Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен тиімді тұстары



бет1/2
Дата27.02.2023
өлшемі22,28 Kb.
#70209
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
макала 1


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

Куатбекова Ш.Т


Алматы қаласы, № 173 мектеп-лицейінің бастауыш пәні мұғалімі

Қазіргі таңдағы білім беру ісіндегі тың жаңалықтар әлемдік үдерістен қалмай, бәсекеге қабілетті білімді оқушыларға беру қажеттілігінен туындаған. Ол білім беру мазмұнын жаңарту сынды жаңалықтан айқын көрінеді. Білім беру мазмұнын жаңарту - бұл орта білім беру моделін, оның құрылымын, мазмұнын, тәсілдерін, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қайта қарау, оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу ісімен тығыз байланысты. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі барлық іс-шаралар кешені оқушының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған [1, с. 47].


Қазіргі уақытта оқу үрдісінде технологияланды белсенді пайдалану және педагогикалық инновацияларды енгізудің артықшылықтары туралы көп айтылып жүр. Ол да заман талабы. Мұның барлығы да оқушылардың білім алуға деген ынтасын қалай арттыруға болады деген маңызды әрі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселені шешуге бағытталған. Осы ретте бірқатар зерттеушілер мектепті SMART-білім беру орны ретінде қалай жасақтауға болады деген сынды өзекті мәселені көтереді. Сонымен қатар мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын адамгершілік білім беру ортасын құру ісі де қазіргі білім беру ісінің маңызды мәселелері қатарына жатады. Білім беруді жаңартуға бағытталған білім беру ісі мен оқытуды саралау, пәнаралық байланыстарды іске асыру жағдайында өткізу қажет белсенді оқытуды басты мақсаты етіп алады. Сонымен қатар сабақ барысында интербелсенді әдістер мен құралдарды қолдану, диалогтық оқыту, оқушылардың қажеттіліктерін зерттеу жаңартылған білім берудің мұғалімдерден талап ететін міндеттері болып табылады. Білім берудегі мұндай сапалы өзгерістер мұғалімнің оқу үдерісіне деген жаңа көзқарасының қалыптасуынсыз мүмкін емес. Сондықтан жаңартылған білім беру бағдарламасының жүзеге асыруда мұғалімдердің алдымен өздерінің дайындығы мәселесін жаңа сапалық деңгейге шығаруы тиіс. Осы ретте атап өтетін жайт мектеп мұғалімдері алдында бірқатар жаңа міндеттер туындап отыр. Олар:

  1. оқытудың жағымды атмосферасын құруға, барлық оқушыларды тарту;

  2. оқушыларда сенімділік, жауапкершілік пен белсенділікті тәрбиелеуге;

  3. оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс әдістер мен тапсырмаларды пайдалану;

  4. топтық, жеке немесе жұптық тапсырмаларды ұйымдастыруға және жоспарлауға, белгіленген мақсаттарға сәйкес жоспарланған сабақтарды өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосалқы материалдарды тиімді пайдалануға;

  5. түсінікті тіл түсіндіруде пайдалануға; оқушыларды бақылауға және қайтарымды алуға тырысуға тиіс. Бастауыш мектеп баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда, оның қабілеттерінің тұтас дамуында негізгі рөл атқарады.

Осы ретте біз үшін маңыздысы жаңартылған білім беру жағдайындағы бастауыш мектептеріндегі өзгерістер болып табылмақ. Жалпы білім берудің бастауыш сатысының негізгі мақсаты:

  • әрбір баланың даралығын ашу;

  • оның қоршаған болмысы туралы білімін ұғыну;

  • оқуға деген ықыласы мен іскерлігін, яғни танымдық дәрежесін қалыптастыру болып табылады. Демек осы мақсаттан шыға отырып, жаңартылған білім беру жағдайында бастауыш мектептің оқу бағдарламалары да мақсатқа сай құрастырылып, белгілі бір мақсатты шешуге бағытталуы тиіс. Қазіргі таңда бастауыш сатыдағы білім беруді көздейтін бағдарламалар төмендегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жас ерекшеліктеріне сәйкес ақпаратты іздеу, талдау және сипаттау дағдыларын дамыту;

  • адам, табиғат және қоғам туралы білімді қалыптастыру;

  • рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту; оқытудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын қисынды баяндау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату болып табылады. Осы ретте мұғалім маңызды міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың талабы мен ынтасын дұрыс бағалай алуы мәселенің оң шешілуіне жағдай жасайды. Оқушылардың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау жүйесіне үлкен көңіл бөле отырып, төмендегі негізгі принциптерді басшылыққа алуы тиіс. Олар:

  • жүйелілік;

  • дәйектілік;

  • объективтілік;

  • ашықтық;

  • өзектілік;

  • нақтылық болып табылады [2, с. 36].

Осы ретте атап өтетін бір жайт, критериалды бағалаудың екі сызығын қатар дамытуға күш салу керек. Ол екі критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалауға қатысты. Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі болса, Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. 
Білім мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламалары құзыреттілік тәсілге негізделген. Олар оқушылардың табысты әлеуметтенуіне қажетті функционалдық сауаттылық негізінде құрылған құзыреттерді қалыптастырады. Әлемдік педагогикада белгілі Бенджамин Блум теориясы бойынша «оқыту мақсаттарының таксономиясы», бірқатар маңызды оқушы игеруі тиіс құндылықтарды қалыптастырады. Олардың қатарында «білу» және «түсінуді» атап өтуге болады. Сонымен қатар жаңа стандарттың көмегімен танымның қалған төрт деңгейіне қол жеткізу де маңызды. Олардың қатарында «қолдану», «талдау», «синтездеу» және «бағалау». Жекелеген тақырыптардың мазмұнын жобалау кезінде спиральдік принциптері қолданылды. Спиральдік принцип оқушылардың білімі мен іскерлігін біртіндеп тақырыптар мен сыныптар бойынша, қарапайымнан күрделіге ауысып арттыруға мүмкіндік береді. Оқу материалын баяндауда сабақтастықты және қоршаған ортаны неғұрлым толық қабылдау үшін заттардың бірігуін қамтамасыз етеді. Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуға, білім, білік, құндылық бағдарлары мен оқу пәндерімен жанасу нүктелері бар салалардағы мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға көмектеседі. Жаңартылған мазмұн білім беру салалары бойынша анықталатын күтілетін нәтижелерге негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушының жұмысын, жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Мқндай өзгерістердің барлығы да оқушының алған, игерген білімін шығармашылық тұрғыдан қолдана отырып, сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, замануи құрылғыларды пайдалану (АКТ), қарым-қатынас тәсілдерін, соның ішінде тілдік дағдыларды қалыптастыра отырып, топпен және жеке жұмыс жасай алуға үйретуге бағытталған. Жалпыадамзаттық және этномәдени бұл дағдылар оқушыларға оқу және тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мектеп жаңарту жағдайында оқу жетістіктері өнімді сипатқа ие, ал оқу үрдісі сипатталады әр сабақта «білім алу» бойынша оқушылардың белсенді іс-әрекеті маңызды факторлардың бірі. Сондықтан алдымен оқушылар бойында осы белсенділікті оятудың маңыздылығы да арта түседі. Бұл жағдайда оқушы-таным субъектісі, ал мұғалім ұйымдастырушы болып табылады. Осы үдеріс педагогикалық теория мен тәжірибедегі елеулі өзгерістермен қатар жүреді.
Мектеп білімінің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу үшін база дайындалды.. Жаңа біріктірілген білім беру бағдарламасы балалардың нақты тәжірибеде білім мен іскерлікті қолдану қабілетін дамытуға бағытталған бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты қабылданды. ХХІ ғасырда табысты адамның білімі мен іскерлігі аса маңызды. Сондықтан оқушы бойында топта жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық қасиеттер, бастамашылық, құзыреттілік,қаржылық және азаматтық сауаттылық және тағы да басқа құндылықтарды қалыптастыру ісі де жаңартылған білім беру бағдарламасының өз алдына қойған мақсаты болып табылады.
Жаңартылған білім беру ісінің бір ерекшелігі Қазақстан мектептерінде үш тілді оқытуға көшу жоспарлануында деп айта аламыз. Сондықтан бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарында ағылшын тілін үйренуге бөлінетін сағаттар саны артты. Бұл дайындық жұмысының бастамасы болса керек .Оқу пәндерінің мазмұны қоршаған әлемнің өзгеруіне және ғылымның заманауи жетістіктеріне сәйкес оқу материалын жаңарту жағына қарай өзгерді. Оқытудың бастауыш сатысында оқушылар үшін жаратылыстану сияқты пән енгізілуі де оқушыларды ғылыми ойлау, ғылыммен танысу сынды қабілеттерді қалыптастыруға көп үлес қосып отыр. Қазіргі оқулық, бұл оқу үрдісінің ақпараттық-әдістемелік ортасының құрамдас бөлігі. Оқулық оқу барысында оқушылардың эмоционалдық - құндылық, әлеуметтік-тұлғалық және эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау жүйесін өзгертуге ерекше назар аударылды. Оқу жетістіктерін бағалау-бұл білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерінің кері байланыс арқылы білім беру процесін түзету және реттеу үшін жоспарланған оқу мақсаттарына сәйкес келу дәрежесін белгілеу үдерісі [3, с. 54].
Жоғарыда атап өткеніміздей бағалау екі формативті және жиынтық түрінде өрбиді. Өз кезегінде білім берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламасы оқушының бойындағы төрт дағдыларды жетілдіруге бағытталған. Олар: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу. Бұл төрт дағды оқу жоспарында тығыз байланысты.
Жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды ерекшелігі – бұл критериалды бағалау. Жаңа стандарт ең алдымен, мұғалімнің өз тәжірибесіне, оқыту стилінде, тәсілдеріне және әдістерде көзқарасын өзгерту болып саналады. Жаңа тәсілдер мұғалімнен үздіксіз еңбекті талап етеді
Мұғалімдер алдында қазіргі әлемде өзін-өзі жетілдіріп, жүзеге асыра алатын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту маңызды міндет болып отыр. Білім беру мазмұнын жаңарту мұғалімнен осындай дамытуды талап ете отырып, сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеті мен шығармашылық көзқарасына түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы адамгершілік, ізгілікті қағидаттарынаоқушыларды жақындауы тиіс. Бүгінгі таңда заманауи мұғалім сан қырлы болуды талап етеді. Замануи мұғалім барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқыту стратегияларын жетілдіріп, өзінің білім беру тәсілдерін байыта отырып, түрлі педагогикалық тәсілдерді өз тәжірибесіне біріктіре алуы тиіс. Сондықтан замануи мұғалімнің қызметінде топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, кері байланыс сынды маңызды құндылықтарды терең игере алуды талап етеді. Ол үшін мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге үнемі көңіл бөлу қажет.
Жаңартылған бағдарламаның осы күнге дейін қолданыста болған оқу бағдарламаларынан айырмашылығы білім берудің педагогикалық тәсілдерінде болса керек. Осы ретте өзін-өзі басқару, эксперименттер, сыни ойлау, технологияларды пайдалану: шағын топтарда жұмыс істеу, нақты жағдайларды талдау немесе кейс стади, рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту сынды маңызды тәсілдерді пайдалану. Сонымен қатар мәселелік оқыту, жеке оқыту, пәнаралық оқыту, тәжірибе негізінде оқыту, жобалық әдіс. Ал мұндай маңызды әрі нәтижелі әдіс-тәсілдерге мұғалім дәстүрлі оқыту бойынша қалыптасқан түсініктерді еңсеріп, осындай маңызды педагогикалық міндеттерді шешу үшін өзінің жеке және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге көп көңіл бөлуі керек. Ол үшін әріптестер арасындағы белсенді қарым-қатынас және тәжірибе алмасу, кәсіби онлайн және оффлайн режимдерінде әріптестермен тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастықтың алар орны тым бөлек [4, с. 64].
Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай қазіргі мектептердегі мұғалімнің рөлі –бағыттаушы болса, ал оқушылар тиісті білімді ала білу, өз пікірін білдіре алуы, сын тұрғысынан ойлай білуі тиіс саналады. Бүгінгі күні мұғалім тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісінің белсенді қатысушысы болып табылады. Әр баланы оқыту үдерісіне тарту, оны тыңдай білу, оқушының көзімен оның толғандыратын мәселелерге үңіле білу замануи мұғалімнің міндеті. Әрине мұндай жаңалықтар алғашында тек ата-аналар ғана емес, мұғалімнің өзіне де таңсық дүние болғандығы жасырын емес. Алайда оқу жылы барысындағы бас қосулар бағдарламаның жаңартылған мазмұны мен критериалды бағалау туралы жиындар осы бағдарлама турасында мол мәліметтердің қалыптасуына түрткі болды. Формативті және жиынтық бағалау туралы түсінік қазіргі білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып та үлгерді. Замануи мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасына сай сабақ өткізудің жаңа әдістері, жаңа технологияларды қолдану, топтарда және жекелей жұмыс істей алу, жұпта жұмыс істеу мен формативті және жиынтық бағалауды өткізу, түрлі ресурстарды пайдалана отырып, мультфильмдерді, тақырып бойынша бейнелерді қолдануды тәжірибеге терең енгізуі керек. Бұл балаларға өте қызықты, олар топта жұмыс істеуді ұнатады, олар сұрақтарға жауап бірігіп табу арқылы бірлесіп жұмыс істей алу, балалар мәселені шешу, шығармашылық тапсырмаларды дұрыс орындауға бейімделеді. Сабақ соңында жаңа тақырыптан не ұнады немесе не ұнамады, оның себептерін анықтау да оқушыларды алға жетелейді. Болашақ тақырыптар барысында не істегіміз келеді, не істеу керек екенін талқылау да оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен жігерін оятады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет