ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ ЕҢБЕКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІНУІ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА
Әлемдік экономика
Әлемдік экономика – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын, өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтың тұтас жиынтығы.
Әлемдік экономика – бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.
Халықаралық экономикалық жүйе сауда, қаржылық қатынастар, капитал қорлары және еңбек күшін таратып бөлуді сипаттайды.
Еңбектің халықаралық бөлінуі
Еңбектің халықаралық бөлінуі – әлемдік экономикадағы орны мен дамуына қарамастан, елдер арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және басқа да ынтымастық, білім, технология, тауар мен қызмет көрсету салаларының халықаралық айырбас жасауларының шын материалдық негізі.
Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізі екі процестің бірігуімен айқындалады – өндіріс процесінің ажырауы және одан әрі бірігуі. Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізгі мазмұны – кейбір елдердің әрқилы еңбек түрлерінің мамандырылуы мен әрі қарай бірлесуі, бір-бірін толықтыруы.
Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.