Жаратылыстану-математика бағыты. Қазақ тілі, тыңдалым мақсаты
10.1.3.1 мәтінде көтерілген
мәселені (қоғамдық-саяси)
талдай отырып, негізгі ойды
анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру
|
11.1.3.1 мәтінде көтерілген
мәселені (қоғамдық-саяси,
ғылыми) талдай отырып, негізі
ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен салыстыру
|
Жаратылыстану-математика бағыты. Қазақ әдебиеті,түсіну/жауап беру мақсаты
|
10.1.2.1 әдеби шығарманың
жанрлық табиғатын тану
|
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен
салыстыра отырып талдау
|
Ескерту - Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 2018ж. [9].
|
Еліміздегі білім беру саласын жаңартудағы ең тиімді иерархия ретінде Блум таксономиясы таңдалып алынды. Бұл арқылы білім алушылардың оқу жетістігін бақылауға, салыстыруға болады. Білім беру процесіндегі жетістіктер мен қиындықтардың шынайы көрінісін Блум таксономиясы арқылы анықтауға болады. Оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін, ақпаратты қалай өңдейтінін, шығармашылық деңгейі қандай сатыда тұрғандығын, өз ойын не пікірін жеткізу қабілеті қаншалықты қалыптасқанын, танымдық қызметінің динамикасын зерделеуге өте қолайлы.
Білім беру үдерісі кезінде туындаған сұрақтарға дәл жауап беруге, дұрыс көзқарасты қалыптастыруға аталмыш таксономияның атқарар қызметі орасан зор. Мұндай жүйемен сапалы білім беруге, тиімді кері байланыс орнатуға, сабақтың деңгейін анықтауға болады.
Америкалық оқыту әдістемесінің психологы Бенджамин Блум - «Блум таксономиясының» авторы. «Блум таксономиясы» кітабында білім беру мақсаттарын жүйелеу әрі адам мінезінің құбылмалылығы, қалыптылығы жөнінде теориялық негіздеме жасалған.
Сабақта қолданылатын оқу мақсаттарының түзілімі Блум таксономиясына негізделіп жасалған. Бағалауға арналған тапсырма түрлерін ұсынғанда, мақсатқа сай іріктеліп беріледі. Оңайдан күрделіге қарай бағытталған шиыршық әдісті оқытудың басшылыққа алатыны – Блумның алты танымдық деңгейі. Төменгі, жоғары деңгейді қамтитын 6 (білу, түсіну,қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) саты бір-бірімен желілес.
Жаңа форматта шыққан қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламасы оқушының шығармашылығын арттыруға көп септігін тигізеді. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары - қызығушылықты, қажеттілікті қамтамасыз ететін бірден – бір шығармашылыққа бағытталған пәндер. Ойлаудың төменгі, жоғары деңгейлерін қамти отырып, Блум таксономиясын сабақ процесі кезінде оңтайлы қолдану – бүгінгі күннің басты талабы. Мәтін немесе көркем шығармаларды оқытқанда білім алушы бойында мыналарды қалыптастыру керек:
Тілдік дағдылар мен тілдік мәдениет;
Жазушының шеберлігін тану;
Сөз өрнектері мен автор стиліне бағалау жасау;
Бала қиялына ерік беріп, ізденіске ұмтылдыру;
Алынған, оқыған материалды өзінше қорытып, өмірде дұрыс қолдану т.б.
Оқытудың тұтас объектісін құру –таксономияның басты мақсаты. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау – оқу мақсаттарының негізгі категориясы. Оқу мақсаттарын деңгейлер бойынша жіктеп қарайтын болсақ:
Кесте 2
Қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттары
Білу
|
5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрация лар арқылы тақырыпты болжау
|
Түсіну
|
5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
|
Қолдану
|
5.2.5.1мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
|
Талдау
|
5.2.2.1лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылық тарын мәтіндер арқылы тану
|
Жинақтау
|
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
|
Бағалау
|
5. 3.4.1эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
|
Ескерту - Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы. 2017ж. [10]
|
Кесте 3
Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу мақсаттары
Білу
|
5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
|
Түсіну
|
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Қолдану
|
5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
|
Талдау
|
5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
|
Жинақтау
|
5.2.4.1көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
|
Бағалау
|
5.3.1.1 шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
|
Ескерту - Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы. 2017ж. [10]
|
Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білімін анықтап, шығармашылық тұрғыда жоғары деңгейге жетуге ұмтылдырады. Ең төменгі деңгей (білу, түсіну, қолдану) оқу материалын қабылдау мен танудан басталады, сондықтан мұнда көбіне жабық тапсырмалар ұсынылады. Ал жоғары деңгей (талдау, жинақтау, бағалау) шығармашылықпен жұмыс жасаудың көзі болып есептеледі, сол себепті ашық тапсырмалар оқушыларға көбірек ұсынылады. Бағалаудың дұрыс жүзеге асуы үшін де ашық тапсырмалардың мазмұны, ойлау дағдысының деңгейі басты назарда тұрады.
Білім алушылардың өнімді тәсілмен (талдау, жинақтау, бағалау) жұмыс жасауы – шығармашылық қабілетін арттырудың бірден –бір көзі.
Критериалды бағалауды жүзеге асыру үшін Блум таксономиясын қолдану өте тиімді. Мұнда оқушылар деңгейлеп білім алады және шығармашылыққа ден қояды. Табысты оқу жетістігіне жету үшін оқушы іс-әрекеті басшылыққа алынып отырады. Төменгі, жоғары деңгейді қарастыратын таксономия жеке тұлғаны қалыптастыруда шығармашылықпен жұмыс істеуге, білімді үздіксіз жетілдіруге жол сілтейді. Ой ұшқырлығын дамыту, жаңаға ұмтылыс, шығармашылық қабілеттің шыңдалуы, өзіне сыни көзбен қарау, қиыснды ой ойлау, өзіндік пікір айту т.б. әрекеттер жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түседі.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийі Блум таксономиясының бірнеше түрін қамтуы мүмкін. Бұдан оқу мақсатының бірнеше танымдық деңгейді қамтығанын аңғаруға болады.
Пән мазмұнын терең меңгертуде Блум таксономиясын басшылыққа алып, оқушының нақты іс-әрекетін жүйелеуге болады. Әр деңгейдің өзіндік ерекшелігі мен оқушы әрекетін бағамдап көрелік.
Білу категориясы оқыған материалды еске түсіру, мазмұнын түсінуді қамтиды. Алған, білген ақпаратты еске түсіру үдерісі осы деңгейдің ерекшелігі болып табылады. Оқушы:
Қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қатысты терминдік ұғымдарды біледі;
Ержелерді жатқа біледі;
Маңызды фактілер мен түсініктерді біледі.
Түсіну – меңгерген материалды бір түрден екінші түрге өзгертіп көрсету, оқыған материалды қысқаша түсіндіру, интерпретациялау немесе белгілі бір оқиға мен құбылыстан туындайтын болжамды ойды айту. Алдыңғы білу деңгейі есте сақтауды қарастырса, «түсіну» материалды есте сақтаудан асып түседі, күрделілік деңгейі біршама артады. Оқушы:
Ережелерді түсінеді;
Ауызша берілген ақпаратты жазбаша интерпретациялайды;
Оқиға мен құбылыстан туындайтын болжамды ойды алдын-ала сипаттайды.
Қолдану. Бұл деңгейдің ерекшелігі – оқыған материалды жаңа жағдайда қолдануында. Түсінумен салыстырғанда материалды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетеді. Мұнда ереже, теория, әдіс қолданысқа енеді. Оқушы:
Түсінік пен алған ақпаратын жаңа жағдайда қолданады;
Теорияны шығармашылық тәжірибеде қолданады.
Талдау. Меңгерген материалды құрамды бөліктерге бөліп талдайды. Мұнда бүтіннен бөлшекті немесе керісінше әрекетті орындайды. Әсіресе, әдебиет сабақтарында композициялық құрылымдарды талдағанда жиі қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында да ауызша, жазбаша мәтіндерді құрылымдық жағынан талдағанда оқушының жоғары деңгей дағдысының қалыптасқанын байқауға болады. Оқушы:
Пікір айтқан кезде артық не кем тұстарын көреді;
Себеп пен салдар айырмашылығын анықтайды;
Мәліметтің маңызын бағамдай алады.
Жинақтау. Меңгерген материалдың бөлшектерін қиюластыру арқылы жаңаша ұғымды білдіретін бүтінді алу шеберлігін көрсетеді. Жаңа өнім шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. Толық емес не аралас мәтін арқылы ойды жүйелеудің жоғары сатысы болып саналады. Оқушы:
Шығармашылық жұмыстар жазады;
Туындаған мәселені шешудің жоспарын құрады;
Әр түрлі сала бойынша білімді қолданады.
Бағалау. Оқушының ішкі (логикалық), сыртқы (мақсатқа сай) критерийге негізделген пікірі бағалау іскерлігін көрсетеді. Бұл деңгей алдыңғы деңгейлердің барлық категорияларының оқыту нәтижесіне қол жеткізуін көздейді.
Блум таксономиясындағы ойлау дағдыларының деңгейі білім түрлерін меңгертумен қатар, білім үдерістерінің тығыз байланысын орнатады. Білім түрлеріне:: фактологиялық білім, концептуалдық білім, процедуралық білім, тәжірибелік білім, метатанымдық білім жатады,
Фактологиялық білім – оқушы білетін не білуі тиіс терминдер мен фактілер.
Концептуалдық білім – базалық фактілер арасындағы өзара байланыс. Теориялық мәліметтерді қамтиды.
Процедуралық білім – тәжірибе жұмыстарын жасауға арналған білім.
Метатанымдық білім – өзін тану және өзге адамдардың ойлау үдерісін түсіну қағидатына негізделген білім түрі [11, 14 б].
Оқушы қазақ тілін оқу арқылы тілдік дағдыларды сауатты қолдануды меңгереді. Қарым-қатынас құралы ретінде қолданып жүрген тілдің құрылымы мен бірліктерін теориялық тұрғыда оқып қарастырады. Функционалдық-коммуникативтік бағдарда тілдің танымдық, ақпаратты сақтау құралы ретіндегі қасиетін таниды. Ал әдебиет пәні арқылы шығармашылық тұрғыда ойлауды, креативті ойларын еркін жеткізуді, бағалау дағдыларын қалыптастыруды, салыстыру және талдау жасауды үйренеді. Қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламаларының ұштасатын тұсы – көркем мәтінді талдау. Әдебиеттің басқа пәндермен,әсіресе, тарихпен байланысы сақталған. Мәңгілік ел идеясы аясында оқушының ішкі рухани құндылығы мен сыртқы дүниемен коммуникативтік қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды оқу бағдарламасы басшылыққа алған. Қазақ әдебиетін оқу арқылы оқушылар ұлттық болмысты әдебиет арқылы таниды, мәдениетаралық қатынасты тереңінен түсінеді, заманауи әрі ғылыми дамуға сәйкес дүниетанымын қалыптастырады. Оқу бағдарламасы арқылы оқушылар көркем шығармаларды оқиды, теориялық ұғымдарды түсініп талдайды, төрт тілдік дағдыны (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгереді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні арқылы тілдік дағдыны дамыту мәселесін жеке қарастырайық.
Тыңдалым – маңызды тілдік дағдының бірі. Оңтүстік Атлантика университетінің тыңдалым дағдылары бойынша зерттеу жасаған Чандтың пікірінше [12], тыңдалым - «қадағалау қиынға түсетін» дағды.
«Тыңдалым» (аудирование) терминінің білдіретін мағынасы - «есі арқылы түсіну» [13, 66 б]. Техникалық құрылғыға жазылған аудиомәтінді не ауызша айтылған мәтінді есту қабілеті нәтижесінде қабылдау ұғымын білдіреді. Тыңдалым – рецептивті ойлаумен байланысты қызмет. Мұнда тек мәтін тыңдалып ғана қоймайды әрі қарай ақпаратты түсінумен, өңдеумен байланысты өрбиді. Кейде мнемоника, яғни есте сақтауды жеңілдететін тәсілдер арқылы тыңдалым дағдысы іске асырылады. Бұл кезде мәтінге қатысты барлық ақпарат ойша қорытылады. Тиімсіз тыңдалым болған жағдайда мәтінмен жұмыс істеу әлдеқайда қиын болады, сондықтан тыңдалым дағдысы кезінде бар назарды аудиомәтінге арнаған жөн.
Кесте 4
Тиімді және тиімсіз тыңдалымның салыстырмалы кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |