Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында



бет4/8
Дата30.08.2023
өлшемі36,37 Kb.
#105692
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында

Бейнелеу өнерінің қоғамға, жеке адамның білікті маман болып қалыптасуына қаншалықты үлесі бар екендігі туралы көп мысал келтiруге болады. Атақты Кеңес одағының 3 дүркiн батыры, ұшқыш Иван Кожедуб мектеп қабырғасында сурет сабағының дұрыс жолға қойылуының арқасында, сурет салуды жақсы меңгергендігі, көз өлшемінің қалыптасуына көп әсер беріп, жаумен соғысу кезiнде көз өлшемiнің көп көмегi тигенiн үнемi мақтанышпен есiнен шығармаған. Аты әлемге танымал авиаконструктор А.С.Яковлев те осы бейнелеу өнерiнiң арқасында жеткен жетiстiктерiне байланысты: мен тағы бiр нәрсе үшiн мектепке дән ризамын, онда сурет салу жақсы жолға қойылған болатын. Сурет сала бiлгенiм, менің болашақ мамандығымды таңдауыма себеп болды дейді. Өйткенi инженер-конструктор әлде қандай машина жасауды ойластырған кезде, ол өзiнiң болашақ туындысын егжей-тегжейлi көз алдына келтiруге тиiс және оның бейнесiн қарындашпен қағаз бетiне түсiре бiлуi керек. Белгілі географ А.Половкин тiптi «география және сурет салу» деп аталатын бiр тұтас кiтап та жазған екен. Осындай бейнелеу өнерiнiң өмiрге қажеттiлiгi, адамды ауыруынан емдеуде қолданыс тапқаны туралы айтылған хирургтардың және тағы басқа да мамандық иелерiнiң ойлары дәлел бола алады. Бейнелеу өнерінің қоғамдағы маңыздылығына келетін болсақ, бейнелеу өнері әр салада тиімді қолданыс тауып жатыр. Қазiргi кездерi сурет салғызу арқылы ауыруды емдеу, психотерапиялық әдiстердiң бiр түрi ретiнде пайдаланылып келеді. Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау үшін де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде көптеп жүргізілуде. Бейнелеу өнерін меңгеру, әрбiр оқушының сурет салудағы біліктілігін дамытып қоймай, адамның рухани және ұлттық сана-сезімін қалыптастырады, жалпы егемен еліміздің өркендеп дамуына зор әсерін тигiзедi.

Сондықтан орта мектепте бейнелеу өнерiн оқыту кезiнде тәрбие мен оқытудың бiрлiгi, тек педагогикалық жағын емес, адамның мәдени құндылығын мағыналы түрде арттырады.

Ал қазiргi уақытта жастардың бойында кәсібилік, белсенділік, креативтік, бәсекеге қабілеттілік, патриоттық, экологиялық тәрбиелердi қалыптастыру әр мемлекеттің басты міндеті. Осы міндеттердің орындалуына себебін тигізетін пәндердiң бiрi — бейнелеу өнерi. Сондықтан орта мектепте бейнелеу өнері сабағының өз деңгейiнде жүргiзiлуiне мән беріп, асқан жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Сапалы өтілген бейнелеу өнері сабағынан жастарымыз қоғамдық орындарда мәдениетсіз қылықтарға бармайды, нашақорлық індеті белең алып отырғанда бейнелеу өнерінің қосымша үйірмелерінің қажеттілігі қазір өте маңызды. Мысалы, бейнелеу өнерімен айналысатын оқушылар, сая бақтардағы жақсы нәрсенi сындырып кетуге, көпшілік орындарда шемішке шағуға, түкіруге, әдемi заттың бетiн сызуға, бүлдiруге, былапыт сөз айтуға бармайды, қарапайым мәдениеттiлiктерден жұтаң болмайды. Бейнелеу өнерi сабағында пән мұғалімі оқушыларға сурет салғызуды ғана үйретумен шектелмей, тәрбиелік мағынада үнемі әңгіме айтып отыру қажет. Бейнелеу өнері бойынша оқытудың жаңа технологияларын кеңінен қолдануға іздену жұмыстары жоспар бойынша «Жас суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертханасында жүргізіліп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет