мәліметтер базасын) дағдылануын қалыптастыруы; 

- жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың 

әдістемелерін баяндауы; 

- оқу процесін ҚО шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау оқытушының ролін тек 

білімге «түсініктеме беруші» деп қарастырмай, ашық, икемді де бейімді болып келетін 

қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу процесіндегі үйлестіруші деп қабылдау. 

Қашықтан оқыту ісін Қазақстанда ұйымдастыру негіздері. Қашықтан оқыту жүйесін (ҚО) 

техникалық тұрғыда қазіргі замандағы телекоммуникациялық жүйелермен техникалық 

құралдарды пайдалану тұрғысында және әкімшілік-ұйымдастырушылық тұрғыда ҚО – дың 

мемлекеттік (респбуликалық) орталығын, аймақтық – салалық және ақпараттық орталықтарын 

құру және осындай орталық басқа оқу орындарында да құру тұрғысынан алып қарағанда, 

қашықтан оқыту жүйесі көп деңгейлі болып келеді. 

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесі ұйымдастырылып, сол 

жұмыстарды жүргізудің әдістемелік (методологиялық) негіздері жаңа ғана қалыптасып келеді. 

Оған мысал ретінде қыздар педагогикалық институты жанында орналасқан Томск қашықтан 

оқыту университетін, Ресей – Қазақстан гуманитарлық университетін және Республикалық 

білім беру ақпараттық орталығымен бірге жұмыс істеп отырған Қазақ ұлттық университеті 

мен Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетін келтіруге 


болады. Білім және Ғылым Министрлігі Алматының кейбір жоғары оқу орындарында 

қашықтан оқыту түрін жүргізу мақсатында эксперименттер өткізіп жатыр. Қазақ ұлттық 

техникалық университетінде мұнайшы инженерлерді даярлауда барлық пәндерден 

электрондық оқулықтар жасалып, олар Алматы мен мұнайлы өңір арасында қашықтан оқыту 

ісін жүзеге асыруда. 

    Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде шет тілдерді 

игеру үшін электрондық оқулықтар жасалып компьютерлік кітапхана іске қосылған.  

    Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – 

дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. 

Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға 

білім берудің қамтитын, қашықтан білім беру жүйесін дұрыс түсінсек, оның бағытын дұрыс 

анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі 

өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз.  

    Қашықтан оқыту жүйелері тек білім берудің ұлттық жүйелерінде ғана дамып қана қоймай, 

кәсіпкерлік саласында дайындық жүргізуге бағыт алған коммерциялық компаниялар 

тарапынан да қолдау тауып, өрістей түсуде. Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілімен 

жүргізілетін жоғары білім беру жөніндегі бағдарламалардың төрттен бір бөлігі кәсіпкерлік 

саласын қамтиды. Осындай бағдарламалардың ішінде бакалавр, магистр дәрежелерін алу 

жолындағы мамандарды дайындау туралы бағдарламалар саны басымырақ. 

     Бұл күндері NTU және EuroPace корпорацияларын есептемегеннің өзінде де тек IBM 

фирмасының ішкі спутниктік қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру жөніндегі 

бағдарламаларды жүзеге асыру электрондық жүйелері жоғары білім беру ісіндегі аса маңызды 

бөлім болып табылады. Жекеше корпоративті компаниялар білім беру желілерін қашықтан 

оқыту ісіне кең пайдаланып келеді, олардың қатарында General Motors, J.C. Penney, Ford, 

Walmart, Federal Exprass және басқалары бар. Осы оқыту жүйелері университеттерде құрылған 

қашықтан оқыту жүйелерінен саны жағынан да, күрделілік пен кең таралуы жағынан да 

анағұрлым артық болып саналады.  

    Қазіргі заманғы техникалық құралдардың көмегімен білім беру ақпараттық 

технологияларды игерудің көп тараған тәсілдерінің бірінен саналады. Осының дәстүрлі 

тәсілдерден айырмашылығы қандай? 

    Егер терең білім алу – ең басты бағыт дейтін болсақ, онда қашықтан оқыту жоғары 

технологияларды қолданып оқытудағы аспаптық құралдардың ішіндегі ең күшті компоненті 

бола алады. Жалпы қашықтан оқыту деген сөзге әлі онша көп мән берілмей келеді. Оның 

басты себебі бұл топ оқытудың өте көп салаларында пайдаланып, оның тек бір саладағы 

орнына онша көп маңыз берілмейді. Дәстүрлі түрде бұрыннан қолданылып келе жатқан 

аудиторияларда өткізілетін сабақтар оқытушының басқаруымен өткізілетін болса, қазіргі 

кезде оның орнына компьютерлендірілген электрондық оқу құралдарын пайдалану әдістері 

кеңінен қолданылып келеді. (Computer-Based Training). Қазіргі кезде оқу материалдарын 

сыныптағы жергілікті компьютер желілері арқылы немесе Интернет жүйелері бойынша алуға 

болады. Интерактивті түрде компьютерде оқытудың саналуан түрлері бар, оның бұрынғыға 

қарағанда мүмкіндіктері де өте мол. Осындай мүмкіндіктер қатарында оқу курсын виртуалды 

аудитория (Web) көмегіне сүйене отырып, дыбыспен оқыту бөлмелерінде өзіңе ұнайтын 

мұғалімнің дәрісін тыңдай отырып жүргізуге болады. Оған қоса бір бірінен қашықта 

орналасқан оқытушы мен оқушы арасында компьютер арқылы сұхбат жүргізу арқылы, 

электрондық пошта байланысын пайдалана отырып, алыстан пікірталас өткізіп, 

аудиобайланыс, теледидар арқылы көрсетілімдік конференцияларға қатысу көмегімен білім 

алу жолдарын кеңейтуге мүмкіндіктер ашылды. Интерактивті зертханалардағы 

эмуляторлармен жұмыс істеу, нақты уақыт аралығында оқу курсының материалдарын 

жаңарту жолымен білім алу, т.с.с. мүмкіндіктері бар синхронды және асинхронды 

категорияларға жіктелетін оқыту түрлері етек алып келеді.  

    Қашықтан оқыту тәсілі екі негізгі топқа бөлінеді. Оның алғашқы синхронды тәсілі бойынша 

оқытушылар мен студенттер белгілі бір уақытта арнайы бір аудиторияларда отырып, түрлі 

аспаптық әдістермен алыстан ақпараттар алуды, бір бірімен сұхбаттасуды, сұрақтарға жауап 


беруді жүзеге асырады. Ал асинхронды тәсіл бойынша студент өзінің оқу уақытын, мерзімін, 

жиілігін өзі белгілеп отырады. Ол мұнда ақпараттар жинақтайтын, оны алыстан жылдам 

жеткізетін сан алуан компьютерлік және телекоммуникациялық құралдар түрлерімен жұмыс 

істей алуы тиіс. Студенттер аудиториялық жоспарға немесе бағдарламаға сай өзіне берілген 

тапсырманы орындап, қашықтан оқытушыға тест тапсырып, оның бағасын алады. 

   Қашықтан оқыту ісі көпшілік арасында кеңінен тарап әйгілі болған сайын, осы істің 

салыстырмалы түрдегі анағұрлым ыңғайлы тәсілдерінің құндылығы жөніндегі пікірталастар 

толастамауда. Білім беру ісіндегі жаңа, әрі маңызды болып табылатын ақпараттық және 

желілік технологияларды пайдалану тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін 

талқылай отырып, қашықтан оқыту әдісінің болашағы зор екенін тағы да баса айтқымыз 

келеді. Сондықтан қашықтан оқыту бағдарламаларының дұрыс критерийлерін тауып оларды 

реттеу қажет деп санаймын. 

Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде ғылыми – техникалық прогрестің дамуы және оның 

қоғамға әсер етуі білім беру жүйесіне айтарлықтай құрылымдық өзгерістер әкелді. Шетелдік 

тәжірибелер мәліметі бойынша (2002ж.) әрбір жұмыс істейтін адам өз тіршілігі үшін ең аз 

дегенде жоғары білімді қажет етеді екен. Студенттердің мұндай тегін күндізгі бөлімде оқыту 

ең бай деген мемлекеттің өзінің бюджеті көтермейді. Сол себепті соңғы оң жылдықта дәстүрлі 

емес технологиялар бойынша оқитындардың саны күндізгі бөлім студеттері санынан артық 

бола түсуі кездейсоқтық емес.  

   Жоғары және үзіліссіз білім беру қажеттілігінің өсуіне орай интернационалдық білім беру 

құрылымының әр түрлері мен мақсаттарын құру тенденциялары күшейе түсуде. Білім беруді 

интернационализациялау процесі тек мазмұны жағынан ғана емес, оқыту әдістемесі, 

ұйымдастыру формасы бойынша дамуда. Сондықтан қазіргі заманғы технологиялық 

жетістіктер арасында қашықтан оқыту әдістемесі жетекші орын атқарады. Қазіргі кезде 

әлемде телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып қашықтан оқыту жүйесінде айтарлықтай 

бай тәжірибе жинақталған. Компьютерлік желілер жүйелері мен тікелей теледидарлық 

хабарламалар жүйесі маңызды орынды алады.  

   Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманға сипаты психолог, педагогтар мен білім 

беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі 

кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті 

мамандарды тәрбиелеуді талап етеді: 

- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын; 

- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және 

оларды шешу жолдарын іздей алатын; 

- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті; 

- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын; 

- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын. 

Жоғарыда келтірілген мәселелерден мынандай тұжырымдар жасауға болады: 

1.

 

Оқыту мен білім беруде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны біріктіруге 



арналған оқу бағыттарын дамыту; 

2.

 



Неғұрлым жақсы технология пайдаланушыларын дайындау кепілі ретінде 

оқытушылардың екпінділігін арттыру; 

3.

 

Жаңа технологияны қолдануды сапалы түрде талдау; 



4.

 

Университеттер арасында және университетке  бөлімдермен (гимназия, колледж, 



бакалавр т.б) кіреді. 

Оқыту тәжірибесінің негігі сипаттамалары жеке қабілеттілікті арттыру, сынмен талдау, 

шығармашылық түрде ойлай білу, студенттерге білім алудағы қабілеттіліктерін дамытуға 

жәрдемдесіп алуға дайындауға арналуы қажет. Келешекте білім беру мемлекеттік бақылаудан 

босап, жеке мекемелер шеңберінде дамитын болады. Бұл оқуға төленетін бағаның арзандап, 

сапасын арттыруға және оқытуды түрлендіруге мүмкіндік береді. Яғни, білім беруде 

ренессанс болады деп күтілуде. Технологияның дамуы жаңа типтегі (ауқымды, виртуалды, 

қашықтан оқыту т.б.) оқу орындарының пайда болуына әкеледі, оқытушылардан оқу 

жоспарының сапасы мен студенттер қажеттілігін есепке алуды талап етіледі.  


   Жоғары білімді дамытудың барлық сатыларындағы басты мәселелердің бірі қашықтан  

оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту білім беру процесінде ең алдыңғы қатарлы дәстүрлі 

және инновациялық әдістемелер, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға 

негізделген оқыту құрал жабдықтары қолданылатын технология болып табылады. Білім беру 

жүйесінде қашықтан оқыту гуманистік принциптерге сай келеді, жетіспеушілік салдарынан, 

географиялық, әлеуметтік қорғалмаған, білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі жоқ немесе 

кәсіби не жеке іспен қолы бос емес болғанына қарамастан ешкім де оқу мүмкіндігінен 

айырылмайды. Қашықтан оқыту қоғамды ақпараттандыру және білім беру обьективті 

процесінің жалғасы ретінде басқа оқыту түрлерінің жақсы жерлерін пайдалана отырып, 

анағұрлым болашағы бар, синтетикалық, гуманистік, интегралды білім алу формасы ретінде 

XXI ғасырға аяқ басты.   

 

Желілік технологиялар 



Ethernet–  жергілікті  желі  құрастыру  мақсатында  өте  кең  тараған  технология  түрі.Ол  ІЕЕЕ 

802.3  стандартына  негізделіп,мәліметтерді  10Мбит/с  жылдамдықпен  тасымалдап  отырады. 

Ethernet   желісіндегі  құрылғылар  желі  арнасында  сигналдың  бар  екендігін  бақылап 

отырады.Егер 

арнаны 

ешбір 


құрылғы 

пайдаланбайтын 

болса,онда 

Et

hernet 



құрылғысы  мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті 

желідегі  мәліметтерді  талдап,олардың  өзіне  бағытталғанын  айқындап  теріп  алады.Бұл  схема 

тұтынушылар  саны  аз  болып  сегменттегі  тасымалданатын  мәлімет  мөлшері  де  төмен 

болғанда,тиімді  болып  саналады.Тұтынушылар  саны  ұлғайған  кезде  бұл  желініңжұмысы 

тиімсіз  бола  бастайды.Мұндай  жағдайды  тұтынушыларды  шағын  топтарға  бөліп,сегменттер 

санын арттыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл болып табылады.Соңғы кездерде әрбір үстелдегі 

компьютерлік  жүйеге  10  Мбит/с  жылдамдықты  арнайы  бөлінген  арна  беру  ісі  қалыптасып 

келеді.Мұндай  тенденция  онша  қымбат  емес  Ethernet  комутаторларының  бар  болуына 

байланысты қалыптасқан.   Ethernet  желісінде  тасымалданатын  пакеттер әртүрлі  көлемде  бола 

береді.  Fast  Ethernet  желісінде  ағымдағы  арнаны  бақылай  отырып,көпарналы  қатынасты 

жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD Carrier Sense Multiple Acces  with Collision 

Detection)  айқындай  алатын   Ethernet  технологиясы  қолданылады.Бұл  екі  технологияларда 

ІЕЕЕ  802.3  стандартына  тнегізделген  осыған  орай  осы  екі  типтегі  желілерді  жасау  кезінде 

(көбінесе)  бірдей  кабель  типтерін,ұқсас  желі  құрылғыларын  және  біріңғай  қолданбалы 

программаларды  пайдалануға  болады.  Fast  Ethernet  желісі

нде  мәліметтер  100Мбит/с 

жылдамдықпен 

тасымалданады,яғни 

Ethernet 

желісіне  қарағанда 

он 

есе 


жылдам 

жүргізіледі.Қолданбалы  программалар  күрделенгенде  және  желідегі  тұтынушылар  саны 

артқан  кезде  мұндай  жоғарғы  өткеру  мүмкіндігі  қысылшаң  кездерді  болдырмайтын  тәсілдің 

бірі 


болып 

табылады.

 

ІЕЕЕ 


802.3 

стандартына 

негіз

деліп,мәліметтерді 



10Мбит/с 

жылдамды


қпен 

тасымалдап отырады.  Ethernet   желісіндегі  құрылғылар желі  арнасында  сигналдың  бар 

екендігін  бақылап  отырады.Егер  арнаны  ешбір құрылғы  пайдаланбайтын  болса,онда  Ethernet 

құрылғысы  мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті 

желідегі  мәліметтерді  талдап,олардың  өзіне бағытталғанын  айқындап  теріп  алады.Бұл  схема 

тұтынушылар  саны  аз  болып сегменттегі  тасымалданатын  мәлімет  мөлшері  де  төмен 

болғанда,тиімді 

болып


 

саналады.Тұтынушылар 

саны 

ұлғайған 



кезде 

б

ұл 



желініңжұмысы 

тиімсіз 


бола бастайды.Мұндай 

жағдайды 

тұтынушыларды 

шағын 


топтарға 

бөліп,сегменттер 

санын арттыру  ең тиімді  (оптимальды)  тәсіл  болып  табылады.Соңғы  кездерде әрбір үстелдегі 

компьютерлік  жүйеге  10  Мбит/с  жылдамдықты  арнайы  бөлінген  арна  беру ісі  қалыптасып 

келеді.Мұндай  тенденция  онша  қымбат  емес  Ethernet комутаторларының  бар  болуына 

байланысты 

қалыптасқан. 

 Ethernet 

желісінде 

тасымалдана

тын 

пакеттер 



әртүрлі 

көлемде 


бола 

береді.  Fast 



Ethernet 

желісінде

 ағымдағы 

арнаны 


бақылай 

отырып,көпарналы  қатынасты  жүзеге  асыратын  және  қайшылықтарды  (CSMA/CD  Carrier 

Sense  Multiple  Acces   with  Collision  Detection)  айқындай  алатын   Ethernet  технологиясы 


қолданылады.Бұл  екі  технологияларда  ІЕЕЕ  802.3  стандартына тнегізделген  осыған орай осы 

екі  типтегі  желілерді  жасау  ке

зінде  (көбінесе)  бірдей  кабель  типтерін,ұқсас  желі 

құрылғыларын  және  біріңғай қолданбалы  программаларды  пайдалануға  болады.  Fast  Ethernet 

желісінде  мәліметтер  100Мбит/с  жылдамдықпен  тасымалданады,яғни  Ethernet  желісіне 

қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі 

тұтынушылар  саны  артқан  кезде  мұндай  жоғарғы  өткеру  мүмкіндігі  қысылшаң  кездерді 

болдырмайтын 

т

әсілдің 


бірі 

болып 


табылады.

 

жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD Carrier Sense Multiple Acces  with Collision 



Detection)  айқындай  алатын   Ethernet  технологиясы  қолданылады.Бұл  екі технологияларда 

ІЕЕЕ  802.3  стандартына  тнегізделген  осыған  орай  осы  екі  типтегі желілерді  жасау  кезінде 

(көбінесе)  бірдей  кабель  типтерін,ұқсас  желі құрылғыларын  және  біріңғай  қолданбалы 

программаларды  пайдалануға 

болады. 

Fast Ethernet 

желісінде 

мәліметтер 

100Мбит/с 

жылдамдықпен 

тасымалданады, 

яғни Ethernet 

желісіне  қарағанда 

он 


есе 

жылдам 


жүргізіледі.Қолданбалы 

программалар

 

күрделенгенде 



және 

желідегі 

тұтынушылар 

саны 


артқан 

кезде 


мұндай 

жоғарғы 


өткеру мүмкіндігі  қысылшаң  кездерді  болдырмайтын  тәсілдің  бірі  болып  табылады. 

   


Соңғы 

кездерде 

10Мбит/с 

Ethernet 

ж

әне 


100Мбит/с  

Fast 


Ethernet 

шешімдерін 

қатарластыра  

үйлестіреді 

қамтамасыз 

ететін 


жа

ңа 


шеші

м 

табылады.«Қос  



жылдамдықты» 

10/100 

Мбит/с 

Ethernet/Fas



Ethernet

 

10/100  Мбит/с  Ethernet/Fast  Ethernet

  технологиясы -  желілік  тақша,  концентратор, 

коммутатор 

сия


қты 

құрылғыларға 

жо

ғарыдағы 



жылдамдықтардың  (қай  құрылғыларға  байланысқанына  байланысты)  кез-келгенімен жұмыс 

істеуге 


м

үмкіндік 

береді.10/100 

Мбит/с


 

 Ethernet/Fast  Ethernet  желілік тақшасы  бар  дербес  компьютерді  10  Мбит/с  жылдамдықты 

концентратор  портымен байланыстырғанда  ол  10Мбит/с  жылдамдықпен  жұмыс  істейді.Егер 

де  оны  10/100 Мбит/с  жылдамдықты концентратор (3  Com  SuperStack  II  Dual  Speed  Hub  500 

сияқты) 

портымен


 

байланыстырсақ,ол  автоматты   түрде  100 Мбит/с  жылдамдықпен  жұмыс  істей  бастайды.Бұл 

тәсіл  біртіндеп  жоғары  жұмыс өнімділігіне  көшу  ісін  жүзеге  асыра  алады.Оған  қоса,мұндай 

тәсіл 


серверлер 

мен клиенттердің  

желілік 

жабдықтарын қарапайым 

күйде 

сақтап,желілік құрылғыларын 



мен 

тасымалдау 

арналары

ның 


өткеру 

алабын  өте 

кең пайдаланатын 

жаңа 


программаларды 

пайдалану

ға 

мүмкіндік 



береді. 

      Gigabit  Ethernet  желілері   Ethernet  және  Fast  Ethernet  желілерінің  ифрақұрылымымен 

үйлеседі,оның  үстіне  олар   Fast  Ethernet  желілеріне  қарағанда  10  есе  артық,яғни  1000Мбит/с 

жылдамдықпен  жұмыс  істей  алады.  Gigabit  Ethernet  желілері  негізгі  желілердің  «қысылшаң» 

орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. «Қысылшаң» орындар тасымалдау 

арналарының  өткеру   алабына  сезімтал  қолданбалы  программаларға  байланысты  және 

интражелілер  мен  мультимедиалық  программалардың  трафиктері  ағынының  шамадан  тыс 

ұлғаюына  қарай  туындайды.  Gigabit  Ethernet  желісі   Ethernet  және  Fast  Ethernet  жұмыс 

топтарын  біртіндеп  жаңа  технологияға  көшіру  тәсілі  болып  табылады.  Мұндай  тәсіл  – 

олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі. 

Желілерінің ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар  Fast Ethernet желілеріне қарағанда 

10 

есе


 

артық,яғни  1000Мбит/с  жылдамдықпен  жұмыс  істей  алады.  Gigabit  Ethernet  желілері негізгі 

желілердің 

«қысылшаң»  орындарын 

болдырмайтын 

мықты 


шешім 

болып саналады. 

«Қысылшаң»  орындар  тасымалдау  арналарының  өткеру   алабына  сезімтал  қолданбалы 

программаларға байланысты  және  интражелілер  мен  мультимедиалық  программалардың 

трафиктері 

ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі  Ethernet және Fast 

Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады. Мұндай 

тәсіл  –  олардың жұмыстарына  өте  аз  әсер  етіп,жоғары  жұмыс  өнімділігіне  тез  қол 

жеткізу мүмкіндігі. 


      

АТМ 

(Asynchronous 

Transfer 

Mod

e)

 

немесе 



асинхронды 

тасымалдау

 

режимі 


– 

бұл 


мәлімет 

алмасу 


үшін 

тұрақты 


ұзындықты 

ұялар 


қолданылатын коммутация   технологиясы  .Үлкен жылдамдықпен  жұмыс  істей  алатын  АТМ 

желілері 

біріктірілген 

м

әлімет 



жиындарын 

– 

сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін  жүзеге асыра 



отырып,жергілікті 

ж

әне 



аймақтық  тармақталған  желі  рөлдерін  атқара  алады.Бұлардың  жұмысы  Интернет қызметі 

түрлерінен  айрықша  құрылып,  арнайы  инфрақұрылымның   болуын  талап  ететіндіктен,  олар 

желі сегменттерін  бір-бірімен  біріктіріп  байланыстыратын  магистральдық  желі  ретінде 

қолданылады.  



    Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын және технологиялары маркерлік 

қатынас  құруға  негізделген  кумалы  желі  жасауды  пайдаланылады.Олар  сақина  бойымен  бір 

бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі 

арқылы  жасалған  үздіксіз  тұйық  желі  түрін  құрайды.Маркер  сақина  бойымен  желідегі 

әрбір   жұмыс  станциясын   айналып  өтіп  үздіксіз  қозғалыста  болады.Желідегі   мәлімет 

жөнелтетін  жұмыс  станциясы  маркерге  бір  кадр  қосып  қояды,  ал  қалған  станциялар  тек 

маркерді  ары  қарай  жылжытып  отырады.  Token  Ring  желілері  мәліметтерді  4  немесе  16 

Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді, 

қумалы желі жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын 

арнайы  биттер  тізбегінен  тұратын  мәліметтердің  айналып  жүруі  арқылы жасалған  үздіксіз 

тұйық 

желі 


түрін 

құрайды.Маркер 

сақина 

бойымен 


желідегі  әрбір  

жұмыс 


станциясын   айналып  өтіп  үздіксіз  қозғалыста болады.Желідегі   мәлімет 

жөнелтетін 

жұмыс станциясы  маркерге  бір  кадр  қосып  қояды,  ал  қалған  станциялар  тек  маркерді 

ары қарай 

жылжытып 

отырады. 

Token 

R

ing 



желілері 

мәліметтерді 

немесе 


16 

Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді. 

FDDI  техрологиясы  да  сақиналы  негізде  жасалып,  оптоталшықты  кабельдермен жұмыс  істеу 

үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір 

станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда 

маркерлері  қарама-қарсы  бағытта қозғалыста  болатын  екі  сақина  болады.Бұл  тәсіл  бір 

сақинада 

үзіліс 


болып  қалған жағдайда 

желінің 


ақаусыз 

қызметін 

ұйымдастыру 

мақсатынд(көбінесе 

оптоталшы

қты 


кабельде) 

жасалады. 

FDDI 

желіл


ері 

мәліметтерді 

100Мбит\с 

жылдамдықпен 

өте 

үлкен қашықтарға  тасымалдау  үшін  қызмет  етеді.  Мұндағы  желі  сақинасы  ең  көп  дегенде 



ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы 2 

км 


шамасында 

болады.


 

Осы 


көрсетілген 

сақина 


түріндегі 

екі 


технология 

жа

ңа 



желілерді 

ұйымдастыруда АТМ және Ethernetтехнологияларының баламасы ретінде қолданылып келеді. 



Интернет технология  

 

Интернет  сөзі  Interconnected  networks  (байланысқан  жүйелер)  терминінен  шыққан,  яғни 



техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір 

бірімен  мәліметтермен  алмасатын  жер  жүзіндегі  миллиондаған  компьютерлер  арасында 

бөлінген  ақпараттық  кеңістік.  Көбіне  Интернет  сөзімен  Желінің  информациялық  құрамын 

түсінеді.  Интернет  –  бұл  өзіне  уникальды  жетістіктерді  толығымен  жинаған  технология. 

Интернет  сонымен  қатар  ең  күшті  және  тәуелсіз  ақпарат  қоры,  байланыстың  сенімді  және 

оперативті  тәсілі,  жер  жүзіндегі  миллиондаған  адамдардың  шығармашылық  түрде  өзін-өзі 

көрсету 

және 


ақпараттық 

технологияларды 

дамыту 

негізі  болып 



табылады. 

Интернеттің  басты  тапсырмасы  бұл  –  әр  тәуліктік,  жоғары  сенімді  байланыс.  Интернетке 

қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта 

хабарласа  алады.  Ары  қарай  “Желі”  сөзін  қолданғанда  Интернет  сөзіне  синоним  ретінде 

Желімен  интернет  арқылы  екі  компьютерді  байланыстыру  мүмкіндігін  және  олардың  өзара 

байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің 



бір 

б

өлігі.  



Компьютер-серверлер 

ж

әне 



компьютер

-клиент 


Интернетке  қосылған  барлық  компьютерлерді  екі  типке  бөледі,  олар  :серверлер  және 

клиенттер.  Бір  компьютерде  серверді  де  және  клиентті  де  орнату  мағынасында  бөлу  онша 

қатаң  жүргізілмейді.  Жергілікті  компьютерде  Web-сервер  орнатылуы  мүмкін  және  осыған 

қарамастан,  дәл  осы  компьютерде  браузермен  және  почталық  клиентпен  де  жұмыс  жасауға 

болады. 

Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve 

–  қызмет  көрсету) 

деп 


атайды, 

ал 


осы 

серв


исті  қолданатындар  -  клиенттер. 

Көп  жағдайларда  үйдегі  клиенттік  компьютерлерде  әр  уақытта  Интернетке  кіруге  мүмкіндігі 

болмайды,  сондықтан  Желіге  тек  керек  уақытта  ғана  қосылады.  Керісінше,  компьютер-

серверлер  мәліметтерді  берудің  жоғары  жылдамдықты  арналары  арқылы  Интернетпен 

байланысқан, 

сондықтан 

оларға 

сұраныс 


арқылы 

хабарласуға 

болады. 

Қосымша-серверлер 

ж

әне 


қосымша-клиенттер 

Компьютерлерді  серверлер  мен  клиенттер  деп  атағаннан  гөрі,  оларды  бағдарламалық 

қамсыздандыру  деңгейіндегі  клиенттер  немесе  серверлер  деп  атаған  жөн.  Бір  бағдарлама 

клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы 

клиент-сервер 

архитектурасы 

деп 

атала


ды. 

Сервердің  басты  тапсырмасы  –  сервиске  қайсыбір  клиент  сұраныс  жібермейінше  әр  кезде 

жұмыс 

жасап 


ж

әне 


күту 

жағдайында 

болу 

болып 


табылады.

 

Серверде  сұраныстардың  көптігінен  оның  жұмысы  баяулап  және  белгілі  бір  сұраныстарға 



қызмет  көрсетуді  тежейді.  Серверге  сұраныс  белгілі  бір  протокол  шегінде  болады  –  бұл 

Желіде  компьютерлер  арасында  байланысты  қамтамасыз  ететін  стандарттар  жиыны. 

