Интегративтіктәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеутәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
шешендiк өнерiн жетiлдiредi
танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)
сыни ойлау дағдыларын дамытады
өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жaсаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
бірлескен жұмыс;
танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту. Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай т.б.)
презентациялар,
тренингтер,
интервью,
сауалнама т.б.
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
Кабинет талапқа сай болуы қажет .
Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
Оқу барысында дағдыға және уақытқа назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау . Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесі барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі:
Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
Шағын топтармен (3-5 баламен);
Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
Балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты т.б.
Мен өз сабақтарымда әсіресе, жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ өткіземін. Өз сабақтарымда қазақ тілінің дағдыларын смарт мақсатқа сай орындап отырамыз. Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда топты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек- бөлек тапсырма беруге болады.Оқыту барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді.
Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады
Дәстүрлі оқыту барысында сабаққа бір ғана мақсат қойып, бірыңғай талап етілсе, жаңартылған білім бағдарламасы оқушыларды саралауға мүмкіндік береді. Белсенді оқу арқылы әр оқушының жеке қабілеттерін, шығармашылығын, ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Сондықтан оқушыларғаосы дағдыларды барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқу негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Бейнематериал көргеннен кейін оқушылар бейнематериалға қатысты өз ойларын білдіріп, ойды тұжырымдайды және қазіргі өмірмен байланыстыра отырып талдау жасайды.
Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің колледжінің қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Негізі, ұстаз ол- ұлы тұлға. Сол себепті ұлы тұлға өз бойындағы білімін, кішіпейілділік қасиетін, алдында отырған шәкірттерінің кем дегенде сексен пайызының бойына дарыта алмаса ол ұстаз немесе мұғалім қатарына саналмайды.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай, ендеше біздің мақсатымыз-оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оларды болашаққа жетелеу.
Сөз соңында айтарым, «Білімді ұрпақ-ұлт болашағы» - дегендей білімді ұрпақ тәрбиелеуде әрқашан шаршамай, талмай еңбек ете берейік!.