жаһандану жағдайында қазақстандық ҚОҒамдағЫ Әлеуметтік-лингвистикалық Өзгерістер



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі210,11 Kb.
#7034

 



УДК 316.42: 80 (574) 



 

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ  

ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР 

Мұсабаева А.Б. әлеуметтану магистрі, оқытушы 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қ. Астана, Казахстан  

Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті, «Болашақ жастар қолында» 17 – 19 

сәуір, 2012 жыл. 

 

www.enu.kz



 

 

Түйін:  автор  мақалада  қазіргі  қазақстандық  қоғамның  әлеуметтік  лингвистикалық 

кеңістігіндегі  болып  жатқан  өзгерістерге  тоқталады.  Сонымен  бірге  қазіргі  қоғамда 

адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймаған билингвизм, тіпті полилингвизм 

феномені кеңінен таралуы жөнінде сөз етеді.  

 

Резюме:  автором  рассматривается  изменения,  которые  происходят  на  социально-



лингвистической  пространстве  казахстанского  общества.  Также  автор  фокусирует 

внимание на процесс билингвизма и полилингвизма среди молодежи.   

 

Abstract:  Author  studies  change  which  have  from  social  and  linguistic  area  Kazakh  society. 

Also author draws our attention to Bilingualism  and Polilingualism processes among yang.      

 

Негізгі  ұғымдар:  әлеуметтік-лингвистикалық  өзгерістер,  билингвизм,  полилингвизм, 



іріктеу көлемі. 

 

Скачать статью в формате .PDF и/или .DOC 

 

     


 «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл!» деп бабаларымыз айтқандай, өте ертеден 

ақ,  әр  адам  өз  ұлтының  және  мекен  етіп  отырған  елінің  тілін  білуі  қажет  болған.  Қазірдің 

өзінде  жаһандану  үрдісі  етек  алған  заманда  халықаралық  байланыс  құралы  және 

халықаралық  экономика,  халықаралық  білім  беру  тілі  –  ағылшын  тілін  білу  қажеттілігін 

тудырды. Жеке индивид қаласа да, қаламаса да, қабылдап, не қабылдамаса да жаһандану бас 

тартып кете алмайтын біздің әлеуметтік шындығымыз. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының 

кең  мағынада  тарихи  даму  процесімен  шартталған.  Ең  басты  әлемдік  коммуникациялық 

кеңістік – Интернетте барлық ақпараттың 80% ағылшын тілінде ұсынылады. Жаһандану мәні 

ағылшын  тілін  білу.  Осыдан  барып  кез  келген  заманауи  адам  бүкіл  әлемде,  әсіресе 

мегаполистерде  өмір  сүріп  жатқан  адамдар  сан  алуан  тілдік  ортада  өмір  сүреді.  Қазіргі 

қоғамда  адамдардың  тек  ана  тілін  білуімен  шектеліп  қана  қоймаған  билингвизм,  тіпті 

полилингвизм феномені кеңінен таралуда.  

Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Елбасының көрегенді саясатына 

орай 


Қазақстан 

Республикасының 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуындағы 

басым 

бағыттардың бірі - қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі. «Үш тұғырлы тіл» тілдік 



стратегиясын  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев                   

2004  жылы  жария  еткен  еді.  Ал  2008  жылы  Президент  Халыққа  Жолдауында  Қазақстанды 

әлем  тұрғындары  үш  тілді  қолданатын  жоғары  білімді  ел  ретінде  тануы  тиіс  деп  айрықша 

атап өткен. Осылайша, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі 

және ағылшын тілі – жаһанды экономикаға табысты интеграциялаудың тілі деп көрсетті.  

Сонымен  бірге,  Елбасы  өзінің  2011-ші  жылғы  «Болашақтың  іргесін  бірігіп  қалаймыз!» 

атты  Қазақстан  халықына  Жолдауында:  «Мен  қазіргі  заманғы  қазақстандық  үшін  үш  тілді 

білу  – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. 



 

Біздің  міндетіміз  –  2017  жылға  қарай  мемлекеттік  тілді  білетін  қазақстандықтар  санын  80 



пайызға дейін жеткізу. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 

пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деген болатын [1]. 

2011  жылғы  29  маусымда  №110  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілді.  Бұл  бағдарламада  үш  тiлдi  (мемлекеттiк,  орыс  және 

ағылшын)  меңгерген  тұрғындардың  үлесiн  (2014  жылға  қарай  -  10%,  2017  жылға  қарай  - 

12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту көзделген [2].     

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Ата Заңында мемлекеттік тіл  – қазақ 

тілі деп, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл  ретінде бекітті.  Оның негізгі мақсаты  ретінде 

ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. 

Сондықтан  да  орыс  тілі  достық  пен  бейбітшіліктің,  этносаралық  қарым-қатынас  тілі 

мәртебесіне ие болды.  

Жалпы  Қазақстандағы  тілдік  жағдайды  түсіну  үшін  Кеңес  Одағы  кезіндегі  жағдайды 

түсіну керек. Бұл  уақытта Қазақстанда орыс тілін  білу деңгейі өте жоғары болды. Және ол 

тек  басқа  ұлт  өкілдері  арасында  емес,  сонымен  бірге  қазақтар  арасында  жоғары  болған.           

1989  жылғы  санақ  нәтижесі  бойынша  орыс  тілін  білу  деңгейі  65-67%  құрады.                            

1990  жылдардың  ортасында  мемлекеттік  тілді  тұрғындардың  71%  жетік  меңгерді  және 

қазақтардың  95,5%  сөйлей  алатын  болса,  орыстар  арасында  8,5%  білген,  ал  мүлдем 

білмегендер саны - 51%. Түркі тілдес этнос өкілдері (өзбек, татар, ұйғыр және т.б.) арасында 

бұл  көрсеткіш  -  30%  құрайды.  1999  жылғы  санақ  бойынша  Қазақстан  Республикасында 

мемлекеттік  тілді  білу  деңгейі  64,4  %-ды  көрсеткен.  2009  жылғы  санақ  нәтижесі 

көрсеткендей, ол шамамен 10%-ға көтерілді, яғни бұл көрсеткіш - 74%-ға жетті [3].  

Ендігі  кезекте  жаһандану  жағдайында  тілдік  кеңістікте  тұрғындар  арасында  ағылшын 

тіліне  деген  сұраныс  орын  алары  сөзсіз.  Қазіргі  таңда  мектеп  алды  дайындық  білім  беру 

орталықтарынан  бастап  ағылшын  тіліне  үйретеді,  ал  үздіксіз  білім  беру  сатыларында 

ағылшын  тілін  білу  маңызды.  Замана  талаптарына  сай  елімізді  болашаққа  жетелейтін  өсіп 

келе жатқан жас буын екені белгілі. Олардың бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына 

ықпал ететін негізгі әлеуметтік институт білім беру жүйесі. Сондықтанда «Үш тұғырлы» тіл 

саясатын сандық және сапалық тұрғыда жүзеге асыратын орган білім беру мекемелері.  

«Қазақстан  Республикасын  2020-шы  жылға  дейінгі  стратегиялық  дамыту  туралы»               

2010  жылғы  1  ақпанда  №922  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығын  жүзеге 

асыру  мақсатында  қабылданған  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020-шы  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  2011  жылдан  бастап  көп  тілді 

білімі  бар  педагогикалық  кадрларды  даярлау  іске  асырылады  делінген.  Оны  жүзеге  асыру 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  базалық  пәндер  циклында  шетел 

тілінен кредиттер көлемін арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу 

арқылы жүргізіледі, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға 

байланысты  бөлімінде.  Болашақта  жаратылыстану-математика  циклі  пәндерден  ағылшын 

тілінде  беретін  педагогтардың  санын  біртіндеп  арттырып,  2020-шы  жылы  олардың  жалпы 

үлесін  15%  дейін  жеткізу  көзделген.  Дарынды  балаларға  арналған  үш  тілде  білім  беруге 

мамандандырылған  мектептер  желісі  құрылған.  Қазірдің  өзінде  республикада  оқытуды  үш 

тілде жүргізетін 33 мектеп қызмет етеді [4].  

2011  жылдың  төртінші  тоқсанында  САР  зерттеу  орталығымен  14-29  жас  аралығындағы 

Қазақстан  Республикасы  тұрғындары  арасында  жастардың  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайын  зерделеуге  байланысты  әлеуметтанулық  зерттеу  жүргізді.  Іріктеу  көлемі  –  1897 

респондентті құрады.  

Зерттеу  барысында  жастардан  қандай  бір  шет  тілін  білетіндігі  туралы  сұрақ  қойылды. 

Сұрауға  қатысқан  әр  бір  он  респонденттің  үшеуі  шет  тілін  білемін  деп  жауап  берді 

(диаграмма 1).   


 

Иә, білемін - 31,8



Жоқ, тек ана тілін 

білемін - 68,2

 

Диаграмма 1. Шет тілін білесіз бе, % бойынша 

 

«Жоқ,  тек  қана  ана  тілін  білемін»  деген  респонденттердің  30%  шет  тілдерін  меңгергісі 



келетіндіктерін  атап  өтті.  Олардың  ішінде  сұранысқа  ие,  рейтингі  жоғары  үштікке  бірінші 

кезекте – ағылшын тілі (63,7%), екінші орында – орыс тілі (26,8%), ал үшінші орында – неміс 

тілі  (13,1%)  енеді.  Сонымен  бірге  әлеуметтік-лингивистикалық  салада  сұранысқа  ие 

тілдердің  рейтингін  түрік,  француз,  қазақ,  араб  тілдері  жалғастырады.  Бұл  аталған  елдерде 

білім  беру  саласында  академиялық  мобильділіктің  жоғары  болуымен  және  елдер  арасында 

тығыз экономикалық-саяси байланыстың болуымен түсіндіріледі. 

 Зерттеу  барысында  жастарға  «Егер  Сізде  өзіңізді  дамытуға  мүмкіндік  болса,  Сіз  нені 

қалар  едіңіз?»  деген  сұрақ  қойылды.  Респонденттердің  берген  жауаптарының  нәтижесінде 

жастардың  –  36,4  пайызы  қосымша  білім  алуды  көздейді.  Ал  27,5  пайызы  өзінің  кәсіби 

дағдыларын  одан  әрі  жетілдіруді  қаласа,  25,6  пайызы  шет  тілдерін  меңгергім  келеді  деп 

жауап берген. Бұл жастардың заман талабына мүдделерінің сай екендігін көрсетеді. Табысты 

тұлға  болу  үшін  бәсекеге  қабілетті,  нарықтық  жағдайда  білім  капиталының  орны  орасан 

екендігін қазақстандық жастар мойындайды. (2-ші диаграмма).   

Қосымша 


білім алу 

- 36,4


Кәсіби біліктілігімді 

жақсарту - 27,5

Шетел тілін 

меңгеру - 25,6

Материалдық 

жағдайды жақсарту - 

1,7

Басқасы - 8,7



,0

5,0


10,0

15,0


20,0

25,0


30,0

35,0


40,0

 

Диаграмма – 2. Егер Сізде өзіңізді дамытуға мүмкіндік болса, Сіз нені қалар едіңіз? 

 

Сонымен  бірге,  тұстас  елдегі  әлеуметтік-лингвистикалық  ахуалдың  посткеңестік 



кеңістіктегі жағдайына шолу жасайтын болсақ, еліміздегі орыс тілінінің тұрғындар арасында 

байланыс құралы ретінде мәртебесі өзінің күшін жоғалтпағандығы байқауға болады. Осыған 

дәлел  ретінде  «Еуразиялық  монитор»  жүргізген  әлеуметтанулық  зерттеу  мәліметтерін 


 

келтіріп кетуге болады. «Еуразиялық монитор» Халықаралық зерттеу агенттігі 2004 жылдан 



бастап,  посткеңестік  елдер  арасында  тұрғындардың  әлеуметтік  көңіл-күйіне  байланысты 

мониторинг  жүргізіп  келеді.  2005  жылдан  бастап  аталмыш  мониторингтің  негізгі  сұрау 

құралына тілдік ахуалды зерделеуге қатысты сұрақ қосылған. 2005-шы жылдың қараша және 

2011 жылдың қаңтар айлары аралығында посткеңестік елдерде күнделікті өмірде орыс тілін 

қолдану  динамикасын  анықтауға  байланысты  әлеуметтанулық  мониторингке  посткеңестік 

елдердің  ішінде  Армения  (1067),  Белорусия  (1072),  Қазақстан  (1023),  Латвия  (1003), 

Молодова  (1030),  Россия  (1576),  Украина  (2078)  қатысты.  Барлық  іріктеу  көлемі  –  8849 

репондентті құрады. 

Зерттеу нәтижесі бойынша көптеген елдерде «екі тілді» тұрғындар (күнделікті тұрмыста 

орыс  және  ана  тілдерін  бірдей  деңгейді  қолданатындар)  үлесі  артқан.  2005-2010  ж.ж. 

Белорусия, Қазақстан билингвисттердің саны өсу бағытына қарай (12-17 пайыздық пунктке) 

ауысқан.  18-24  жас  аралығындағы  жастар  арасында  да  Қазақстан  Республикасы  бойынша 

2008-2010  ж.ж.  өсу  тенденциясы  (6  пайыздық  пунктке)  тіркелді  [5].  Бұл  елімізде 

билингвизмнің тұрақты тенденциясының қалыптасқандығын көрсетеді.  

Қазақстандағы  тілдік  жағдайды  зерделеу  мақсатында  әлеуметтік-саяси  зерттеулер 

институты  2011  жылдың  қазан-желтоқсан  айларында  сапалық  зерттеу  жүргізді.  Нарративті 

биографиялық сұрауға Қазақстан Республикасының түрлі аумақтарында қоныс тепкен  қазақ 

этносынан  басқа  этностық  топтар  қатысты.  Негізгі  мақсат  қазақ  ұлтынан  басқа  этностық 

топтардағы тілдік ахуалды зерделеу. Нарративті зерттеуге барлығы 50 респондент қатысты. 

Зерттеу  территориясы  Қазақстанның  оңтүстік,  солтүстік,  батыс,  шығыс  және  орталық 

аймақтарын  қамтыды.  Әлеуметтік  лингвистикалық  зерттеулер  жүргізу  барысында  қазіргі 

қазақстандық қоғамда қандай да бір тілдерді үйренуге деген сұраныстың сипаты анықталды. 

Бұл  қазіргі  қоршаған  әлеуметтік  болмыста  қандайда  бір  тілдердің  салыстырмалы  түрдегі 

әлеуметтік  беделі  мен  бәсекелестігін  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Нарративті  сұхбат 

нәтижесінде  информанттардың  арасында  ана  тілін  және  қазақ  тілін  қоспағанда  ағылшын, 

француз,  неміс  тілдерін  оқып-үйренуге  деген  сұраныс  басым.  Сұхбат  кезінде  «Сіз  тағыда 

қандай  тілді  меңгергіңіз  келеді?»  деген  сұраққа,  информанттар  қандай  жас  санатында 

болмасын ағылшын тілінің қажеттілігін атап өткен. 

Информанттар арасындағы жастарды алатын болсақ, олар ана тілі, орыс тілі және қазақ 

тілімен  қатар  ағылшын  тілін  де  жетік  меңгерген,  және  ол  тілде  еркін  сөйлеп,  жаза  алады. 

«Мен  ағылшын  тілін  де  жақсы  білемін.  Өйткені  оған  арнаған  менің  білімім  де  бар.    Мен 

колледжде оқығанда ағылшын тілі мамандығын да  оқыдым. Ағылшынша күнделікті өмірде 

сөйлей аламын, жаза аламын, достарым көп, ағылшынша сөйлейміз»

1

 (Ю., 25 жаста).  



Ағылшын  тілін  білуге  индивидтерді  мақсатқа  бағытталған  рационалды  әрекеттері 

итермелейді.  «Оқығаннан  кейін  и  өзі    Президентіміз  айтып  кетті  ғой,  үш  тұғырлы 



саясатты  қолдау  керек.  Ол  үш  тілді  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілі.  Осы  үш  тіл  өте 

қажет бізге. Сондықтан да осы ағылшын тілін оқыдым. Болашақта бәрібір керек болады» 

(М., 19 жаста). 

Қазақстан  Республикасында  жүргізіліп  жатқан  үш  тілдік  саясат  қоғамда  кеңінен  қолдау 

тапқан. Біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігі үшін, болашақта әрбір азамат үш тілді; 

қазақ  (мемлекеттік),  орыс  және  ағылшын    (халықаралық)  тілдерін  білетін  болады. 

Информанттар  бұл  саясаттың  іске  асатындығына  толықтай  сенімді.  Оны  іске  асыру 

жастардың қолында деп есептейді және де қазіргі жастардың осы бағытта нық қадам басып 

жатқандығын басып айтады.    

«Асады.  Мен  ойымша,  іске  асат.  Себебі  қазір  өз  ортамда  да  бар.  Курстас 

жолдастарым, достарым бар. Олар осы саясатты қолдайт. Америкаға барады. Осы тілді 

үйрену үшін. Жалпы кең қолданады ағылшын тілін қазір»  (М., 19 жаста) 

Сұхбатқа қатысушылардың көпшілігі дерлік орыс, қазақ және ана тілінде таза сөйлейді. 

Ал  болашақта басқа  да шет тілдерін меңгеруге ниет білдіреді. Солардың  ішінде:  ағылшын, 

                                                

1

 Мәтін барысында қолданылатын информанттардың берген жауаптары транскрипция барысында еш өзгеріссіз 



сол қалпында беріледі 

 

француз,  кәріс,  түрік,  қытай,  неміс  тілдері.  Шет  тілдері  арасында  жоғары  сұранысқа  ие 



ағылшын  тілі  болып  табылады.  Бұл  әлеуметтік-лигвистикалық  кеңістікте  мемлекеттің 

бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену саясатын көпшілігінің қолдайтындығын көрсетеді.  

Осылайша, қазіргі таңда, әсіресе жастардың бойында орыс-қазақ және қазақ-орыс тілдері 

арасында теңдігі қалыптасқан. Жастар мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің негізгі объектісі. 

Ендігі  он  жылдықта  қазақ-орыс-ағылшын  үш  тілдік  теңдіктің  қалыптасуына  сұраныс, 

қажеттілік  тұрғысынан  негіз  бар.  Мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  және  ағылшын  тілі,  яғни 

полилингвизм – жаһанданып жатқан әлемнің талабы.  

 

Әдебиеттер:  

1. «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.  

2. Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамтыу  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы  

3. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги.  Статистический 

сборник/ Под ред. А.А. Смаилова/Астана, 2010 .112с. 

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. http://www.edu.gov.kz 

5. «Еуразиялық  монитор»  халықаралық  зерттеу  агенттігінің  әлеуметтанулық  зерттеу 

мәліметтері, 

http://www.eurasiamonitor.org/rus/research/event-201.html

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет