Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз



бет62/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

2.Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз.
Бұл реакцияның патогенезі үш сатыдан жүреді.

Ең бірінші иммундық серпіліс сатысы.Бұл жерде организмге енген аллерген макрофагтармен әрекеттесіп, Т-хелпер 2 түзіліп, ол ИЛ-4 өндіріп В жасушаларын әсерлендіреді. Плазмалық жасуша дамып, IgE немесе IgG өндіріледі. Осы иммуноглабулиндер өздерінің Fc рецептерімен лаброциттер мен қандағы базофилдерге жабысады. Ал аллерген қайтадан түскен жағдайда оларды IgE өзінің Fab бөлешегімен ұстап алып, лаброциттің ішіндегі түйіршіктерді сыртқа шығарады. ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады. Ал келесі патохимиялық сатысында осы түйіршіктерден аллергияның қабынуы дамиды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан лаброциттердің қабықтарында фосфолипаза ферменті әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі. Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында гистамин мен простагландин F2 тегіс салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты жиырылуын туындатады, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады.





  1. Егер бастан кешкен жай-күйінен кейін алғашқы тәулік ішінде аллерген ағзаға қайта түссе, осы аллергиялық реакцияның клиникалық көрінісі,қайта пайда бола ма? Жауапты дәлелдеңіз.

Иа менің ойымша бастапқы көріністері қайталанады, тіпті ауыр болуы да мүмкін.Егер басыннан өткізген жағдайдан кейін алғашқы тәулік ішінде организмге аллерген қайтадан түскен кезінде науқастағы осы аллергиялық реакцияның көріністері бәсеңдемейді, керісінше анафилаксиялық шок дамиды.Яғни,аллергенді организмге қайталап енгізгенде дереу дамитын аллергиялық серпіліс дамиды. Анафилаксия осымен сипатталады. Сонымен қатар мұны Рише мен Портьенің тәжірибесі бойыншада дәлелдеуге болады. Осы тәжірибені негізі: иттердің көктамыры ішіне бөтен нәруызды енгізгеннен кейін бірнеше апта өткен соң оны қайталап екінші рет енгізгенде, иттердің қатты әлсіреуі, тынысының тарылуы, құсу және кейбіреулерінің өлімі байқалған.Осы тәжірибе арқылы да дәлелдеуге болады


Тапсырма 2. Науқас С., 49 жаста, сатушы болып жұмыс істеген, келесі шағымдармен ангиохирургке қаралды: кешке қарай аяғының ауырлап, ісінетіндігіне, әсіресе, түнгі уақытта балтыр бұлшық етінің тартылып қалатындығына.
Объективті: аяғының тері асты веналары варикозды кеңіген, балтырының төменгі үшінші бөлігінің түсі көкшіл, пигменттелген әсіресе тобығының ішкі аймағы, терісі құрғақ, жылтыр, тері асты шелмайымен тығыз жабысқан. Тырнақтарының түсі сарғылт, қалың қабықталған. аяқтары салқын, балтырының жоғарғы үшінші бөлігіне дейін ісінген, басқан кезде 40-60 секунд аралығында қалпына келетін шұңқыр пайда болады.


1.Науқаста перифериялық қанайналымының қандай бұзылысы бар? Жауабыңызды негіздеңіз. Перифериялық қанайналымының осы бұзылысының негізгі түрлерін атаңыз. Науқастың қандай түрі бар екенін көрсетіңіз?
Бұл наукаста веналық гиперемия дамыған. Веналық гиперемия дегеніміз-көктамырлармен қанның жүрекке қарай ағып кетуі бұзылудан ағзалар мен тіндерде оның іркілуінен дамитын қан кернеуін айтады. Веналық гиперемия кезіндегі гемодинамикалық бұзылыстар қанағыстың азаюымен, қан толумен және венулалар мен қылтамырлардың керілуімен, олардың санының өсуі және диаметрінің ұлғаюымен сипатталады.Сонымен қатар веналық гиперемияның негізгі үш түрі бар. Олар:
-Обтурациялық;
-Компрециялық;
-Коллатералдық түрлерін ажыратамыз Оның ішінде науқаста обтурациялық гиперемия бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет