Алған білімдерін жинақтау, ақ параққа сурет салып,кері байланыс жасайды.
Жазылым дағдысы
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды.
Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады.
Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады.
-шимай жазу;
-сызбалар түсіру;
-сөздерді құрастыру;
-белгілеу;
-көшіру;
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.