«Жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтайды аламыз ба?»



Дата04.06.2023
өлшемі13,58 Kb.
#98627

«Жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтайды аламыз ба?»
Соңғы онжылдықтар әлемдегі жаһандану үдерісі үшін жақсы жаңалықтар әкелген кезең. Осы жаһандану кезеңі қазіргі кезде басқа салаларға қандай әсер береді?
Жаһандану дәуірі басталған кезден бастап көптеген идеялар жүзеге аса бастады, адамдардың өмір сүру жағдайы өзгерді. Бұл өзгерістер Қазақстанға да келген еді. Жалпы жаһандану идеясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұсынылған еді. Сол уақыттарда бастап алғашқы технологиялар ойлап табыла бастады. Жаһанданудың арқасында адамның өмір сүру деңгейі өсіп, экономика жақсы жетістіктерге жете бастады. Еліміздің азаматтары осы жағдайлардың әсерімен тіліміз бен мәдениетімізді жоғалтып алуымыз мүмкін деп қорқып отыр. Біз тіліміз бен мәдениетімізді Ресейдің астында болған уақытта ұмытып кете жаздаған едік. Осы күндері сол уақытта қалып қойған адамдар өз тілін ұмытса, басқалары сол байлығымызды бүгінімізге дейін жеткізген еді. Менің ойымша, жаһандану кезінде біз елдігімізді, мәдениетімізді және тілімізді сақтай аламыз, себебі дамыған елдердің артынан еріп кетпей, елге үлес қосып, өз жеріміздің кереметтерін басқа елдерге заманға сай көрсетуіміз қажет. Жаһандану бүкіл әлемге керемет жаңалықтар әкелді, осының әсерінен ағылшын тілін қолданушылар өсті, себебі негізгі сайттардың барлығы дерлік ағылшын тілінде жазылады. Егер біз өз елімізде қазақ тілін көбірек қолданатын болсақ, тілдің маңызы жоғарылайды. «Жаһандану халықаралық бәсекелестікті тудырады» демекші, елдер Қазақстанды жақсы қарсылас санау үшін алдымен өзіміз олардың деңгейінен әлдеқайда жоғары болу үшін күнделікті жақсы жұмыс атқарумыз қажет.
Ойымды түйіндей келе, жаһандану әрбір елге едәуір пайдасын тигізеді. Барлығы тек өзімізге байланысты, ұлт мүддесін ескере отырып тек алға ұмтылуымыз міндет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет