Әдістің орындалуы: мысалдың 1-шумағын мұғалім оқиды, әрі қарай не болатынын оқушылар болжайды. Дұрыс нұсқасын мұғалім оқиды, әрі қарай оқушылар тағы болжайды. Осы ретте мәтін жалғасын болжату арқылы оқушылар әңгімені аяғына дейін болжам жасаумен болады. Мұғалім оқитын үзінді мен оқушылардың болжайтын тұсы төменде көрсетілген.
Тапсырма
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.).