ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
экономика ғылымдарының магистрі,
жоғары санатты оқытушысы
Абильдаев Мейрамбек Токмырзаевич
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын, өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып– тәрбиелейтін мұғалім– шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар:
1. Баланы оқи білуге үйрету;
2. Баланы ойлауға үйрету;
3. Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Білімберумақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға бағытталады:
білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
сыни ойлау;
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;
әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;
топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.