Байланысты: Жаңартылған мазмұндағы «АКТ» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Мәтін түрлерін ажырата білу – сипаттау, хабарлау, талқылау.
Мәтін түрлерін ажырата білу – сипаттау, хабарлау, талқылау.
Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.
Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Тыңдалым дағдысы
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады;
Тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым». Ал «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» кітабында тыңдалымға келесі анықтама берілген: «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты қабылдап өңдейді».