Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталғанын» атап көрсетті. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.
Тақырыптың тиімділігі:
Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.
Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
Оқытудың ой – өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.
Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдейді.
Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |