Жаңа заман тарихынның кезеңдері



бет34/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
2.Егін шаруашылығы. XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шарушылығында егіншілік біршама маңызды орын алды. Бұған дейін қазақтарда егін шаруашылығы мүлдем болған жоқ, олар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналысады деген пікір үстем болып келді. Мұның негізгі себебі, деректерді дұрыс зерттемеу, этнографиялық материалдарға дұрыс сүйенбеу. Өткен ғасырдың авторлары өздерінің пікірлерінде дәйекті мағлұмат бере алмады. Мысалы, Қазақстанның Оңтүстік аудандарында 1859-1860 жылдары болып қайтқан М.И.Венюков өз еңбегінде қазақтардың аз ғана бөлігі егін шаруашылығымен айналысатынын айта келіп, “халық нанды пайдалануды әлі үйренген жоқ, оны етпен, құрт және мал шаруашылығының басқа да өнімдерімен алмастырып отырды” ­- деп жазды.
Керісінше XVIII ғасырдағы Шығыс деректері қазақтардың егіншілікпен айналысатындығы жөнінде деректер келтіреді. Мысалы, XVIII ғасырдың екінші жартысында Цинь үкіметі комитетінің құрастырған “Батыс аймақтардың географиялық суреттемесі” деген еңбекте: “қазақтар мал шаруашылығын қуаттайды, алайда олар жер өңдеумен де айналысады” – деген.Шынында да деректерді дұрыс пайдалану XVIII ғасырда Қазақстанның экономикалық өмірінде егіншіліктің зор роль атқаратындын көрсетеді. Ферғананың тамаша білгірі В.Наливкин қазақ малшыларының егіншілікпен айналысуын экономикалық қажеттіліктермен түсіндіреді. “Бір ғана мал шаруашылығы негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алмағандықтан, қазақтардың көп бөлігі егіс далаларын иеленуге тырысты” [201, с 39].
XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген көптеген авторлар қазақ арасында жер өңдеу кәсібі өркендемеген, тіпті жер өңдеу кәсібімен айналысушылардың өзі де “оған оншалықты мән бермеген” деген тұжырым жасамақ болған. Орынбордан Бұхараға дейін аралаған барон Мейендорф қазақтарды тек көшпелі шаруашылықпен айналысушылар, жер жырту кәсібіне ешқандай икемі жоқ халық деп сендіргісі келеді. Бұл мәселеге Г.И.Спасский басқаша көзқараспен қарады. Көшпелі халықтар арасында егін салу жағынан қазақтарға ешкім тең келе алмады. “Құрғақ құмдақ жерлерді де құнарлы аймаққа айналдыра алады”,- деп жазды Г.И.Спасский.Қазақ малшыларының егін шаруашылығына көшуіне Қоқан хандығы тұсындағы өзбек егіншілерімен тығыз байланыс та әсер етті. Қазақ еңбекшілері өзбектермен жер өңдеуді және көрші бола отырып, олардан ирригация жұмысын атқаруды үйренді, еңбек құралдарын жетілдірді, тұқымды сақтау әдістері және т.б. егіншіге керекті білімдерін толықтырып отырды.
Орта Азия мен Қазақстанда егін шаруашылығы ежелгі заманнан жасанды суландыру негізінде өңделген әр түрлі егіншілік дақылдар орналасқан тау бөктері мен алқаптарда шоғырланды. Егін шаруашылғының екі түрі дамыды; суармалы және богарлық (қолдан суарылмайтын) егістік, суармалы егіншілік Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы өтетін Сырдария, Қуаңдария, Жаңадария, Арыс, Шаян, Сарысу, Келес, Талас, Шу т.б. сияқты өзенді алқаптарға негізделді. Олардың ішіндегі ірісі – Сырдария. Атақты шығыстанушы С.П.Толстов былай деп жазады:“Хорезм және онымен қатарлас аудандар суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары болып табылады. Ежелгі уақыттан мұнда дәнді және техникалық дақылдар егу дамыды, сонымен қатар мақталық, жүзімдік, бау-бақшалық та болды. Мұны археологиялық қазбалар кезінде табылған бидайдың, тарының, арпаның, мақтаның, жүзімнің, қауынның дәндері, өріктің және басқа да жеміс-жидектердің сүйектері растайды. Осы ауыл шаруашылық дақылдары б.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында белгілі болды”.
Сырдария өңіріндегі егіншілік жайлы Тәуке ханның ордасына барған орыс елшісі В.Кобяков былай деп еске алды:“Ал, Тәуке ханда астық, бидай, арпа да, тары да көп шығады, ал астықтан күздік және жаздық бидай егеді”. Бұл ауданда XVIII ғасырдың 20-30-шы жылдарында жоңғар феодалдарының жойқын шапқыншылығына байланысты егіншіліктің біраз құлдырағаны байқалады. Талас, Шу, Жетісу өзендерінің бойлары ежелден егіншілік мәдениетінің орталықтары деп есептеледі, ежелгі мекен-жайлардың көптеген жұрттары Ұлы жүз жерінде егін салудың тәуір тарағандығы туралы И.Г.Георги былай деп жазды: “Үлкен Орданың қазақтары…тұрақты қысқы қыстауларында тұрады, бірақ жазда көбінесе қамыс күркелерде мекендейді, алайда өз үйінің тұрған жерін ілуде бір ғана өзгертеді. Олардың бірсыпырасы егіншілікпен анағұрлым ыждағатты, тыңғылықты және қажырлы шұғылданады”.
Орталық және Шығыс Қазақстанда дәнді дақылдардың өсірілетіні туралы Н.П.Рычков пен И.Г.Андреев жазды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет