Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу принциптері қандай?



бет97/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169
3. Аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу принциптері қандай?



  1. Аллергиялық реакциялардың иммундық кешенінің III-түріне

жатқызамыз. Аллерген болып сіреспеге қарсы сарысу болып табылады. Жоғары сезімталдықтың баяу түріне жатқызылады, өйткені аллергенмен қайта кездескен соң бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамитын аллергиялық серпілістер болады. Науқаста сарысуды қайта енгізгеннен кейін дереу ісіну мен инфильтраттар байқалды. Иммундық кешендік аллергия серпілісі-G1, G3, M класына жататын иммуноглобулиндердің туындауынан болады. Тіндердің бүліністерін шақыратын, иммундық кешендердің түзілуімен сипатталады. Антиденелер аллергенмен биологиялық сұйықтарда байланысады да, аллерген-антидене иммундық кешенін құрайды.

  1. Реакция IgG, сирек - IgM қатысуымен еритін иммундық кешендерге

байланысты. Организмнің иммундық жүйесінде макрофагтар мен Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекеттесулері болып, соңғысының плазмалық жасушаларына айналуынан IgG1, IgG3, IgM түзіледі. Бұл антиденелер аллергенмен биологиялық сұйықтарда байланысады да, аллерген - антидене иммундық кешенін құрады. Егер бұл кешен антигеннің шамалы артықшылығымен болса, онда ол майда тамыр қабырғаларына жабысады. Аллерген – антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап шығады. Оларға:комплемент жүйесінің әсерленуінен оның белсенді құрамбөлшектері С3а, С5а т.б.түзілуі мысал бола алады. Комплементтің С3а құрамбөлшектері қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, С5а құрамбөлшектері нейтрофилдерге және макрофагтарға хемотаксистік әсер етеді. Осыдан нейтрофилдер аллерген - антидене кешенін фагоциттейді және коллагеннен тұратын серпімді талшықтарын ыдырататын, қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылататын лизосомалық ферменттерді, оттегінің бос радикалдарын бөліп шығарады. Бұлар тіндердің ыдырауына, жасуша аралық сүйықта К+ және Са2+ иондарының мөлшері көбеюіне әкеледі. Осыдан тіндердің жүйкелік-еттік қозымдылығы көтеріледі. Протеолиздік ферменттердің әсерленуіне байланысты тіңдердің және тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ісіну пайда болады. Иммундық кешендер (преципитаттар) тромбоциттердің сыртына жабысып, оларды ыдыратады; қан күніне қажетті тромбоциттік, фосфолипидтік фактор 3 босайды, тамыр ішінде қан ұюы болады, тромб құрылады, кейде қан кетулер болады.
Аллергиялық серпілістердің бұл түрі Артюс феноменінде, сарысулық ауру байқалады.
Шварцман феноменін венаішілік жолмен енгізеді. Артюс феноменін тері асты жолмен енгізефді. Шварцман феноменінің Артюс феноменінен айырмашылығы ол бейспецификалық болып табылады. Шварцман феноменінде антидене-антиген реакциясы жоқ, өйткені 24 сағаттың ішінде антидене қалыптаспайды.

  1. Аллергиялық аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну

негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі емге арнайы гипосенсибилизация – вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды. Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады.
Көптеген дәрілердің емдік нәтижесі торша ішіндегі циклді аденозинмонофосфатқа (ЦАМФ) және циклді гуанозинмонофосфатқа (ЦГМФ) әсер етумен жүреді. Торшалардың аллергенге төзімділігін көтеру торша ішіндегі ЦАМФ -тың қорын көбейтумен және ЦГМФ-тың қорын азайтумен жүргізіледі. Аллергоздардың барлық емдеу тәсілдерін үшке бөледі: симптоматикалық емдеу әдістері, патогенетикалық әдістер, спецификалық гипосенсибилизация – вакцинотерапия.
Симптоматикалық емдеуді аурудың қозған кезінде тағайындайды. Аллергиялық қабынудың патофизиологиялық (клиникасы) көріністеріне бағытталады.
Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы жүйке және эндокрин жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады.
Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін.


Коллоквиум № 3 «Заттек алмасуының типтік бұзылыстары» бөлімі


Билет № 6
Тапсырма 1. Зардап шегуші К., 42 жаста, альпинизммен айналысады, тауға шығу кезінде жабдықтарын түсіріп алған, бірақ ары қарай биікке шығуын жалғастыруға шешім қабылдады. 5800 м биіктікке жағдайының күрт нашарлауынан ары қарай көтерілуін тоқтатқан, алайда жерге төмен түсе де алмаған.
Зертханалық зерттеулер деректері:
РаO2 = 58 мм сын.бағ.
SaO2 = 61%
PvO2 = 29 мм сын.бағ.
SvO2 = 38%
ҚОС = 22,5көл%
Hb = 185 г/л
pH = 7,52
SB = 20,9 ммоль/л
АВ = 13,6 ммоль/л
BE = -1,2 ммоль/л





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет