«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.