Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында


Білім беру сапасын көтеруде арнайы ғылыми, оқу- әдістемесін зертхананың атқаратын рөлі



бет2/8
Дата30.08.2023
өлшемі36,37 Kb.
#105692
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында

Білім беру сапасын көтеруде арнайы ғылыми, оқу- әдістемесін зертхананың атқаратын рөлі

Егемен еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің және өнердің қосатын үлесі ерекше. Қазіргі қоғамдағы мамандар бәсекелестігіне төтеп беретін жан-жақты өнерлі, мәдениетті, жоғары білімді маман дайындау басты мәселеге айналып отыр. Мемлекетіміз қазір рухани байлығымызға, ертеңгі ұрпақ мәселесіне баса назар аударуда. Бүгінгі мектепте отырған оқушыларымыз, біздің еліміздің болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі тізгінін алатын азаматтары деп қарауымыз қажет. Ендеше біздің жастарымызға берілетін білім сапасы да өте жоғары болуы тиіс, ол үшін, отандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру үрдісіне сәйкестендіруіміз керек, бұл қазіргі заманның қойып отырған талабы. Орта мектепте өтілетін басқа пәндермен қатар, бейнелеу өнері сабағына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оқытудың озық тәжірибелерін қолдану, ұлттық құндылықтарымызға деген жастардың қызығушылықтарын арттыру, оның қазіргі таңдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындау біздің борышымыз.

Баланы, әсiресе бастауыш сыныптан бастап, бейнелеу өнерiне жүйелі түрде оқыту, қашанда мемлекеттің кезек күттiрмейтiн мiндеттерiнің бiрi болып табылады. Ұлы Абай атамыздың 33 қара сөзiнде өнер жайлы былай делінген: «егер мал керек болса, колөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол». Әулие деген қазақтың түсiнiгiнде ең құдiреттi, қасиеттi, киелi адам деген мағынаны бередi. Бұл қара сөзiнде өнердi, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлi адамы деп әулиеге теңеп отырғаны тегіннен тегін емес. Мысалы, өнерлi адамдар өз қолдарымен жасаған әдемi заттарын киелi деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзiнiң өсiп келе жатырған балаларына, немерелерiне мұра қылып қалдырып отыратынын білеміз. Бұл дәстүр бiздiң елiмiзде ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келеді. Соңғы уақытта елiмiзде Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен халқымыздың “Мәдени мұрасына” ерекше көңiл бөлiнiп, теңдесі жоқ жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Еліміздің мәдени мұрасы-орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Бұл ісіміздің маңыздылығы сол, ол біздің болашақ жастарымыздың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырады. Техника, космос тағы басқа салалардағы жетістіктерді басқа озық елдерден барып үйреніп қайтуға болар, ал ұлттық өнерімізге, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты тарихи деректерді оқып үйренуге мүмкіншілік, тек өзіміздің елімізде ғана, оны ешқандай озық мемлекет өзімізден артық зерттеп, өзімізден артық көрсете алмайды. Біздің елімізде Мәдени мұраның маңыздылығына мән беріп, зерттеуді қолға алғанымыз, шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Мәдени мұра бағдарламасының әрі қарай жүйелі түрде іске асырылу құқығына ие болуы, барлық елге өнегелі іс болуда. Бұл біздің егемен еліміздің болашағына деген ұлтжандылық көзқарасымыздың бiр керемет айғағы деп бағалауымыз қажет. Қазiргi егемен ел болып, керегемiз бекiп жатырғанда, өнерге жанашырлық жасау арқылы біздің жастарымызға ұлттық өнерімізді жеткізе білу, әрбір қазақ азаматының парызы. Ұлттық өнерімізді жастарға үйрететін негiзгi салалардың бiрi – бейнелеу өнерi болып саналады. Бейнелеу өнерiнің маңыздылығы сол, ол адамның өткен уақыттағы және өзі өмір сүріп отырған ортасының әсемдiгiн өнер тұрғысынан түсiнуiне, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасуына жол көрсететiн ең алғашқы білім болғандықтан, өзінің ерекше мақсаты мен міндеттері бар. Сурет салуды сүю деген – ол өмiрдi, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парасатын өсiредi, танымын кеңейтедi, iзгiлiкке, әсемдiкке үйретедi. Өмiрде кездесетiн келеңсiз құбылыстармен күресуге баланы тәрбиелеп, халқына, елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiкке баулиды. Бейнелеу өнері қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершiлiкті, жанашырлықты әрқашанда қажет ететiнi белгiлi. Осы бейнелеу өнерiн жүйелi оқыту, оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу iсi баршамыздың алдымызға байыпты мiндеттер қойып отыр. Қазiргi дамыған заманда бәсекеге қабілетті, бiлiмдi, өз iсiнiң маманын тәрбиелеп шығару басты мақсатымыз. Бейнелеу өнерiнің қарапайым заңдылықтарына мақсатты және жүйелі түрде үйрету мектеп қабырғасынан бастап жүзеге асырылады. Сондықтан, сабақты сапалы, қызықты өткiзу, балалардың өнерге деген қызығушылығын, сүйiспеншiлiгiн арттыру тiкелей пән мұғалiмiне ғана байланысты. Бейнелеу өнерi сабағының қоғамдағы алатын орны өз алдына ерекше. Бейнелеу өнерi сабағының негізгі мiндетi – балаларға бейнелеу өнерiнiң барлық түрлерiнен жалпы мағлұмат беру, қарапайым заттардың суреттерiн бейнелеудi меңгерту, өмiрдегi әдемi мен жаманды ажырата бiлудi үйрету, ұлттық өнерімізді оқыту арқылы оқушылардың ұлттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру. Әрбiр оқушы бейнелеу өнерi сабағы арқылы өзiн қоршаған ортадағы заттардың әдемiлiгiн, табиғаттың әсемдiгiн және осы әдемiлiктердi көрiп сезiну арқылы өзiнiң шығармашылық қабiлетiн жетiлдiре алады. Әрине бұл қабiлеттiлiк пен тәрбиені әрбір оқушыға дарыту, бір ғана сабақтың нәтижесінде жүзеге асырылмайды, оған уақыт қажет, сондықтан бұл өз ретiмен жүретiн процесс. Бейнелеу өнерi сабағында әрбір оқушы өздерiнiң көру, есте сақтау, ойлау және қиял түйсiктерi арқылы берілген тапсырмалардың немесе тақырыпқа байланысты табиғат құбылысының түрлі қасиеттерiн бейнелеуге мүмкiндiк алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет