ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)
Оқу бағдарламасы
Оқу жоспары
Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Оқу бағдарламасы – білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін және т.б. сипаттайтын құжат. Оқу бағдарламасы әдетте нормативті-құқықтық құжат ретінде бекітіледі. Оқу бағдарламасында кодтау арқылы оқу мақсаттары айқын көрсетіледі. Осы оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асырылады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
І Жалпы мәлімет
1. Пәннің маңыздылығы
2. Оқу бағдарламасының мақсаты
3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру
4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін
қалыптастыру
7. АКТ қолдану құзыреттілігі
8. Коммуникативті дағдыларды дамыту
9. Оқу жетістігін бағалау
ІІ Оқу мақсаттарының жүйесі
1. Пәннің мазмұны
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
3. Ұзақ мерзімді жоспар
Білім беру бағдарламасының мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
*оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;
*алдыңғы жұмыспен, оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
*бөлімдер арасындағы теңестірілген және басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз етеді
Ұзақ мерзімді жоспар:
* мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді (деталь)ұсынады;
* сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік жолдарын анықтайды;
* оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі ресурстарын ұсынады;
* бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;
* тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды.
Орта мерзімді жоспар:
* оқытуды ұйымдастырудың үдерісін: жаппай оқыту, топтық, жұптық жұмыс, жеке жұмысты анықтайды;
* оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады
* бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады.
Қысқа мерзімді жоспар:
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |