«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»


Ғылыми – тәжірибиенің мақсаты



бет14/18
Дата06.01.2022
өлшемі67,87 Kb.
#14977
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ғылыми – тәжірибиенің мақсаты:

Оқушылардың жаңартылған бағдарламаға деген танымын ұлғайту және ерекшеліктермен таныстыру.

Міндеттері:

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.

Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5].

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет