Қазақ тілі Күні



Дата19.04.2023
өлшемі14,44 Kb.
#84157

Қазақ тілі Күні: 27.10.22
Тобы: ТҰ-10Б
Тақырыбы: Ұлттық мәдениеттің жаһандану үрдісі. Тілдік норма. Ғылыми стиль
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жаһандану және ел тағдыры Жаһандану дегеніміз не? Ол қандай құбылыс? Бұл сөз ағылшын тілінен "global" – "дүниежүзілік" деп аударылады, орыс тілінде "глаболизация" деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрлық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлем елдерінің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Өзекті болып тұрған ғаламдану құбылысын біржақты талдау мүмкін емес. Яғни не бірыңғай жағымды, не бірыңғай жағымсыз үдеріс, идеология деп кесіп айту қиын, өйткені әлемдік тарихта нақты орын алған оқиғалар сарыны глоболизмді бір жақты дәріптеп жақтаушылар ғана бар деуден аулақ етеді. Күні кеше ғана көз алдымызда шаңырағы ортасына түскен социолизмнің жүйе ретінде күйреуі оның ашық жүргізген глаболистік саясатының жасындылығын паш етпеді. Демек, жаһандану шым – шытырығы, қалтарысы көп күрделі де жауапты жол таңдау деп түсіндірілсе керек. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір деген тарихи тұлғалар жердүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан. Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады. Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – «жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба?» деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас.
2. Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазыңыз.



  1. Терминдер:

  2. Ұғымдар:

  3. Тілдік оралымдар :


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет