Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Мақсаты



бет5/8
Дата28.11.2023
өлшемі50,41 Kb.
#131154
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мақала Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» стратегиясы

(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз.
Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

  1. 3 таяқша” әдісі
    (
    мұғалімдермен жұмыс)
    Берілген тақырыпқа байланысты
    1 сұрақ
    1 жауап
    1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
    Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»
6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

  1. 7. Ширату ( Оқушыларға ширату түрлерін жасату)

  2. «Он сұрақ!» әдісі.
    (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
    Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

9.«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

  1. «Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет