Жаңа трендтердің білімдегі сипаты Бірманова Қымбат Исланбекқызы
Рудный қаласы әкімдігінің
«Бейімбет Майлина атындағы
№7 мектеп-гимназиясы»КММ
педагогикалық білімдер магистрі,
мектеп директоры
Рудный қаласы, Қостанай облысы
Жаңа трендтер оқу-білім айналымына қосылып қана қоймай, ақпарат көзін іздеу, жаңа білімдерді жедел әрі тиімді түрде үйрену қажеттілігі туындағанда барша ұстаз қауымы үшін кәсіби дамуға ұмтылыстың жаңа бір білім алу жолы болды. Білім берудегі мобильділік оқытуда педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.Ең бастысы, оқу сізге ыңғайлы уақытта және негізгі қызметіңізге кедергі келтірместен өте береді. Бүгінгі таңда білім ошақтары инновциялық қызметтің біздің әрі қарай дамуымызға ой салып, шығармашылық тұрғыда ойлануға үйрететін қашықтан үйретуші бағдарламалар да , қашықтан білім беру курстары, тренингтер, семинарлар, шеберлік-сыныптары, вебинарлар мен конференциялар,жаңа әдіс-тәсілдер т.б.толассыз артып келе жатыр. Оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Бұндай оқыту оқу үрдісіндегі құралдар, әдістер, формалар арқылы педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушы арасында жүргізілетінімен ерекшеленеді.
Заманауи ақпараттық технологиялар ғасырында әр ұстаз өзіне қажетті және қызықты нәрселермен шығармашылық тұрғыда айналыса алады. Оқытуда ұстаз бен оқушы арасы қашық демесеңіз, ұстаз бен оқушы арасы бір-ақ қадам. Бірінші кезекте әр оқушыны, тәрбиеленушіні ойлаймыз. Байқағанымыз білімалушылардың виртуалды байланысып, қашықтық олимпиадалар мен байқауларға белсене қатысып, оқуға деген мотивациясын, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындап, жоғарлағанын көре алдық. Ақпараттық технологиялар оқушылар үшін білім, білік, дағдыны игерудегі қажетті ресурс болып отыр. Сонымен қатар, түрлі платформаларда жұмыс жасаудағы сандық-мультимедиялық құралдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы. Бір сөзбен айтқанда оқушы-ұстаз-ата-ананың компьютерлік және ақпараттық сауаттылық білігі артады. Жұмыстағы ең басты сөз-мүмкіндік. Жақсы ұстаз кез- келген жерде онлайн, офлайн жұмыс жасай біледі. Қашықтан оқыту кезінде мықты ұстазды одан әрі мықты ете түсті. Мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі едәуір өсті. Осы ретте ұстаздарды төмендегі топтарға бөліп қарастырайын. Біріншіден: талаптанушы-ізденімпаз яғни дүниетанымы кең, оқу бағдарламаларын жақсы меңгергендер.Екіншілері жаңашыл мұғалімдер: оқулықтар, ресурстарды көре білетін,өздігінше ізденіс жасайтындар.Үшіншілері-әдіскерлер: кәсіби жоғары бейімделген мұғалімдер.
Сандық транформацияда туындаған мәселе жоқтың қасы деуге болады. Себебі бұл саланы да еңсердік. Икемді, мықты ұстаз онлайн, қашықтықтан оқытуда кәсіби ерте сөнбейді. Сандық ресурстарды көптеген жылдар бойы қолданып келдік. Бүгінгі мұғалім жан-жақты, ашық диалогқа дайын, креативті, шынайы ақылды білім альтернативаларын заманауи тиімді қолданатын сонымен қатар блогерлер. Қысқа уақыт ішінде елеулі нәтиже көрсетуде. Келесі оқу жылында мектеп есігін айқара ашқанда қашықтан жұмыс жасап келген өзіміздің сандық әлемдегі жаңа мұғалімімізді көре аламыз. Бұлайша атауымның себебі неде десеңіз? Өйткені олар оқу үдерісінің нақты сапалы екенін қабылдайды. Шығармашылық жұмыстар форматына қарамастан көп уақытты үнемі талап етеді, оқушылар оқытуға қатысып қана қоймай шығармашылықпен бірігу және бәсекеге қабілетті эффектісін береді. Мектеп оқушыларының білімдегі олқылықтарын түзеу, білім шығынын толтыруда оқытуда өзіндік жұмыстары кеңейе түсті және мультимедиалық құралдарды ұтымды пайдалануда.
Оқыту жағдайының қолайлығы:-психологиялық жайлылық, өз сандық-мультимедиялық құралдарымен үйреншікті қалыпта оқу,оқытудың арнайы мерзімдері және шапшаңдығы,дербестіктің жоғары үлесі,уақыт шектеуін жеңу.
Әр баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Мұғалімнің кәсібилігіндегі үш басымдық:жалпы азаматтық сапа, мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,пән бойынша білім, іскерлік, дағды. Осы сапалар арқылы мұғалімнің еңбекке деген уәжі, кәсіби шеберлігі,қарым-қатынасы көрінеді. Қазіргі мұғалім – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ұстаз ешнәрседен тыс қалмай өзін-өзі ылғи да ілгері жылжытып отыратын болса, жұмыста оң нәтиже болады. Осы орайда білім беру үдерісін оңтайландыруға ықпал ететін әр түрлі технологияларбар. Цифрлық көмекшілердің көмегімен білім алу-білім берудегі маңызды, айқын трендтер бар.
- Bite-size технологиясы
- гамификация,
-мобильді оқыту,
- микро оқыту,
-әлеуметтік желілер
-кеңейтілген шындық
- Soft Skills.