Ең алдымен гипоксияның тудыратын себептерді алшақтау қажет. Көптеген ауруларда жоғары қысымды оттегілеу тіндерде оттегі жетіспеушілігінде жақсы нәтиже береді. Бірақ артық оттегі ағзаға уытты әсер көрсетеді. Сондықтан гипоксия кезінде карбогенмен дем алдыру нәтижелі.
Сонымен қатар атмосфералық қысымды төмендететін барокамераларда гипоксияға жаттықтыру арқылы организм төзімділігі көтеріледі.
Тапсырма 2.2,6 жастағы баланы тексеруге алып келген. Бала 10 айға дейін емізуде болған. Содан кейін, отбасында екінші бала туылғаннан соң, жасанды тамақтандыруға көшкен. Біркелкі тамақтанады, тек көмірсулық тағамдарменқоректенеді. Баланың біртіндеп тәбеті төмендеген, физикалық өсуі артта қалған, ісінулер пайда болған. Бала жұқпалы аурулармен жиі ауыра бастаған.
Объективті: бала нәзік, апатиялық, басындағы төбе сүйегінің еңбегі толық жабылмаған, тері жамылғысы қызыл түсті. Перифериялық және периорбиталық ісінулер, асцит, гепатомегалия байқалады.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы нәруыз - 32 г/л (норма 56-75 г/л, альбумин - 30%, глобулин - 70%; альдостерон – 925 пг/мл (норма 25 - 315 пг/мл).
Балада заттек алмасуының қандай бұзылыстары байқалады? Балада туындаған патологиялық процесс қалай аталады және оның қандай түрі дамыған? Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
Балада нәруыз алмасуының бұзылысы дамыған. Ал патологиялық процеске келер болсақ нәруыздық-энергиялық жеткіліксіздік. Бұл балада квашиоркор ауруы дамыған. Өйткені бала 10 айынан бастап жасанды тамақтандыруға көшкен, бала ана сүтімен тамақтанғанда өсуге қажетті амин қышқылдарды анасының сүті арқылы алады. Ал баланы жасанды тамақтандыруға көшкенде тамақта ақуызы аз тамақтар пайдаланғандықтан балада осы ауру болады. Баладағы патологияның осы түрінің этиологиясы мен патогенезі қандай? Осы патологиядағы кері айналып соғу шеңберін сипаттаңыз. Аталған клиникалық-зертханалық симптомдардың даму механизмдерін түсіндіріңіз. Неге бала жиі жұқпалы аурулармен ауырады?
Негізгі даму себебі алмастырылмайтын амин қышқылдардың бала организміне аз түсуі, крахмал және қант мөлшері көп мөлшерде болуы, ағзаға қажетті көптеген витаминдер және басқа да заттардың тапшылығы байқалады. Нәтижесінде балада ауруға қарсы антиоксиданттық барьердің төмендеуі байқалады осының салдарынан бала жұқпалы аурумен ауырғыш болып келеді.
Неліктен осы патология дамыған науқастарда бауырдың майлы инфильтрациясы жиі дамиды? Тағы қандай этиологиялық факторлар бауырдың майлы инфильтрациясының дамуына әкелуі мүмкін? Майлы инфильтрацияның майлы дистрофиядан айырмашылығы неде?
Бауырдың майлы инфильтрациясы негізгі дамуына алып келетін жағдайлар;
Ашығу
Гиподинамия
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
Бауырдағы бос май қышқылдарының мөлшерінің артуы
Алкоголизм
Бұл патология кезінде бауырдың майлы инфильтрациясы бауырдағы липопротеидтер дің синтезі төмендеуінен болады.
Ағзаларға және тіндерге майдың жинақталуы майлы инфильтрация дейді. Ал осы инфильтрацияға ақуыздық компоненттердің бұзылысы қосылса майлық дистрофия дамиды.
Коллоквиум № 1 «Жалпы нозология» бөлімі
Билет № 1а Тапсырма 1. Экспериментке жасы, жынысы мен дене салмағы шамамен бірдей үш ақ зертханалық егеуқұйрықтар алынды.Бірінші егеуқұйрық-интакты (бақылаулық). Екінші егеуқұйрықтың терісінің астына кофеин енгізілді (тәжірибелік-1). Үшінші егеуқұйрықтың терісінің астына натрий тиопенталы енгізілді (тәжірибелік-2). Содан кейін әр егеуқұйрық герметикалық бірдей шыны ыдыстарға отырғызылды. Сосын Камовский аппаратының көмегімен ауа қысымы 170 мм сын.бағ., төмендегенге дейін сорылып алынды. Осыдан кейін жануарлардың мінез-құлқы мен жалпы жай-күйі бақыланды, Интакты және тәжірибелік егеуқұйрықтарда тырысулық тыныстың пайда болу уақыты тіркелді.