Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. - неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму - өмір деңгейінің жоғарылауы - техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату - жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді.