2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы. 1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.
Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:
1) Қазақ даласында тыныштық орнату;
2) шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;
3) Азиядағы жағдайды бақылау;
4) сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);
iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.
Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.
Сонымен, Қазақ даласында билік әкімшілікке орай және жер мәселесіне байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен уақытша заңдар шығып мойынға түскен қыл арқан тарылатүсті.
1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс зандарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді.
Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана". Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті.
1822 жылы "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Уставтың (жарғы)" негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы жүздің біраз жері 8 округқа бөліңді, округтарды округтық приказдар басқарды. Округтар болыстарға бөлінді, болыстар өкімшілік ауылдардан түрды, ал ауылда 50-70 түтін болды. Болыстарды болыстық сұлтандар, ауылдарды ауыл старшын-дары басқарды. Округтар Омбының облыстық басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі 1824 жылы жойылды, билеуші-сұлтандар басқару 3 бөлікке болініп, басқарудың дистанциялық жүйесі енгізілді. Барлық лауазымды қызмет адамдарын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың жаңа тәртібін енгізу патша үкіметінің мүддесіне сай келді. Сонымен бірге басқару жүйесіндегі өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің еңдіргіш күшін дамытуға кері ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, XIX ғасырдың 20-40 жыддары ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды.
Қорыта келгенде 1822 жылы шыққан "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған еді, жері округтерге белінген болатын. Кіші жүзде, жал-қүйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тәуелді Ішкі Орда аталмыш ат тебеліндей Бокей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық та күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагері — орыс шенеунігінің қолына көшті.
Тарихи жағынан қазақ жеріндегі хандық мемлекет қазақ-тардың мүддесін қорғап кедді, ейткені хандық уақыттта осы аумақта езге этностар кеп болған жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы жоніндегі комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған хандар Ресейге талай рет опасыздық жасады... оның үкіметке зиянды екеніне көз жеткізіп, хан қызметі жойыдды"1 делінген. Бұдан кейінгі орыс саясаты 1824 жылы хандық биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы сұлтандардың жойылуынан 1865 жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында хандық билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы бейбітшілікті жойды.
Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор қазақтарын басқару Орынбор Шекара Комиссиясына жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы. 1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.
Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:
1) Қазақ даласында тыныштық орнату;
2) шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;
3) Азиядағы жағдайды бақылау;
4) сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);
iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.
Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.
Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.
Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды.
Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.
Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.