Тілдік білім негіздері жаңа талапқа сай негізгі төрт дағдыға байланысты меңгертіледі: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.
Тыңдалым – есту арқылы түсіну. Яғни тыңдалым айтылған немесе техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол - тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі.
Оқылым – тілдік қатынаста іске асатын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Оқылым – мәтіндегі белгілі бір ойды түсініп, қабылдап алуға бағытталған қатысымдық-танымдық әрекет.
Жазылым – тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Тіл білімі туралы түсінік
Тіл білімі немесе лингвистика - тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Оның зерттейтіні, яғни нысаны – тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Тіл – адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Тіл білімі – адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Тіл және коммуникация
Тіл – белгілі бір ұлттың өз ойын жеткізуіне көмектесетін барлық сөздердің жиынтығы, олардың дұрыс тіркелуі.
Тіл – индивидтердің (жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасына қызмет етуге жарамды кез келген таңбалар жүйесі.
Тіл – адамзат ұжымы мүшелерінің негізгі әрі маңызды қарым-қатынас құралы саналатын семиологиялық жүйенің ерекше бір түрі, сондай-ақ бұл жүйе адамзаттың ойлауын дамытатын, тарихи-мәднеи дәстүрлерін және т.б. ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін құрал.
Тіл – адамзат қоғамында стихиялық жолмен пайда болып, дамитын, адамдардың қарым-қатынас жасауына, олардың жаратылыс туралы бүкіл білгендері мен түйгендерін бейнелеуіне қызмет ететін дискретті (үзік-үзік) дыбыстардың таңбасы.
Тілдік қатынастың іске асырылуы
Тілдік катынастың негізі мазмұны, мән мағынасы болып табылатын – хабарды ic жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
Баяншы – сыртқы объективті әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші 6ipeyгe баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынаска түсуші.
Тұлғалар – хабарлаушыдан шыққан дерек туралы баска адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін адамдар арасындағы қарым-қатынаска байланысты қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы – белгілі бip хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары карай іске асырушы. Баяншыға да, қабылдаушыға да, бәріне ортақ әрекет – байланыс, қатынас. Ал байланыс тілдік қатынас тiл арқылы жүзеге асады.
Белгілі 6ip ақпаратты, деректі хабарлайтын - Баяншы. Ақпаратты жеткізетін - Тұлғалар. Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.
Тіл және ойлау
Тіл тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы.
Тіл және сөйлеу
Тіл дегеніміз – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу дегеніміз – сол тілді, қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралын пайдалана білудің әр түрлі амалдары мен жолдары, тәсілдері.
Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сол сөйлеу іс-әрекеті процесінде жасалынған нәтиже, яғни сөйлемдер, мәтіндер т.б.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асады: ішкі сөйлеу формасы – сөйлеу процесі үшін аса қажет нәрсе; ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информация береді.
Тілдік қатынас түрлері
Айту
Тыңдау
Жазу
Оқу
Тілдік қатынас
Ауызша ТҚ
Жазбаша ТҚ
Дыбыстық қатынас
Таңбалық қатынас
Айту
Тыңдау
Жазу
Оқу