Серверлік  бағдарламалар  клиенттік  бағдарламаларға  қызмет  көрсету  үшін  компьютердің 

аппаратты  ресурстарын  қолданады.  Клиент-бағдарлама  сұраныс  құрып,  оны  Желі  арқылы 

белгілі  бір  адреске  жібереді  және  алдын  ала  белгіленген  протокол  арқылы  сервер-

бағдарламамен  өзара  байланысады.  Сол  бір  компьютерде  бірнеше  серверлік  бағдарламалар 

орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен 

қатар,  серверден  керегінше  жойылған  компьютерде  де  орналаса  алады,  бірақ  олар  Желімен 

байланысса,  бұл  айырмашылық  тек  уақыт  бойынша  жауаптың  кідіруіне  сәйкестеледі.  

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент 

Web-серверге,  почталық  клиент  –  почталық  серверге  хабар  береді  және  т.б.  Серверлік 

бағдарлама  әрқашан  сұранысты  орындауға  дайын  болу  керек  және  сондықтан  да  сервер-

бағдарлама  жұмыс  жасайтын  компьютерлерге  сенімділікке  және  өнімділігіне  байланысты 

жоғары  шарттар  қойылады.  Клиенттік  компьютердің  жұмысының  тұрақтылығы  бір  адамның 

жұмысына  әсер  ететіндіктен,  олардың  жұмысына  сенімділігіне  байланысты  аз  талаптар 

қойылады,  ал  аппаратты  серверді

ң  жұмысының  сенімділігіне  байланысты  көптеген 

клиенттердің  жұмысының  жүргізілуі  тәуелді  болады.  Жоғарыда  көрсетілген  тәсіл  (клиент-

серверлік  архитектура)  дербес  компьютердің  қолданушысына  өзінің  жұмыс  үстелінен 

Интернетке  қосылған  миллиондаған  серверлердің  ресурстарына  қол  жеткізуге  мүмкіндік 

береді. 

Провайдерлер 

ж

әне 


оларды

ң 

желілері 



Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet 

Service  Provider  –  Интернет  қызметін  жеткізуші).  Көбіне  ISP –  бұл  өзіндік  желісі  бар  арнайы 

ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің 

желісі  ғаламның кез  келген  нүктесімен  байланысуды қамтамасыз  ететін  жер жүзінің басқа  да 

желілерімен  байланысуы  мүмкін.  Қалыпты  жағдайда  ISP-провайдерлер  –  бұл  белгілі  бір 

аймақтарда  өзіндік  орналасу  нүктесі  (POP  -  Point  of  Presence)  бар  ірі  компаниялар,  бұл 

нүктелерде  клиенттерінің  Интернетке  қосылуын  қамтамасыз  етуге  арналған  провайдердің 

аппаратты  қамсыздығы.  Ірі  провайдердің  әртүрлі  қалаларда  өзінің  орналасу  нүктесі  мен 

мыңдаған  клиентері  болады.  Бірнеше  қалаларда  орналасу  нүктелері  бар  провайдерлермен 

қатар,  бір  қалада  орналасу  нүктесі  бар  провайдерлерді  де  атап  көрсетуге  болады.  Телефон 

линиясы  арқылы  ISP  мен  байланысуды  ұйымдастыру:  ДК  қолданушысы  драйверге 


хабарласады  және  модем  жинақтарының  ішіндегі  провайдер  модемдерінің  бірімен  байланыс 

орнатады  (модемді  пул  деп  атауға  болады).  Қолданушы  өзінің  ISP  не  қосылғаннан  кейін,  ол 

оның желісінің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Провайдер  өзінің  серверінде  клиенттерге әртүрлі 

қызмет  көрсете  алады:  электрондық  почта  (e-mail),  желілер  жаңалықтары  (Usenet)  және  т.  б. 

Провайдердің  магистральды  желісін  көбіне  тіректі  желі  немесе  бэкбоундеп  атайды  (ағыл. 

Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның 

жоғары  жылдамдықты  желісі  болуы  және  жоғары  трафикті  қамтамасыз  етуі  керек  (желі 

бойымен  берілетін  мәліметтер  көлемі).  Өзінің  барлық  орналасу  нүктелерін  біріктіру  үшін, 

провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала 

алады,  сонымен  қатар,  өзінің  арналарын  тарта  алады.  Ірі  коммуникациялық  компаниялардың 

өздерінің 

жоғары 


жылдамды

қты 


каналдары 

бар. 


 

Провайдерлердің 

желілерін 

біріктіру

 

Кейбір  провайдерлердің  клиенттері,  мысалы,  ISP-A  бір  бірімен  өздерінің  жеке  желілері 



арқылы  өзара  байланысады,  ал  басқа  ISP-В  компаниясының  клиенттері  өздерінің,  бірақ  егер 

ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері 

және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір 

желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) 

қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, 

басқа  провайдерлердің  магистральды  желілеріне  қосылу  құрылады,  нәтижесінде  жоғары 

деңгейлі 

к

өптеген 



желілерді

ң 

бірігуі 



болады.

 

Интернетте  жүздеген  ірі  интернет-провайдерлер  орналасады  және  олардың  магистральды 



желілері  NAP  арқылы  әр  түрлі  қалаларда  жасалады,  және  мәліметтердің  үлкен  ағыны  NAP-

түйіннің 

ә

р 

т



үрлі 

желілері 

ар

қылы 


таралады.

 

Үлкен  және  кіші  желілердің  бірігуі  (Интернетті  құрайтын)  негізінде  шартты  келісімдер 



жатады.  Әрбір  клиенттің  белгілі  бір  ISP  пен өзінің  компьютерін  немесе  жергілікті  желісін 

провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері 

ISP-A  желісіне  қосылу  туралы  келісім  құрайды,  өз  кезегінде  ISP-A  ISP-B  мен  желілерін 

біріктіру 

туралы 

келіседі 



ж

әне 


солай 

жал


ғаса 

береді..


 

Провайдерлер 

желілеріні

ң 

иерархиясы 



Әр  түрлі  елдерде  халықаралық,  ұлттық  және  аймақтық  болып  бөлінетін  жүздеген 

провайдерлер 

бар.

 

Аймақтық  провайдерлердің  желілері  (екіншілік)  ұлттық  провайдерлердің  желілерімен 



(біріншілік)  жоғары  жылдамдықты  каналдар  арқылы  байланысады.  Мысалы,  АҚШ-та 

Т1стандартты  мәліметтерді  беру  жылдамдығы  1,544  Мбит/с  арна  немесе  жылдамдығы  44,74 

Мбит/с жететін ТЗ арнасы. 

Білім  беру  саласының  барлық  жағына  жаңаша  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас  (жаңа 

базистік  оқу  жоспарына  көшу,  білім  мазмұнын  жетілдіру,  оқу  әдістемелік  кешендерге  көшу, 

т.б.),  жаңаша  ойлау  қалыптасуда.Қазір  дәстүрлі  білім  беруде  студенттерге тек  пәндік  білім, 

білік,  дағдылардың  белгілі  жиынтығын  меңгеруге  ғана  бағытталып,  олардың  жеке  басының 

дамуына, 

т

ұлға 


ретінде 

қалыптасуына 

к

өңіл 


б

өліп 


отыр.

 

Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 



бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу  тәрбиесі  үдерісіндегі  елеулі  өзгерістерге 

байланысты  болып  отыр:  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  басқаша  қарым-

қатынас, 

өзгеше 


менталитет

 

пайда 



болуда.

 

 



Интерактивтік технология

 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, 

жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің 

интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами 

келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша 

немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының 



тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге 

студенттің әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. 

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, 

нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық 

нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт- 

қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады. 

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған. 

Оның мазмұнына: 

1)оқытудың жалпы мақсатын қою; 

2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 

3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау; 

4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі 

тиіс); 

5)нәтижені бағалау енеді. 



Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және 

танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. 

ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-

қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, 

қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, 

белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті 

оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге 

үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз 

бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға 

да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім 

алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті 

деп атайды. 

Интерактивті әдіс кезінде: 

-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды; 

-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға 

тырысқан кезде қалыптасады; 

-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды 

болады. 


Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой 

қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын 

қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі 

болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі: 

1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде); 

2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде); 

3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде); 

4)белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда) 

5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.). 

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек 

оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып 

табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті 

әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді: 

1)олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 

2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын 

пайдалана алады; 

4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 

5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады; 

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады: 

1)фактілерді еске алу; 


2)ойлану; 

3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану; 

4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру); 

5)баға беру (сапасын анықтау). 

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте 

ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім 

беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, 

электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің 

субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда 

барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, 

келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа 

шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. 

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек: 

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек; 

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек; 

-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек; 

-педагогикалық қолдау көрсету. 

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану 

болып табылады. 

Сонымен, интерактивті оқыту технология- 

сы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне 

негізделген процесс. 

Интерактивтік оқыту технологиясы: 

1.жұптасып жұмыс істеу; 

2.ротациялық (ауыспалы) үштік; 

3.карусель; 

4.шағын топтармен жұмыс; 

5.рөльдік (іскерлік) ойын; 

6.дискуссия; 

7.дебат т.б. 

Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей 

жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық 

әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала 

болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара 

әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – 

ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту 

технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, 

интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетіс- 

тіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық 

қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары 

түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. 

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы 

*тұлғаның қызығушылығын туғызады; 

*әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; 

*әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады; 

*оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 

*тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; 

*тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; 

*мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі. 

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, 

білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір 

жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру 



жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал