Жаңа трендтердің білімдегі сипаты Бірманова Қымбат Исланбекқызы Рудный қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлина атындағы №7 мектеп-гимназиясы»



бет2/2
Дата11.10.2024
өлшемі23,35 Kb.
#147815
1   2
Байланысты:
жаңа трендтердің білімдегі сипаты

    Бұл бет үшін навигация:
  • Instagram
Оқытудың икемді форматтары
Әр оқушыға бағытталған тәсіл, жеке тұлғаның уәждемесін арттырады, оған оқу үдерісін басқаруға және оқудағы жетістіктерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл сабаққа бар ынта-жігерімен қатысуға оң әсер етеді. Икемділік оқыту жүйесіне де таралады, әлемдегі университеттердің гибридті оқыту схемаларына бет бұруы бекер емес. Ол жағдайда ең әуелі теорияны платформада өз бетінше оқып танысады. Ал жанды дәрістердің өзі оқылған материалды талқылауға, сындарлы пікірталастарға, нақты жағдайларды талдауға, топтық тапсырмалар мен презентацияларды қарауға арналады. Бұл үрдіс болашақта тек күшейе түседі. Сандық технологиялардың дамуы, бір жағынан, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, екінші жағынан, біздің алдымызға жаңа міндеттер қояды. Ағымда болу үшін, тиімді және сұранысқа ие маман болу үшін үнемі оқып, дамып отыру керек.
Әлеуметтік желілер- ресурстарды білім мен тәжірибе алмасуға, яғни әлеуметтік оқытуға мұмкіндік береді. Әлеуметтік медиа, блогтар, бейнеблогтар-әлеуметтік медиа және бейнеблогтардың көмегімен оқыту. Тіпті Facebook, Instagram, Telegram  таспасы оқу элементтерімен толығады: адамдар достарымен бөлісуге және есте сақтау үшін ақпаратты, мысалы, шетелдік сөздерді немесе ережелерді сақтауға дайын. Білім беруде өз сабақтарын ютуб каналдары арқылы таныстырады, қаралым тіпті саны кеңейіп, тәжірибе жинақтайды. Мұғалімдер оқушылардың шығармаларын, сабақтағы өнімін блогта жариялайды, бұл аудиторияның назарын олардың шығармашылығына аударады және мұғалім қолданған жаңа әдістерге деген қызығушылығын айқын көрсетеді.
Кеңейтілген шындық технологиялары- егер кеңейтілген шындық батыру әсерімен қоршаған ортаға еліктеуді жасаса, онда кеңейтілген шындық компьютерде жасалған ақпаратты бақылаушының табиғи сезімдерімен біріктіреді. Мұғалімнің сандық құрылғылар мен бағдарламалар арқылы жасалған және кескін сипатындағы объектілермен кеңейту. Оқу бағдарламаларымен бірге кеңейтілген шындықты пайдалану интерактивті орта құра отырып, мұғалімнің де, оқушының да оқу үдерісіне қатысуының жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мұғалімнің көкжиегін кеңейтіп, ынтасын оятып, оны тақырыпты тереңірек зерттеуге итермелейді. Білім берудегі кеңейтілген шындық технологиясының мүмкіндіктері мұғалімнің кәсіби дамудың анағұрлым мазмұнды және мамандандырылған бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік беретінін көзіміз жетті.Кеңейтілген шындық смартфон арқылы оқу-үдерісіндегі іс-әрекетті көре аламыз.
SOFT SKILLS қаншалықты маңызды және қажетті?
Педагогтардың икемді дағдыларын қалыптастыруда эмоция, орта атмосферасының ықпалы мұғалімнің қызығушылықпен жұмыс істеуі және сыни ойлауларының қалыптасуына негіз болады. Мұғалімдердің сөйлеуінде,іс-қимыл әрекетінде белсенділік олардың рефлексия біліктерін дамыту үшін әлі де болса жұмыс жүргізуін талап етеді. Мұндағы мақсат мұғалімдердің кәсіби дамуы мен мұғалім міндетін атқара алуы болды. Ұжымда бір-бірімен байланыс орнатып, өзгелердің пікірін тыңдап, іс-тәжірибемен алмасуы, біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.Жасалған әрбір игі істің бастамасында нәтижеге қол жеткізуде бірқатар кемшіліктердің де орын алатыны мәлім. Мектеп педагогтарының үздіксіз білім алуына жол ашу, икемді дағдаларды дамытуымен сипатталады.Мектеп педагогтарының Soft skills бойынша жсалған даму картасы он қадам және он басымдықты көрсетеді. Қадамдар:
Серіктес мектептердің педагогтарын анықтау;
Оқыту және дамыту,-Көшбасшыларды дамыту, Әлеуметтік мониторинг жүргізу,Жобалық тәсіл, Жаңа алаңдар, Тиімді коммуникация,-Цифрлық технологиялар,Әрекетке бағыттау, Нәтиже.
Басымдықтары:
- Рухани құндылықтар дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-Оқыту мен оқуды ұйымдастыруды қамтамсыз ету;
-Көшбасшы-мұғалімдерді тиімді басқару;
-Педагогтардың кәсіби даму маршрутын жасау;
Педагогтарды әлеуметтендірудегі жобаларды іске асыру;
-Педагогтармен қарым-қатынас орнату және оны жетілдіру;
-Педагогтардың жұмысын сандық-мультимедиялық құралдар арқылы тарату;
-Жаңа қадамдарға ілесу және нәтижені көру;
-Педагогтардың құзіреттіліктерінің оңтайлы көрсеткіштері
Оқыту ортасында желілік қоғамдастықты жандандыру арқылы кәсіби имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Педагогтардың белсенділік деңгейін арттырып, балама ойлау, туындаған мәселелердің шешімін іздеу, икемділік дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін дамытады. Бүгінгі мектеп пәндері мазмұнының жаңаруы, соған сәйкес білімді ақпараттандыру жағдайында цифрлық сауаттылықтарын қалыптастыру арқылы қашықтықтан білім беру құралдарын оңтайлы қолданады.
Күтілетін нәтиже қоғамдастық педагогтарының жеке тұлғалық дамуында әріптестер арасында икемді дағдылар арқылы тиімді қарым-қатынас және ынтымақтастықтың жақсаруына ықпал етіледі.
Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды. Жетістік-әрекетте, жетілу-мақсат, ізгі мұрат жолында еш аянбау бүгінгі педагогтардың міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет